Разработка по тему Ұлттық қолөнер

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Балаларға арналған шұлық тоқу»

Сабақтың мақсаты: ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысу. Шұлық тоқып үйрену

Білімділігі: қолмен тоқу өнерін жан-жақты таныстыру. Тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орны әңгімелеу.

Дамытушылығы: қой жүнінен әр түрлі бұйымдар жасауды үйрету, қол шеберлігін, икемділігін, өнер сүйгіштігін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жылы сәнді киіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: нұсқау карталар, плакат, әр түрлі жүндер, мода журналы, альбом.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс

Кәсіби бағдар: тоқымашы, қолөнерге баулу

І. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыны түгелдеу, оқушының сабаққа даярлығын тексеру

2. Өткен сабақты қайталау.

Карточкаға жазылған сұрақтар арқылы жауап алу.

1. Малдан қандай өнім алады?

2. Төрт түліктің қайсысын жақсы көресің?

3. Ұршық не үшін қажет?

ІІ. Жаңа сабақ.

Шұлық тоқу үшін 70-80 гр жіп, 5 сым қажет, сымға 40 шалу бастап алынады да, оны төрт сымға тең бөліп, алғашқы он шалуды түйреуішпен белгілеп қояды. 4-5 см резина әдісімен тоқыған соң, одан әрі тағы 5 см тобыққа шеін шұлықша әдісімен тоқиды.

Өкше шығару.

Тоқыманы екіге тең бөліп одан әрі үшінші және төртінші сымдағы шалулар ғана тоқылады. Бірінші және екінші сымдағы шалулар бір сымға өткізіліп тоқылады. Тоқыманың шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап, өкше шығарыла бастайды. Ол үшін сымдағы шалуларды ойша 3-ке бөліп, яғни екі жағына 6 шалудан, ортасына 8 шалу қалдырып, шалу санын бірте-бірте кеміте беру керек.

1 қатар (тоқыманың теріс жағы): бірінші жағының 6 шалуы тоқылады, сосын ортадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес шалумен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2 қатар (тоқыманың оң жағы): шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалумен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатарларды қайталап тоқи беру керек. Ақыр аяғында сымды тек ортаңғы бөліктің шалулары ғана қалады.

Шұлықтың басын шығару.

Бұл бөлік те №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу іліп алып, сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды, басқа сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды тоқу керек. Тағы бір бос сыммен тоқыма шетінен жаңа шалуларды теріліп, сол сыммен ортаңғы бөліктегі шалудың жартысын тоқиды. Яғни, 4 сымғада шалулар тізіліп, 3,4 сымдағы шалулар саны 1,2-сымдағы шалулардан көбірек болғаны дұрыс. Осылайша айналдыра тоқи отырып, 3-4-сымдағы артық шалуларды әрбір 2-қатарда кеміте береді. Олардың әрқайсысында 10 шалулардан қалғанда кеміту тоқтатылып, енді шұлықтың басы шығарыла бастайды. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуын біріктіріп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де, шалулар қатты тартып тігіледі. Жіпті ұзын ілмекпен шұлықтың іш жағынан өткізіп, жасыру қажет.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

Жүннен әр түрлі бұйымдар тоқып алу үшін тоқыма өнерін білу керек. Тоқуға жіп дайындау үшін.

1. жүнді жу;

2. жақсылап майдалап түт;

3. ұршықпен біркелкі етіп иір;

4. жіпті шумақтап төгіп ал

Шұлықтар қонышты және қонышсыз болып келеді. Шұлық тоқу үшін үлкендерге 150 г, ал балаларға 70-100 г. жүн жіп қажет. Шұлықтың қонышы ұзыны жақсы. Оған 100 г. жүн жіп қажет.

Біздің мақсатымыз шұлық тоқып үйрену. Әр оқушыны өзіне қонышты ма, қонышсыз шұлық қажет пе қалағанын тоқып алады. Қалай бастап тоқу керектігі жөнінде әр оқушыға нұсқау картадағы кестелер мен суреттер арқылы түсіндіріп шығамын. Бұл нұсқау карта барлық оқушыға бір -бірден таратылады.

ҮІ. Сабақты бекіту.

1. Шұлық тоқу үшін қандай құрал керек?

2. Шұлық тоқуды қай жерінен басталады?

3. Резина әдісінен кейін неше см тоқылу қажет?

4. Өкшесі қалай шығарылады?

5. Басы қалай шығарылады?

Ү. Үйге тапсырма:

Шұлықты тоқып, аяқтау керек.

Бүгін сабақта сендер өздеріңе керекті шұлық тоқумен танысып, ол үшін іскерлі, шеберлік, төзімділік, шыдамдылық керек екенін ұқты деп ойлаймын.

© 2010-2022