Технология пәнінен Жеңді моделдеу сабағы (8-сынып)

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 201 мектеп-лицей










Технология пәнінен Жеңді моделдеу сабағы (8-сынып)



Технология пәнінен Жеңді моделдеу сабағы (8-сынып)






Технология пәнінен Жеңді моделдеу сабағы (8-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жеңді модельдеу

Сабақтың мақсаты: жеңді модельдеу.
Міндеттер
Білімдік: жеңдерді модельдеу әдістерімен таныстыру, таңдап алған жең фасонын модельдеуге үйрету; тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамассыз ету.
Дамытушылық: модельдеу саласында алған білімдерін дамыту, жұмыс істеу әдіс- дағдыларын дамыту; қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре білуге, қиялдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: жұмыс тәртібін сақтау; еңбекті бағалауға үйрету; еңбек және тұрмыс гигиенасы ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу; өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: оқулық, модельдеу бойынша кестелер, дәптер, жеңдердің 1:4 масштабындағы бөлшек қимаүлгілері, сызғыш, пішу үшін қажет сызба, қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа материалды баяндау. Оқушылар жасалған сызбалар базасында маусымдық сән үрдестеріне сәйкес модельдеу дағдыларын жетілдіреді. Түрлі киім модельдерін (сән журналдарын), маталарды, киімге арналған фурнитураларды пайдалана отырып, сәндегі бағыттарды көрсетеді. Киімнің дамуы өндірістің, техниканың дамуымен, қоғамның әлеуметтік жағдайымен байланысты екендігін атап айту. Мойындық ойығының, кеуде пішімінің, жең және т. б. пішіндерін қалай өзгертуге болатынын түсіндіру және көрсету.
Киімді модельдеудегі үш негізгі принципі
1. Киімнің адамның сыртқы және ішкі кескініне сәйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сәйкес болуы.
Киімді модельдеу - бұл эскиз бойынша жасалған бұйымның үлгісі. Киімді модельдеумен суретші-модельер айналысады. Модельер адамның денебітімін, оның пропорциялары мен пластикаларын, сондай-ақ костюмнің бөлек бөлшектерінің үйлесімдік заңдары мен ережелерін, пішім сызықтарын, әрлеуді білуі керек. Қосымшалар мен безендірулерді, сондай-ақ тігін ісінің технологиясын жақсы ажырата алуы қажет.
Оқулықтағы кестені талдау
III. Зертханалық жұмыс. Кеуде бүкпесін ауыстыру, жең аузына қарай кеңейген ұзын жеңді өңдеу.
Қазір сендер өздеріңді суретші - модельер сезініп, блузка моделін жасайсыңдар.
Құрал-саймандар және материалдар: жұмыс қорапшасы, сызғыш, бұрыштама, лекало, қаламдар ҚЖ-2Ж, өшіргіш, желім, қайшы, жнң пішімі.
Тапсырма. Жоспар бойынша сызбаға эскизге сәйкес модельдік өзгерістер енгізу:
1. Түрлі түсті қағазда блузка пішімін сызу.
2. Контур бойынша қырқып алу.
3. Алдыңғы бой және кеңейту сызығына эскизге сәйкес кеуде бүкпесінің пішіміне қарай сызықтар жүргізіп, оны қырқып алу.
4. Матаға пішімді жаю кезінде кеуденің ортасына бүкпе биіктігі қанша сантиметрге жетпейтінін көрсету.
5. Блузка пішіміне сәйкес модельдеу.
IV. Ағымдағы нұсқыаулық.
- Жұмыс орнының ұйымдастыруылуын тексеру;
- Зертханалық жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
- Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;
V. Материалды бекіту.
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Модельдеу кезінде нені ескеру керек?
2. Кеуде бүкпесін ауыстыру ережелері қандай?
VI. Соңғы нұсқаулық.
- Сабақты қортындылау.
- Қателіктер мен себептеріне талдау жасау.
- Баға қою.
- Үйге тапсырма.
VII. Жұмыс орнын ретке келтіру.

Сабақтың тақырыбы: Тігін бұйымдарын модельдеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың модельдеу жөніндегі алған біліміне, біліктілігіне және үйренген әдет - дағдысына сүйене отырып (5-6 сынып), бұйымның алдыңғы бойын модельдеу.
Сабақтын міндеті. Кеуде бүкпесін алдыңғы бойдың әр түрлі бөліктеріне ауыстыруды үйрету. Модель туралы түсінік беру, модельдеу түрлері туралы айту, киім тарихымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні. Еңбекте жолдастарына көмек көрсете білуге, жеңіл өнеркәсіп мамандығына ынталық танытуға тәрбиелеу.
Дамыту. Модельдеу кезінде салыстыра отырып өлшеу, таңдау жұмыстарына жылдамдықты дамыту.
Көрнекті қүралдар. Модельдеуге арналған әр түрлі әдебиеттер, журналдар, кестелер, халат модельдері.
Пәнаралық байланыстар. Тарих (киім тарихы), модель суреттері, орыс тілі (жаңа терминдер), сызу (сызуды құрастыру).
Сөздік жүмыс. «Модельдеу» (шығармашылық, техникалық), «модель», «нобай», «стиль».
Сабақтың әдісі. Түсіндірме-бейнелеу, практикалық оқыту, интеллектуалдық-талдау. Шығармашылық жұмыстың қызғылықты өтуі үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру, қатыспағандарды белгілеу.
2. Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар.
А) Сендер «модельдеу» терминін қайдан кездестірдіндер және ол нені білдіреді?
Б) «Фасон» дегеніміз не? Мысалдар келтіріндер.
В) Бұйымдарды қалай өңдейді?
С) Бұйымдардың бөлшектерімен пішіні және түр-түсі өзара үйлесуі керек пе ? Мысалдар келтіріндер.
Сонымен, модельдеу - бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
3. Жаңа материалды меңгеру. Модельдеу туралы түсінік беріледі. Омырау бүкпесін аустыруды үйрету.
Модельдеудің мақсаты және міндеті - ұлттық дәстүрлерге сәйкес әдемі, қолайлы киімдер жасау. Сән мен костюм әрқашанда стиль мен дәуірді бейнелейді.
Стиль - киім мәдениеті саласындағы маңызды ұғым. Киімге байланысты үш негізгі стильді ажыратуға болады: классикалық (келісті әрі сәнді); спорттық (қозғалысқа, белсенді демалыс пен жұмысқа қолайлы); романтикалық немесе фантазиялық.
Сабақ барысында модельдеуге байланысты әр түрлі суреттер көрсетіледі. Қазақтың ұлттық киімінің өзгешелігіне тоқталады (түрлі түсті тоқыма баумен тігілген және металл жіп қосылып құрастырылған өрнек).
Костюмдер тарихи дәуірге байланысты өзгеріп отырған.
Бұйым дайындалатын үлгіні жасап шығаруды «модельдеу» дейді. Ертеректе модельдеуді сәнмүсінге (манекенге) немесе тұлғаға (фигураларға бөлшектерді шындау) өлшеп жасаған. Алайда мұндай модельдеуге мата көп жұмсалатындықтан ол өте тиімсіз болды. Оның үстіне адамдардың бәрінің тұлғалары бірдей емес, ауытқулар бар, сәнмүсінде ол ескерілмейді. Дегенмен сәнмүсінде модельдеу арқылы матаның адам денесіне, бет-бейнесіне қонымдылығын, үйлесімділігін алдына ала білуге болады.
Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтелеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді. Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесіне сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретші-модельері Пьер Карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.
Модельдеудің екі түрі болады:
1) көркемдік (шығармашылық); 2) техникалық.
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз - нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер - конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қолтық ойындысына, мойындыққы, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай). Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
4. сабақтың практикалық бөлігі. Кіркспе нұсқау. Омырау букпесін ауыстыру ережесі.
а) бүкпнің жаңа орнын белгілейді. б) бүкпені кеседі.
Модельдеу омырау бүкпесін ауыстыру әдістері көрсетілген нұсқаулық карта бойынша орындалады.
1. түрлі түсті қағазға үлгіні қойып шетін айналдыра сызады.
2. нұсқа бойынша көйлектің алдыңғы бойының жартысын қияды.
3. жаңа бүкпені орналастыратын орынды белгілейді.
4. белгіленген сызықтар бойымен қияды.
5. алдыңғы бойдың бүкпесін жабады.
6. омырау бүкпесін нобайсызығына сәйкес ауыстырады: а) бүйір; ә) қолтық ойындысына; б) мойындыққа; в) бел сызығына; г) алдыңғы блйдың ортасына қарай.
Жаңа материалды пысықтау.
1. модельдеу дегеніміз не?
2. модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3. омырау бүкпесін ауыстырудың ережелері қандай?
4. омырау бүкпесін ауыстыруға болатын сызықтарды атап шығңдар.
Қортынды. Бұйым негізі сызылған сызбаны және қосымша модельдеу элементтерін пайдалана отырып, әр түрлі бұйымдар тігуге болады: блузка, қазақтың ұлттық киімдерін, бешпент немесе камзол, лузка, нымша және т. б.
Баға қою. Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022