Баяндама Халық қол өнері-асыл қазына

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық қол өнері-асыл қазына

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдарының әсемділігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ляззат әкелген. Көз салып, байыппен қараған адамдарға бұйымдардағы түрлі-түсті өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жаткан қарым-қатынасын, көңіл-күйін жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер тұйындыларына арқау еткен. Өнер тұйындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Казақ қолөнерінің түрі, сапасы өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты.

Халықтың мәдениеті өскен сайын қолөнері дамып отырған. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен халқымыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келген.

Шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар, сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шебер, ұста, зергердің суреткерлік қасиеттерімен қатар, жетілдіру дарыны да дамыған. Соның арқасында үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отыр.

Оқушылырға ұлттық киім үлгілерімен таныстыра отырып сарамандық жұмыс орындау арқылы, пішімдерді дұрыс қийып, оларды бір-бірімен кұрастыра білу дағдыларын дамытуды, өнерді сүюге, құрметтеуге, үйренуге тәрбиелеуді мақсат еткен жаңа білім беру сабағында көрнекілік пен құрал жабдықтардан: суреттер. үлгі-нұсқау карталар, экономикалық есеп, бор, тақта, ине, жіп, қайшы пайдаланылады.

Қазақ халқының қолөнерінің ең көп тараған түріннің бірі-ұлттық киімдер.

Қазақ халқының ұлттық киімдері, сән-салтанатты - халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс тіршілігіне, табиғат жағдайына байланысты бірнеше үлгіге бөлінеді. Солстүстік, Онтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан жерінде қолөнері мен киімдерінде өзіндік айырмашылығы бар. Мыс: қыз-келіншектерінің үлгілерінде кейбір ерекшіліктері: жаулықты орау, қамзол жеңсіз сияқты киімдердің әшекейлерінен, сырт киім-шапан, желбегейдің пішінінен, бояу нақыштарынан ажыратуға болады. Сондықтанда әр өлке өзінің қолөнері - ұлттық киімдерінің үлгісін оқушыларға жете меңгеруге баулыды.

Ұлттық киімді жобалау

Баяндама Халық қол өнері-асыл қазына

Жасауға қажетті материалдар жеткіліктіБаяндама Халық қол өнері-асыл қазына

ӘБаяндама Халық қол өнері-асыл қазынаәәипи р ри

ӘБаяндама Халық қол өнері-асыл қазынадемі

Баяндама Халық қол өнері-асыл қазына

Ұлттық киім

Материалдар қымбат емес

Төзімді, сапалы

Баяндама Халық қол өнері-асыл қазынаБаяндама Халық қол өнері-асыл қазына

Баяндама Халық қол өнері-асыл қазынаБаяндама Халық қол өнері-асыл қазына

Бұйым мөлшері жас ерекшілігіне сай

Экономикалық шығыс көп емес

Еңбек шығыны да көп емесБаяндама Халық қол өнері-асыл қазына



© 2010-2022