Ашық сабақ Аққу құрағы

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Аққу құрағы»

Мақсаты: құрақтың шығуы тарихын, құрақ құрау технологиясын меңгерту.Құрақ көздерін біріктірудің әдіс-тәсілдерін жасауға және жоспарлауға үйрету.Алған білімдерін практикамен ұштастыру;

Дамытушылық : теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылыпен дамыту, оқушының шеберлігі мен ой-өрісін дамытуға тәрбиелеу, матаны таңдау, геометриялық фигуралардан әртүрлі эскиз жасау дағдыларын нығайту;

Тәрбиелік:қазақ халқының өнерін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрай білу арқылы қабілеттілік, шеберлікке, икемділік, іскерлік, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақө жауап, зерттеу, қайталау.

Пән аралық байланыс: бейнелеу, геометрия, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: топтамалар, кестелер, технологиялық карта, мақал - мәтелдер, тест сұрақтары.

Сабақтың құрал-жабдықтары: құрақ түрлері, қайшы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті қағаз, бор, мата түрлері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Кестені толтыру


Қазақтың ою-өрнек аттары?

Қошқар мүйіз, тұмарша, ботакөз т.б

Ою-өрнектердің қанша түрі бар?

200 түрі бар

Текемет туралы не білесің?

Текемет жүннен оюлап жасалады

Оюға байланысты екі сын есім жаз?

Қызыл ою, жасыл ою

Кесте түрлерін атап бер?

Шым кесте, айқас кесте, тартпа кесте


Жаңа сабаққа кіріспе

- Бүгінгі тақырыбымыз «Аққу құрағы болғандықтан сендерге аққу құсы жайлы айтып берейін.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды.Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген.Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді.Қысқа сирағы денесінің артқы жағында орналасқан.Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті.Салмағы 5-10 кг ,ең ірісі 13 кг - ға жетеді.Қанатының ұзындығы 150-180 см.Аққу жұп құрып тіршілік етеді.Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік жағалауында- Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысын ұялайды.Олар- ерекше сезгіш және сақ құс.Аққулар -табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.С.Сейфуллиннің «Аққуды, айырылысуы», М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Н.Тілендиевтің «Аққу күйі», Б.Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді.Сән әлемінде ерекше бағаланып, аққудың қауырсыны әсемдік, сәндік үшін пайдаланылады.

Жаңа сабақ.Ұлының, ұлағатты сөздері:

«Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім» Ә.Қастеев.

«Өнер дегеніміз- адамбойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» Л.Толстой.

«Ою-өрнек , құрақ құрау- қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» Б.Момышұлы.

Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі.Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркем, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады.Құрақ құрау , бұл, аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.Құрақты әр түрлі қиықтардан құрастырады.Құрақтың ерекшелігі мата қиындыларын геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:

1.Мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату,яғни адам үнемділікке үйренеді.

2.Үлкен эстетикалық талғаммен мата қиындыларынан әр түрлі пішіндерді жасай отырып қиюластырып ,жастық, көрпе, көрпешелер тігу.

Жалпы құрақтың бірнеше түрі бар: ботакөз, шатыргүл, сегізжапырақ,тырнақтар, майда құрақ, аққу, қызғалдақ т.б Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр.Мысалы орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атаса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.

Құрақтар қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Құрақ құрау барысында матаның қалың , жұқалығын ескеруіміз қажет.Егер мата қалыңдығы тура келмесе басқа матамен қабаттап тігеміз.Сонымен бірге тіккен құрағымыз мықты, әрі сәнді көрінуі үшін құрақты астарлап тігуіміз керек.

«Жалғасын тап» ойыны. (мақал- мәтелдер)

1.Бүгінгі істі............қалдырма.

2.Жеті рет өлшеп,................кес.

3.Өнерліден үйрен, өнерсізден .................

4.Талаппен бастап, ................. аяқта.

5.Өнер сыры- ..............................

Құрақ құрау технологиясы

1.Өрнек сызбасын қағаз бетіне түсіру.

2.Түсті таңдап бояу.

3.Геометриялық пішінде үлгі қағаз бетіне дайындау.

4.Үлгіне қағаз мөлшерімен қию.

5.Төрт бұрыш, үшбұрыштарды қиғанда тігіске кететін өлшемдерді дұрыс есептеу.

6.Өрнек бойынша рет-ретімен бөліктерді тігу.

7.Қиылған сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен орналастыру.

Сарамандық жұмыс.

1.Сабақта қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.

2.Тігін ережесі, ине, қайшымен жұмыс істеу ережесін сақтау.

Құрақ құрау схемасы






Жалпы 16 төртбұрыш,10 үшбұрыш ақ түс,10 үшбұрыш жасыл, 1 төрбұрыш жасыл 5 төртбұрыш ақ түс болады.

«Аққу құрағын» тігу.

Екі түсті матадан үшбұрыш және төртбұрыш пішімін дайындау.

Сергіту сәті.

Күн нұрындай шашылайық,

Бәйшешектей ашылайық.

Гүлге қонған көбелекпіз,

Қанат қағып жарысайық.

Бір, екі, үш гүлге қарай ұш.

Бір түсті бір үшбұрышқа басқа бір түсті бір төртбұрыш тігіледі.Дәл осы әдіспен бес ,алты төртбұрышқа үшбұрыштар тігістіріледі.Бәрі бір-бірімен тігістірілген соң екі жанына бір түсті матадан шеттік жүргізуге болады.

Қорытындылау, оқушылардың білімдерін бағалау.

Сұрақтар.

1.Құрақ дегеніміз не?

2.Құрақ түрлерін ата?

3.Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?

4.Құрақ құрауда түстердің үйлесімділігін не деп атайды?

5.Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

6.Құрақтан қандай бұйымдар жасалған?

Тест сұрақтары:

1.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?

А.Өсімдік тектес Б.Геометриялық

Ә.Аспан әлемі В.Тұрмыстық

2.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?

А.Word Б.Paint

Ә.Power Paint В.Exsel

3.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?

А.Өсімдік тектес Б.Аспан әлемі

Ә.Геометриялық В.Тұрмыстық

4.Жапон халқында құрақ құрау өнері қалай аталады?

А.Пэчворк Б.Мозаика

Ә.Құрақ В.Сашико

5.Құрақ құрау үшін қандай материал қолданады?

А.Былғары Б.Мата

Ә.Тері В.Полиэтилен

Оқушылардың білімдерімен жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Құраққа байланысты мақал- мәтелдер жазып келу, сыныпта бастаған жұмыстарын тиянақты аяқтап келу.


© 2010-2022