Сыныптан тыс шара: Дарабоз

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дарабоз»

( Өнер апталығындағы сыныптан тыс кеш)

Мақсаты: Еңбеккке баулу арқылы оқушылардың білімін шыңдау, ептілік, икемділік, шеберлік қабілеттерін арттыру.

Кіріспе. Қош келдіңіздер қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды, өскелең ұрпақ сендерге жаңа міндет жүктеп отыр. Жаңа ғасыр талабына сай болу үшін салт - дәстүрімізді үйреніп, тарихымызды оқып, әдетін, мәдениетіні өнерін білу қажет.

Ендеше, бүгін, біліміне қоса өнерін ортаға салып, паш етер, өнер сүйер дарабоздарымызды қошеметтеп, қарсы алайық!

Суретшілер, мүсіншілер, сәнгерлер, аспаздар, сызушылар.

Бүгінгі кешімізде оқушылар, технология,бейнелеу, сызу пәндерінен алған білімдерін көрсетіп, ең өнерлі қыз бала мен ер бала « Дарабоз» атағына ие болады.Кешіміз төрт кезеңнен тұрады:

  1. Көрермендерге жұмбақ жасыру

  2. Мақал - мәтелдер айту

  3. Сұрақ - жауап

  4. Шығармашылық жұмысты қорғау.

Кешімізді бастамас бұрын, әділдікті сүйетін, әділ баға беретін әділқазылармен таныстырып қояйық:

  • Технология пәнінің мұғалімі: Габдушева Ұлпан Қабдоллақызы

  • Көркем безендіруші: Сисенова Әсемгүл

  • Бейнелеу, сызу пәндерінің мұғалімі: Кабиев Нұрболат Ұзақбайұлы.

Қазір өнерлі балаларымыз өз шығармашылық тапсырмаларын орындайды, әділқазылар балалардың жұмысын бақылай отыра, білімі мен өнеріне қарай кеш соңында баға береді.

ән « Той шашу»

( Егінберлі Гүлбағида)

Көрермендерге жұмбақ



Бар екен бір дүние жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап - жалаңаш өзі безді. (ине)

Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды,

Ішіндегін аман есен -сақтайды (сандық)

Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан ( қасық)

Екі семсер айқасқан,

Оқта текте шайқасқан ( қайшы)

Тілі бар үні жоқ, өзін адам түсінген,

Жүрегі бар қаны жоқ, сөйлеп тұрған ішінен ( кітап)

Бір итім қабаған,

Аузына темір жалаған. (әбдіре, кебеже)

Тиіп кетсе жылаған

Дауысы көпке ұнаған ( домбыра)

Келесі кезеңде көрермендерден мақал - мәтелдер айтулары сұралады.



Жалғасын тап.

Өнерлінің он саусағы тең.........

(Өнерсіздің бір саусағы кем)

Еңбегіне қарай құрмет

( Жасына қарай ізет )

Асыл қайшы пішуге сән

( күміс қасық ішуге сән)

Еңбексіз өмір жоқ

(Ауырсыз жеңіл жоқ)

Жаңбырменен жер көгерер

(Еңбекпенен ел көгерер)





Ұстазынан үлгі алған ұста болар,

Ұстаз сөзі шәкіртіне нұсқа болар.

Асыл сөзін ұғынып алған шікірт

Екі еткізбей, есіне ұстап алар - деп оқушылардың пәндер бойынша алып жатқан білімдерін тексеріп көрейік.

Мүсіншілерге:

1. Қазақстаннан шыққан тұңғыш профессионал мүсінші?

(Наурызбаев)

2. Тастан, кірпіштен, ағаштан сәнін келтіріп суретті сарайлар салу қалай аталады? Сәулет өнері, мүсін дегеніміз не? ( Скульптура)

3. Автогравюра дегеніміз не?

( Гравюра, ағаш,линолеум немесе металдың бетіне автордың өзі орындаған әдісі)

Суретшілерге:

  1. Бюст дегеніміз не? ( кеуделік мүсін)

  2. Қазақстаннан тұңғыш шыққан профессионол суретші.

(Ә. Қастеев)

3. Автопортрет дегеніміз не?

(Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі)

4.Натюрморт дегеніміз не?

(Пішіндері әр түрлі нәрселердің жиынтығы)



Сызушыларға:

  1. « Формат» француз сөзі қазақ тілінде қандай мағынаны береді?

( сыртқы өлшем)

  1. «Сопақша» деген сөздің басқаша атауы?

( обал)

3.Аксонометрия қай тілден аударылған?

(Грек)

Сәнгерлерге:

  1. Силуэттің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Стильдің түрлерін атаңдар?

  3. Ою - өрнектер неден алынады?

  4. Қандай ұлттық бас киімдерді білесіңдер?

  5. Қапсырма дегеніміз не?

  6. Киімдерге аксесуарлар қалай таңдалады?

  7. Киім қалай таңдалады?

  8. Киімді кім сәндейді?

  9. Адам денесінен өлшем қалай алынады?

Аспазшыларға

1.Тағамдар дайындалу әдісі бойынша қалай бөлінеді?

2. Өкпе ауруына ем ретінде қолданылатын өнім?

3. Бауырсаққа ұқсас ою түрі?

4. Бутерброд: түрлерін атаңдар?

5. Тағамдар ұсынылуына қарай қалай бөлінеді?

6. Сәбіздің адам ағзасына пайдасы не?

Сыныптан тыс шара: Дарабоз







Сыныптан тыс шара: Дарабоз



© 2010-2022