Металл бұйымдарының графиктік бейнесі

. Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Графика дегеніміз - грек тілінен аударғанда жазамын, сызамын деген мағынаны береді.Металл бұйымдарының графиктік бейнесі дегеніміз - металға графиктік сызықтарын жүргізу арқылы бұйымдар жасау.- Балалар, бүгін сабақта үй шаруасына қажетті қаңылтырдан қалақша жасаймыз. Оның жасалу технологиясы қиын емес. Ең алдымен қалақшаның өлшемдерін материалдарға түсіреміз. Одан кейін қалақшаның қайырылатын орындарын кесеміз. Қалақшаның кесілген орындарын құм ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Металл бұйымдарының графиктік бейнесі. (Қалақша жасау)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қалақтың қажеттілігі мен құрлысын - таныстырып,
графиктік сызба арқылы қалақша жасау жолдарын үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушыларды енбекке, ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, плакаттар, оқулық, сызбалар.

Сабақта пайдаланатын құралдар:
Қалыңдығы 1мм қаңылтыр, өлшеу құралдары, қарындаш бұрыштама, электр бұрғы, бекіткіш шеге, қайшы, бұрғы, балға, біз, тескіш, құм қағаз, егеу.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
Көрнекілік құралдарды дайындау, сабақтың ережесін еске түсіру.
Өткен тақырыпты қайталау.
Біз өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
Металкескіш білдектер неше топқа бөлінеді?
- Сонымен металдар құрылымдық жағынан неше топқа бөлінеді? Кім айтады?
- Түсті металдар тобына қандай металдар жатады?
- Қара металдар тобына қандай металдар жатады?

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын оқушылар екі топқа бөлінеміз. Екі топқа бөлудің мақсатымыз бір - бірін жарыстыру емес сапалы бұйым және эстетикалық талғаммен бұйымды жасап шығаруымыз керек.
Әр топтың атауын металл түрлеріне сәйкестендіру
1 - топ Түсті металлдар тобы
2 - топ Қара металлдар тобы.
Әр топқа аттарына сәйкес қайшы беру.
Түсті металлдар тобына - түсті қайшы
Қара металдар тобына - қара қайшы беру.

3. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Графика дегеніміз - грек тілінен аударғанда жазамын, сызамын деген мағынаны береді.
Металл бұйымдарының графиктік бейнесі дегеніміз - металға графиктік сызықтарын жүргізу арқылы бұйымдар жасау.
- Балалар, бүгін сабақта үй шаруасына қажетті қаңылтырдан қалақша жасаймыз. Оның жасалу технологиясы қиын емес. Ең алдымен қалақшаның өлшемдерін материалдарға түсіреміз. Одан кейін қалақшаның қайырылатын орындарын кесеміз. Қалақшаның кесілген орындарын құм қағазбен, егеумен егейміз. Екі шетін, артқы шетін және бекітпесін 90-қа қайырамыз. Енді қалақшаның сабын жасаймыз. Сабына материал таңдап, түзетеміз де сабының нақтылы өлшемдерін белгілейміз. Қалақша сабының артық жерлерін кесеміз, белгілі орнын бір қабатпен қайырамыз. Артық жерлерін кесіп алып тастаймыз. Сабын 3см етіп майыстырамыз өз орнын белгілеп, оны бекітеміз.

© 2010-2022