Тест по технологии Ауыл шаруашылығы

Раздел Технология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Топырақтың құнарлығы неліктен өзгереді?

а) адамның өндірістік қызметіне қарай;

ә) өсімдік пен жан-жануардың қарым-қатынасы нәтижесінде;

б) ауа райына байланысты;

в) топырақ түзілудің табиғи процестеріне байланысты.

2. Топырақтың ылғалдылығы неге байланысты?

а) жауған жаңбырға; б) топырақтағы микроорганизмге;

ә) топырақта қара шіріктің көп болуына; в) топырақтың механикалық құрамына.

3. Топырақтың су өткізгіштік қасиеттері қандай топырақта көп болады?

а) саз, садық жерде; б) қара шірікте;

ә) құм, құмдақ жерде; в) түйіршік топырақты жерде.

4. Күзде атқарылатын топырақ өңдеу жұмысы.

а) пар өңдеу; б) судігер жырту;

ә) тұқым себер алдында өңдеу; в) культивациялау.

5. Жер бетінің нығыздалып тегістелуін, дәннің топырақпен жақсы қатынаста болуын, топырақ пен қарды жел ұшырып кетпеуін қамтамассыз ету үшін жүргізілетін топырақ өңдеу операциясы:

а) жерді сыдыра жырту; б) майдалау;

ә) дискілеу; в) тырмалау.

6. Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар түріне жатпайды:

а) дискілі тырмалар; б) сыдыра жыртқыштар;

ә) фрезалар; в) сепкіштер.

7. Өсімдік қалдықтарын, сондай-ақ минералдық, органикалық тыңайтқыштардытерең көму үшін:

а) топырақ қыртыстары бір-бірін жауып жататындай етіп,түзу қозғап айдау керек;

ә) ыдыра жырту керек;

б) жер қыртысын толық аудару керек;

в) топырақ қыртысын жақсы ұсақтап, жоғарғы қабатында ұсақ түйіршіктер ғана болу керек.

8. ПЛН-5-35 соқасы қандай тракторға тіркеледі?

а) К-700А; б) ДТ-75,Т-150;

ә) МТЗ-80; в) Т-40А.

9. Шым аударғыш топырақтың жоғарғы қабатын қандай тереңдікте кесіп, ұсақтап аударып, оны борозда түбіне салуға арналған.

а) 25 см; б) 20 см;

ә) 35 см; в) 12 см.

10. Неліктен жерді таптауышпен таптағаннан кейін, ізінше жеңіл тырмалар жүргізіледі?

а) тез кеуіп буланудан сақтау үшін; б) топырақты шаңдатып жібермеу үшін;

ә) су режимін сақтау үшін; в) тығыз қабат жасау үшін.

11. Топырақтың эрозиясына қарсы қолданылатын құрал.

а) ауыр салмақты культиватор; б) бульдезер;

ә) грейдер; в) жал салғыш.

12. Әк пен күлді тыңайтқыштар тобының қайсысына жатқызады?

а) органикалық тыңайтқыштарға; б) бактериялық тыңайтқыштарға;

ә) минералды тыңайтқыштарға; в) тыңайтқыш тобына жатпайды.

13. Көңді шашу нормасын ең аз қажет ететін дақыл.

а) жүгері; б) қант қызылшасы;

ә) картоп; в) бидай.

14. Ауыспалы егісте бұрынғы егілген орнына қайта оралып егуге болмайтын дақыл.

а) картоп; б) мақта;

ә) жүгері; в) қызылша.

15. Белгілі бір айдалып, егілген жерге немесе орынға ұзақ уақыт қайталанып егуге төзімді дақыл.

а) зығыр; б) қызылша;

ә) күнбағыс; в) жүгері.

16. Мелиорацияда жер астына көмілген қыштан, тақтайдан,жұмыр ағаштан, тастан жасалған топырақтағы артық су жүретін әр түрлі түтіктер қалай аталады?

а) жер құрғату; б) жер асты су жолдары;

ә) дренаж; в) жер суару.

17. Гүл шаруашылығында өсірілетін гүлдерде алғашқы жылы гүлдейтін жылу сүйгіш гүл неше жылдық?

а) көп жылдық; б) бір жылдық;

ә) екі жылдық; в) бір маусымдық.

18. Қаламшелеп отырғызып көбейтетін гүл.

а) жұпаргүл; б) қашқаргүл;

ә) шығыс көкнәрі; в) хризонтема.

19. Кез келген температураға шыдайтын үй өсімдігі.

а) раушан; б) фуксия;

ә) бегония, рекс; в) алоэ.

20. Механикалық суару тәсілін қолдану себебі.

а) суаруды жеделдету; б) су көзі суарылатын танаптан төмен;

ә) су көзі суарылатын танаптан жоғары; в) жер асты суын пайдаланғанда.




© 2010-2022