Урок по технологии на тему: Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрама-шегемен құрастырып бекіту

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бөлшектерін шегемен,

бұрама-шегемен құрастырып бекіту

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.

Оқушыларға ағаш бөлшектерін шеге, бұрама шеге арқылы құрастырып

Бекіту тәсілдерін меңгерту , алған білімдерін сарамандық жұмыстар

арқылы бекіту.

2.Дамытушылық.

Шеберліктерін , кәсіптік бейімділігін, еңбек іскерлігін дамыту.

Сарамандық жұмысты дербес атқара білуге бейімдеу.

3.Тәрбиелік.

Еңбек адамдарын құрметтеуге, мектебіне қажетті бұйымдар жасауға,

Жалпыға пайдалы іс үшін еңбек етуге тәрбиелеу .

Пәнаралық байланыс: геометрия,сызу, жаратылыстану.

Көрнекі құралдар: технология оқулығы,плакат -суреттер,дайын бұйымдар тех-қ карталар ,техн.қауіпсіздік ережелері.

Құрал-жабдықтар: ағаш материалы,ағаш өңдейтін жұмыс үстелі,өлшеуіш құралдар,балға ара, шеге түрлері,егеу.

Сабақ түрі: аралас ,сарамандық.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .

А)Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

Б)Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

2.Үй тапырмасын тексеру.

Тест-карталарын тараттыру.

3. Жаңа сабақ.

А)Сабақтың тақырыбын ,мақсатын баяндау .

Б)Ағаш бөлшектерін шегемен құрастырып -бекіту жөнінде баяндау:

В)шеге түрлерімен таныстыру .

Г)шеге диаметрі және ұзындығы туралы мәлімет беру .

Д)шегелерді қағу әдістері туралы айтып,түсіндіру.

З)техн.қауіпсіздік ережесін айту .

И)Конспектілеу.

4.Сарамандық жұмыс.

Тобық буындарын шынықтыратын тербетпелі орындық жасау.

1.Кіріспе нұсқау.

А)сарамандық киімдерін тексеру.

Б)сыныптарды топтарға бөлу ,топ жетекшілерін сайлау.

В)кезекшілерге ,қажетті материал мен құрал жабдық ,тех-қ карталарын тараттыру.

Г)жұмыс барысымен таныстырып ,түсіндіру.

Д)ішкі тәртіп пен техн.қауіпсіздік ережелердің сақталуын ескерту.

2.Өздік жұмыс.

3.Жұмыс кезіндегі аралым.

А)топтарды аралап,жұмыстың жоспар бойынша орындалуын қадағалау.

Б)құрал-саймандардың ,материалдың орынды жұмсалуын қадағалау.

В)техн.қауіпсіздік ережелердің сақталуын қадағалап ,қателері болса түсіндіріп ,көмектесу.

5.Қорытынды.

1.Әр топтың жұмыс нәтижесін қабылдау.

2.Жіберілген қателеріне сараптама жүргізу.

3.Сұрақтар қою.

4.Белсенді топты ,оқушыларды атап өту ,үздік бұйымды демонстрациялау.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма: конспектіні оқып ,білу.Техн.қауіпсіздік ережелерін оқып, есте сақтау.

7.Жұмыс орындарын жинау.

© 2010-2022