Технология сабағы Ағаштан жасалатын бұйымдар

Техникалық қауіпсіздікті сақтау.Мектеп мүлкіне тиянақты қарау, тазалақты және тәртіпті сақтау.Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу (өзі немесе ата-ана көмегімен)Ұстаздардың берген тапсырмасын орындауОқушы құрбыларын сыйлау, ұстаздармен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті.Мектепке оқу құралдардан басқа артық заттар әкелуге тыйым салынады (ішімдік, темекі және зиянды заттар т.б.)Мектепте немесе мектеп маңында темекі тартуға болмайды.Күштеу, бопсалау...
Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күбі жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды күбінің түрімен,жасалу жолдарымен таныстыру қандай ағаш түрлерінен жасалатының айту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: күбінің жасалу жолы мен оның қолданылатын орны жайлы ақпарат беру,ұлттық бұйым түрі екенінайту.
2.Дамытушылық: оқушылардың ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
3.Тәрбиелік: оқушылардың жұмыс істеу ептілігін қалыптастыру,еңбек мәдениетіне баулу.
Көрнекіліктер: Күбі,мақал-мәтелдер,слайд.
Сабақ түрі: еңбекке баулу,Әдебиеттік оқу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,жасау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезені: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ:
Оқушыларға сұрақ қойылады:
Күбі дегеніміз не? Күбіні қай кезде қолданады?
Күбі - май шайқайтын, көже,ашымал ашытатын,саба орнына қолданылатың қымыз,шұбат пісетін ыдыс.
Күбінің жасалу технологиясы қиын болғандықтан сирек кездеседі.Күбінің ауыз жағы тарлау келеді де,дөңгелек қақпағының ортасына піспек өткізілетін тесік жасалады.Қымызға арналған күбілер әдетте аласалау,кеңдеу болады.Кейбір күбінің сыртына ою өрнек салынады.

Жасалу жолы: Күбіні,піспекті жасауға- қайың,емен,арша,талдан дайындалған жұқа тақтайшалардан құрап жасайды.Жеке тақтайшалардан құрап жасаған күбіге түп салынады,сыртынан темір құрсаулармен тартады.Күбіде төрт құрсау болады.
Күбінің келесі түрі-ағаш діңінің ортасын тұтас ойып жасалған күбі.Мұндай күбі жасалу техналогиясының қиындығына байланысты өте сирек кездеседі.Оның іші тегіс болу үшін күйдіріледі.Күбінің сыйымдығы әртүрлі болады.Шаң-тозаң түспес үшін, дөнгелек қақпақ жасалады.Піспек сабы шығып тұратын тесік қалдырады.
Қажетті заттар: ермексаз, босаған құрғақ желім құтысы, төсеніш қатырмақағаз,таза шүберек,т,б
Сабақты қорыту: Күбіні жасау үшін қандай ағаш түрлерін пайдаланған?
Күбіде неше құрсау болады? Бұрынғы заманда неге ата бабаларымыз күбіні ыдыс ретінде ұстаған?
Сабақты бекіту: Топтастыру
Қымыз, шұбат ашытады Май шайқайды
Күбі
Сусын ұзақ сақталады Көже,ашымал ашытады
Бағалау: Оқушылардың істеген жұмыстарын қарап,тексеріп бағала у.
Үйге тапсырма: Күбіде айранды,сүтті,іркітті қалай пісетінін үлкендерден сұрастырып көр? Піспекті үйде жасап келу

Технология сабағы Ағаштан жасалатын бұйымдар

Технология сабағы Ағаштан жасалатын бұйымдар

© 2010-2022