Технология пәнінен сабақ жоспары

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып мерзімі

Сабақтың тақырыбы: . Қазақтың ұлттық киімдері
Сабақтың мақсаты: Ұлттық киімдермен, түрлерімен таныстыру, киімге қойылатын талаптармен таныстыру.

Дамытушылық: қазақтың ұлттық киімін дайындаудың ерекшеліктерін ашып көрсету. :

Тәрбиелілік: Зейінділікке, жұмыс атқару кезінде жауапкершілікке, мұқияттылыққа, дәлдікке, сенімділікке, жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кестелер, сыр сандық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. "Сыр сандық" сұрақтарына жауап беру.
а) Қандай киім түрлерін білесіңдер?
ә) Белдік бұйымдар дегеніміз не?
б) Белдік бұйымдарға қажетті негізгі өлшем?
в) Белдік бұйымдарды ата?
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Дәптермен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ.

20 ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі бар.Ол қазақтың ешқашан ешқашан жалаңбас жүрмеуі.Қазақта әйел болсын,еркек болсын бас киіммен жүрген.Тіпті балаларға дейінтақия кигізіп,үкілеп қоятын болған.

Жалаң бас жүрмеудің эстетикалық,экологиялық негіздері бар.Қысы үскірік аяз,жазы аптап ыстық қазақ даласында денсаулық сақтаудың өзіндік шарттары бар: қыста суық.жазда күн өткізбейтін киімдер керек болған.Осы киімдер ғана қазақты күн қтуден,аязға ұрынудан сақтап келді.Оның үстіне ұлттың эстетикалық нормаларында бас киімге өзіндік орын берілген. Қазақ халқы бас киімге де өзінің ежелгі материалдарын пайдаланған.Оған түрлі мал мен аң терісін,пайдалану үрдісі үзілместен,осы күнге дейін жетті.

Бас киімге қарап, сол кездегі адамдардың қоғамдағы орнын таныған.Адамның қоғамдағы рөліне қарай оның бас киімі қымбат теріден немесе маталардан тігілген.

Бөрік туралы түсінік.

Ұлттық бас киім ішіндегі ең әдемісі саналған бөріктің еркектерге арналған түрлері кездеседі.Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын,көктем мен күзде киген.Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы,әрә жеңіл.

Қыздар тақиясы туралы түсінік.

Егер ер адамдардың тақиясы күнделікті тұрмыстағы маталардан тігілетін ьолса,қыздар киетін тақияға міндетті түрде қымбат маталар қолданылады.Оның үстіне тақия түсі сырт киімге - бешпентке немесе камзолға сәйкес келу керек.

Қыздар тақиясының жоғарғы жағы дөңгелек немесе төрт қырлы пирамида түрінде болып келеді.Төбесіне міндетті түрде үкінің немесе тотының қауырсыны тағылады.

Сәукеле

Сәукеле- қазақ әйелдері бас киімінің арасындағы ең көріктісі және ең ежелгілерінің бірі.Ол қалыңдық киімінің ішіндегі салтанаттысы болып табылады.

Сәукеле екі бөліктен тұрады.басқа киетін бөлігі астар салынып,сырылған,конус тәрізді,кейде оған желкелік тігіледі.Жоғарғы жағына сәукеле орнатылады.Сырты қамқа,дүрия,торғын сияқты асыл маталармен қапталады.

Сәукеленің басты бөлігі жеңіл матадан жасалған желек.
Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады.
Камзол
Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі - камзолға тоқталайық. Камзол жеңді, жеңсіз, жеңі иықтан сәл түсіңкі түрінде тігіледі. Камзолдың материалы - көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі. Әйелдердің жасына қарай камзолдың түсі өзгеріп отырады. Қыздар көбіне алқызыл түсті, орта және үлкен жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті камзолдар киеді. Камзолға жаға салынбаған. Камзолдың өңіріне, етегіне ою - өрнек жүргізілген. Жылтыр матадан немесе сәнді жіптермен әр түрлі оюлар жасаған. Камзолға түйме салынбаған, оның орнына ұсталар соққан қарсы ілгектер тағылған.
IV. Өзіндік жұмыс.
Камзолды қағаздан қиып, ою - өрнек жапсыру.
Құралдар: ақ қағаз, түсті қағаз, желім, қайшы, шаблон.
Жұмыстың орындалу реті:
а) Қағаздан камзолдың үлгісін бастырып қиып алу.
ә) Ою - өрнек қиып жапсыру.
в) Жұмыс орнын жинастыру.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Қандай қазақтың ұлттық киімдерін білесіңдер?
Камзол қандай маталардан тігіледі?
VІ. Қорытынды

Оқушыларды бағалау


VIІ. Үйге тапсырма. Қазақтың ұлттық киімдері.

© 2010-2022