Конспект (Матаны талдау белгілері)

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Матаны талдау белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімбілік: оқушылардың жануарлардан алынатын және минералды

талшықтар жөніндегі білімін меңгеруін қамтамасыз ету,

талшықтың шығу тегін анықтау біліктерін жетілдіру

Дамытушылық: білім - біліктерін жетілдіру, материалды есте сақтау қабілеттерін

дамыту

Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережелерін сақтау, өзара көмек

көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі,

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: - түсіндіру

  • сарамандық жұмыс

  • бақылау

  • көрнекіліктер арқылы.

Көрнекі құралдар мен жабдықтар:

  • жібек, жүн маталар ассортименті

  • практикалық жұмысқа арналған мата қиындылары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. оқушыларды түгендеу

2. сабаққа қажетті құралдарын тексеру.

ІІ. Кіріспе бөлім

Үйге берілген тапсырманы қайталау сұрақтары:

  1. Жан - жануарлардан алынатын табиғи маталарға нелер жатады?

  2. Матаның құрылымын қандай қасиеттеріне қарап салыстырамыз?

ІІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

Матаны талдау белгілері

Белгілері

Жүн

Табиғи жібек

Жылтылдығы

Майдалығы

Жұмсақтығы

Қатпарлануы

Жіптерінің ирелеңдігі

Шамалы ғана

Бұдырмақты

Қаттылығы орташа

Шамалы

Ирелеңді

Кұңгірттеу

Майда

Жұмсақ

Шамалы

Тік жіпті

Практикалық жұмыс

р/с

Мата қасиеттерінің атаулары

Мата қасиеттерінің сипаттамасы

Көлемі 3х5 см мата үлгілері

Табиғи жібек мата

Жүн мата

1

Умаждалуы

2

Қатпарлануы

3

Сусымалылығы

4

Тарқатылуы


  1. Жүн және жібек матаның умаждалуын анықта:

    • Екі үлгіне де қолмен қысып 1 - 2 минут ұстап тұр

    • Үстелге жазып қой

    • Көзбен қарап бағала: қатты умаждалатыны, орташа умаждалатыны, умаждалмайтыны.

  1. Қатпарлануын анықта

  • Жүн матаның жоғарғы қиығын түйреуішке немесе көктеп жіпке жина, мұны жібек матамен қайтала

  • Пайда болған қатпарларды қараша

Қатты нашар қатпарланады. Жұмсақ жақсы қатпарланады ( майда терең және жиі қатпарлар)

  1. Майда және бұдырмақ бетті маталардың сусымалылығы дәрежесін анықта

Конспект (Матаны талдау белгілері).

  1. Көлемі 4х4 мата үлгілерін кесіп ал да, олардың тарқатылу дәрежесін анықта. Инемен матаның шеттерінен алдымен бір жібін суырып, сонан соң екіншісін, үшіншісін, төртіншісін суыр. Егер үшінші, төртінші жіптер жеңіл тарқатылатын болса - мата орташа тарқатылатын болып саналады. Бірден бес жібі жеңіл суырылатын болса - мата жеңіл тарқатылатын, ал бір жібінің өзін суыру қиын болса, онда мата тарқатылмайтын болып саналады.

Конспект (Матаны талдау белгілері).

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

  1. Мата бетінің бедері неге байланысты?

  2. Матаның умаждалуын қалай анықтаймыз?

Ү. Үйге тапсырма:

Мата қасиеттерін анықтау альбомға жапсырмалау, кестені толтыру жұмыстары.

ҮІ. Бағалау:



© 2010-2022