Тоқыма матаны алу техналогиясы

Тоқыма өндірісі   Мата -  жіптер жүйесін өзара көлденең - тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, немесе негіз дейді.  Матаға көлденен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау дейді. Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі. Негізді тоқыма өндірісінде дайындау үшін мынадай операциялар жүргізіледі: Жіпті қайта түсіру (орау), арқау шыбыққа орау, шлихта жасау, ремизбен бердоға теру.          Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

М Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университеті






Көркем қолданбалы өнер және

кәсіби білім беру кафедрасы.



Реферат




Тақырыбы:

«Тоқыма матаны алу техналогиясы»




Орындаған: 30101090 топ студенті

З.Д. Бакитова

Тексерген: Искалиева Ш.С







Орал -2010




ЖОСПАР

1 Тоқыма өндірісі

а. Тоқма өндірісінің ақауы.

2. Маталардың өңдеу техналогиясы

а. Мақта маталарын өңдеу

а. Зығыр маталарды өңдеу

г. Жүн маталарды өңдеу

3. Маталарды маркілеу және буып - түю









Тоқыма өндірісі

Мата - жіптер жүйесін өзара көлденең - тік айқастырудан туған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, немесе негіз дейді. Матаға көлденен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау дейді. Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.

Негізді тоқыма өндірісінде дайындау үшін мынадай операциялар жүргізіледі: Жіпті қайта түсіру (орау), арқау шыбыққа орау, шлихта жасау, ремизбен бердоға теру.

Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетіп, үзындығын арттыру үшін жасалады.

Сновка - иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқау шыбық білтікке немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да, олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп бір-біріне қатарласа оралады. Бұдан негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге тоғыз мыңға дейін оданда көп қатарланған жіптер кетеді.

Шлихталау - яғни негізге желім жүргізу - негіз жібінің мықтылыған иілгіштігін тегістігін арттыру үшін негізді белгілі бір құраммен сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қаты керіледі, ремизге, бердоға және өзі де өзіне үйкеледі.

Шлихтаның ұн, крахмел, глицерин, т.б кіреді. Қазіргі кезде шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натри селекозы сияқты химиялық заттармен алмастырылады.

Негізді ремизбен бердоға теру қолымен жүргізіледі.

Ремизка дегеніміз екі таяқша, ортасында негіздің жіптерін өткізетін тесіктері бар галевтер орналасқан.

Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма өрнегіне байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан соң бердоға өтеді.

Бердо - екі жағы түйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ. Сонымен қатар негіздің әр жібі ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады.

Арқауды дайындау - иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық ағашшпульге түсіру.

Тоқма өндірісінің ақауы.

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизімдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеліп соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.

Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:

Жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

Өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

Негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған;

Сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде , негізбен айқаспаған;

Кем тоқылған - арқау жағынан сирек жерлер;

Жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер;

Бір қалыпты ұрылмаған - недосека мен забойнаның алмасуы;

Қоспарлы жұп - негізі екі жіп бір жіптей айқасқан;

Арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа жуан жерлер, ол - арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда болады;

Арқаулық ілмектер, ілмек - ширатылмалар - арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;

Жіптің түйіні арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;

Жыртығы, ойығы, тігіндісі - тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсін болған көлемі арқалай тесіктер;

Былғану мен май дақтары - матаға немқұрайлы қарағандақтан және тоқыма станоғын шылқылдата майлағандықтан болады;

Түрлі арқау - ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқа орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;

Тоқыма өрнегінің ауытқуы - суреттің кейбір жерлерде тағайындаған суретке сәйкес келмеуі.

Маталардың өңдеу техналогиясы

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп ) дайын мата алу үшін жүргізілетін физико - химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды.

Матаның өңдедің мақсаты олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру.Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді. Мысалы өсімдік талшықтарынан жасалған маталарға өңдеу жүргізгенде қышқыл қолдану керек болса ерітінді концнтрациясы мен өңдеу уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе бүлініп кетуі мүмкін.

Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық желеге байланыты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардың қайталануыда мүмкін. Мысалы, кейбір қалың барқыт түкті драп артикулдерін алу үшін түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанылады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін қайнату мен ағарту кезекпен төрт рет қайталанылады.

Мақта маталарын өңдеу

Өңдеу өндірісіне түскен өңделмеген мақта маталары жарамдылығына қарай бөлініп тазалығына және ақау санына қарай ағартуға бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.

Өндірістің жоспарына сәкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикулдегі маталарды бірнеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.

Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) саладыда өңдеудің барлық операциясын өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.

Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу).

Отпен шарпу - іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және ыспа сурет салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәкемен түкті маталардан басқаларының барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналармен науалы шарпығыш агрегаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарды мата газ жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы өтеді. Науалы шарпығыш агрегаттарда талшықтардың қатты қыздырылған металл науаның бетіне жанасады да күйіп кетеді.

Шлихтамен кетіру - шлихталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4 - 24 сағат су құйылған жәшікте ұстап, дымқылдап, артынан шаяды.

Жібіту процесін жеделдету үшін крахмалды ашуына жағдай туғызытын күкірт қышқылы, ащы натрий, натрий гетохлориды және бактерия тектес басқа да препараттарды (биолас т.б) суға қосады. Ашу процесінде крахмал қантты затқа айналады, ал бұрап жуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді.

Қайнатып - пісіру целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және менералды заттардан), және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен маталарды сілті ертіндісімен өңдеу.

Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий селикаты және т.б қосылған күйдіргіш натрий ерітіндісі пайдаланылады.

Маталарды қысыммен 4 - 8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру қазандарында, немесе 98-100 C температурада бір - екі сағат уақыттай үздіксіз әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық, содан соң суық сумен шаяды.

Қайнату нәтежесінде матаның массасы 4 - 8 % кемиді. Қайнап піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және бояу ертінділерінде жақсы жібиді әрі ағарыды.

Ағарту - мата үнемі аппақ шаңқаң болып тұру үшін тотықтырғыш ертіндімен жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи бояғыш пигментер тотығады. Ағарту үшін натрий гипохлоритін, сутегі пероксиді тотығын, натрий хлоритін, асқын оксиді сірке қышқылын қолдынады. Ағартуды ескі химиялық әдіспен жүргізугеде болады, бұл жағдайда мата үздіксіз ұзақ уақыт жатады.

Мерсерлеу - керілген матаны 16 - 20 С күйдіргіш натрийдың концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен шаю. Марсерлеу матаның мықтылығын 20 % көтереді, оған жылтыр, жібек сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін жақсартады.

Түктеу - мата жұмсақ үлпілдек және жылу сақтағаш болу үшін оның бетіне түк салу. Матаға түктеу - білтелерін инелі лентамен қаптаған түк салғыш машиналарды жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл инелері арқау жіпптен талшықтарды суырып шығрады соның нәтежесінде матаның бетінде түк пайда болады. Бәйке, фланель, помази мақтадан тоқылған шұға, шибарқыт және т.б қысқы киімге арналған маталарға түк салынады.

Түк салғанда туатын ақаулар : матаның босауы, нашар таралу.

Бояу - матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышға қолдану.

Бояғыштар табиғи көбіне өсімдік текті және сентетикалық болуы мүмкін. Маталарды бояу үшін, негізінен тас көмірден алынатын сентетикалық бояғыштар қолданылады. Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады.

Бояғыштың түсі, ашықтығы, күнге, терге, ылғалға жууға және үйкеліске төзімділігі бояғыштардың химиялық құрамымен молекулаларының құрылымына байланысты. Матаны бояудан бұрын бояғышты суға ерітеді. Бояу процесінің сатылары мынадай: судағы бояғыштың матаның бетіне сіңуі; бояғыштың талшыққа өтуі; бояғыштың талшыққа бекуі. Бояудың кейбір әдістерінде бояғыш зат тікелей талшықта пайда болады.

Бояу үшін - жазылып керілген немесе бұралған мата бояғыш ерітіндісі арқылы өтуге тиіс. Үздіксіз істейтін бояғыш аппараттар кең қолданылды.

Пигментер - суда ерімейтін органикалық бояғыштармен минералды заттар. Бояу процесі арнайы байланыстырушы синтетикалық шайырдың көмегімен мата талшықтарын пигменттерімен қосу арқылы жүргізіледі. 100 С температурада шайыр ерімейтін күйге ауысады да пигменттерді мата бетінде мықтап ұстап қалады.

Толық боялмау - мата ақшыл, бояу матаға толық өтпеген. Ақау матаны бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояу режимінің бұзылуынан сонымен бірге пальтолық қалың матаны қайта бояғанда болады. Толық боялмаған мата киімнің сырт көрінісін бұзады.

Әртүстілік - бояудың біртіндеп ашық түстен қоңыр түске қарай ауысуы. Әртүрлілік матаның бір бөлігінде немесе бүкіл бір партиясында болуы мүмкін әртүстілік әсіресе, тігін бұйымдарында айқын байқалады.

Кертпештер - дұрыс жайылмаған (жазылмаған) матаны бояғында пайда болатын ашықтау жолақтар. Бұйымның көрініп тұратын жерлеріне таңбалар жібірілмейді.

Кіршендік - бояғаннан соң матаны дұрыстап шаймағандықтан матаның бояуының үйкеліске шыдамсыз болуы. Бұл ақау матаның сортын анықтағанда ескеріледі.

Қола түсті бояу кезінде күкіртті натрдың жетіспеу салдарынан немесе бояғыштың өте көптігінен болады. Бұл ақауды түзету үшін матаны қайта бояйды.

Зығыр маталарды өңдеу

Зығыр маталарды өңдеу операцияларын жүргізу жүйесі және олардың мағынасы мақта маталардікіндей. Бірақ зығыр маталарды өңдеудің өзіндік ерекшелікткрі бар. Мысалы, мақта матаға қарағанада зығыр матаның табиғи бояуы көрнекілеу, қоспалары басымдау болғындықтан оларды қайнатып пісіру, ағарту бірнеше - рет қайталануы мүмкін.

Зығыр маталарды өңдеудің негізгі операциялыры: кузеу және отпен шарпу, шлихтовкасын кетіру, қайнату, ағарту, бояу немесе сурет басу, аппреттеу, кету, жылтырату.

Өңдеу сипатына қарай зығыр маталар, көбіне - өңделмеген, аз өңделген, ағартылған және аз мөлшерде боялған немесе суретті болып шығарылады.

Қайнатып пісіру жіне ағарту процесінде мата желімдік заттардан тазарып, 30% дейін массасы кемиді, тығыздығы азаяды. Сондықтан матаны немесе иірілген жіпті қайнатып ағартады.

Жүн маталарды өңдеу

Жүн маталары тарақтық (мауыты) және шұғалық болып бөлінеді. Тарақтық маталар жұқа, жеңіл тоқылған өрнегі бетінде анық көрініп тұрады. Шұғалық маталар тарақтық матаға қарағанда ауыр әрі қалаң. Шұғалық матаның бетінде киіз тектес қабаты, түгі немесе ерекше мамығы болады. Тарақтық және шұғалық маталырдың өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Кейбір операциялар екуінеде ортақ болады.

Жүн матаның тобын (партиясын) өңделгенге дейінгі сапасына және өндіріс жоспарына қарай таңдап алады. Жеңіл көйлектік және кастюмдік маталарды 10 - 12 бөлектен біріктіріп тігеді.

Термобекіткіш - синтетикалық талшықтыры (капрон, лавсан, нитрон) бар маталардың құрылымын бекітіп және матының тиянақты абшуы үшін жасалатын өңдеу жұмысы. Термобекіткіш процесінде мата 110 -190 С дейін қыздырылған бетпен жылжып өтеді. Синтетикалық талшықтар отырады, матаның құрылымы сақталып мөлшері тиянақты болады.

Шаю - майды, шлихтаның қалдығын, кірін кетіру мақсатымен барлық жүн маталарға жасалатын өңдеу жұмысы.

Илеп - басу барлық шұғалық және кейбір тарақтақ маталарға жүргізіледі. Илеп - басу жүргізердің алдында матаның әр бөлігін қабаттайды дәл жиегі бойымен көктейді. Содан соң шеттерін біріктіріп үзіліссіз полотно жасайды.

Дымқылдап жұмсарту - матаны отырғызу үшін бумен және ыстық сумен өңдеу. Жазылған матаны (4-6 бөлігін ) ваннаның ортасында орналасқан іші қуыс тесік цилиндірге (жұмсартқыш ) орайды. 5 -10 минут уақыттай мата арқылы цилиндірден бу жібереді; содан соң 20- 30 минут ваннадан ыстық су, 10 минутан суық су айдайды. Дымқылдап жұмсарту матаның құрылымын бекітеді және серпінділігін артырады.

Маталарды маркілеу және буып - түю

Матаның құрылымымен оған қойылытын талапқа қарай таза жібек маталар әртүрлі өңдеу операцияларынан өтеді.

Өңдеудің негізгі операциялары отпен шарпу, қайнатып пісіру, ағарту, бояу, сурет басу, аппреттеу, керу және кептіру, каландрлау.

Өңдеу алдында сапасы бойынша қабылданған құрылымы және салмағы жағынан бірдей 6 -10 бөлік мата ұзындығы бойынша біріне - бірі жалғасып тігіледі. Үзілісіз ұзын лентаға айналады.

Бояу - тікелей, кубтік, белсенді бояғыштармен жүргізіледі.

Таза жібек маталарға басып өрнек салу тор көзді үлгілерді пайдаланып арнайы машиналарды жүргізіледі. Торкөзді үлгі дегеніміз жібек капрон немесе мыс тор керілген рамка. Тордың кейбір жерлері бояғыш жібермес үшін пленкамен жайылған. Өрнек үлгіге фото суретке түсіргенде салынады, сондықтан бұл әдіс фотофильмпечать деп аталады.

Құлпыртуды таза жібек мата ағартқаннан, боялғаннан және өрнек салғаннан кейін өтеді. Бұл 30 - 35 С температурада 15 - 30 минут сірке қышқылымен өңдеу.

Таза жібек маталарын ақырғы өңдеу олардың құрылымына

байланысты.

Түгін көтеру үшін түкті маталарды қағатын машина арқылы өткізеді. Содан соң түктердің ұзындығы бірдей болу үшін күзеу машинасында күзейді, матаның астына аппрет жүргізедіде инелі кептіргіш - керу машинасында өңдейді.













Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Тігін өндірісінің материалтануы» Е.П.Мальцева Алматы «Ана тілі» 1992

2.«Матероловидение швейного производства» А.П.Жихарев

© 2010-2022