Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есенбекова Ақылай Бақтыгереевна

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің технология пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

Пәні: Технология 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет. Сауда саласындағы мамандықтар.

Сабақтың мақсаты:

а) Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп

саласындағы мамандықтар туралы оқушыларға мәлімет беру.

ә) Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығын

таңдауда қателеспей өтуге бағыттау.

б) Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

арттыру, елімізге өз үлесін қоса білетін маман иесі болуға

тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, видео роликтер.

Күтілетін нәтиже: Өз бетінше жұмыс істеу тәсілдерін үйрету

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.

Тренинг арқылы топтарға бөлу. Карточкада мамандықтар түрлері жазулы, сол мамандық бойынша жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі бойынша 2 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Америкалық психолог Д.Холланд кәсіби ортаны неше типке бөлді?

  2. Реалистік типке қандай адамдар жатады?

  3. Зертеушілік типке қандай адамдар жатады?

  4. Артистік тип қандай?

  5. Әлеуметтік типтегі адамдар қандай?

  6. Кәсіпкерлік типтегі адамдар қандай?

  7. Кеңселік типетегі адамдар қандай?

  8. Кеңес үкіметінің психологы Е.Климов кәсіби ортаны неше типке бөлді?

  9. Адам-табиғат типіндегі адамдар.

  10. Адам-техника типіндегі адамдарға мәлімет бер.

  11. Адам - белгілі-жүйе.

  12. Адам - өнер.

  13. Адам - адам.

III Негізгі бөлім. Ой қозғау.

Топтық жұмыс. Оқушылар кітаппен жұмыс жасап, берілген сұрақтарға жауап береді. Бірінші топ тамақ өнеркәсібі, екінші топ жеңіл өнеркәсіп.

Постермен жұмыс. Сауда саласындағы мамандықтар.

І топқа сұрақ - Сатушы кеңесші, сатушы, сауда өкілі.

ІІ топқа сұрақ - Мерчендайзер, сауда агенті, көтерме сауда менеджері.

Y Қорытынды сұрақтар.

  1. Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтар түрлерін атаңдар.(кондитер, инженер-технолог,технолог және т.б)

  2. Тамақ өнеркәсібі технологының бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? (Ол жан-жақты, білімді,өз ісінің шебері болу керек және мықты химикте болу керек.)

  3. Технолог неге жауап береді? (Технолог өндірістегі жалғасып жатқан операциялар тізбегіне жауап береді.)

  4. Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады? (тігін,тоқыма,трикотаж, аяқ киім өндірісі, былғары галантерея бұйымдары салалары және тоқымашы, иіруші, конструктор-модельер, суретші-модельер, пішуші, тігінші мамандықтары да жатады.

  5. Жеңіл өнеркәсіп қандай өнімдер өндіреді? (Трикотаж киімдер, аяқ киім, киім, галантереялық бұйымдар өндіреді.)

  6. Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің? (суретші-модельер, конструктор-модельер, пішуші, тігінші, тоқымашы.)

Оқушыларды бағалау.

YI Үйге тапсырма:

Видео ролик көрсетіледі. Жеке кәсіпкер туралы жеңіл өнеркәсіп саласынан. Осы роликті көрсеткеннен кейін үйден өз ойларын эссе түрінде жазып келеді.

&42, 43 146 бет оқу.

VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.

Топтың өзін-өзі бағалау парағы

Аты-жөні

1 балл +,-

2 балл +,-

3 балл +,-

4 балл +,-

5 балл +,-

Үй тапсырмасына дайындығы


Мәтінді оқып талқылауы


Постермен жұмыс және қорғау








© 2010-2022