Қаңылтыр бетіне ою түсіру

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Сабақтың тақырыбы:Қаңылтыр бетіне ою-өрнектер түсіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі -шекімелеу әдісін оқушуларға үйрету

Дамытушылығы: Жұқа қаңылтыр мен қаңылтыр металды түзетудің сарамандық дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелілігі:Оқушылардың іскерлігін,шеберлігін,икемділігін қалаптастыру

Сабақтың көрнекілігі:Қолөнер бұйымдары,№1 технологиялық карта

Сабаққа керекті құрал-саймандар:темір кесетін қайшы,жұқа қаңылтыр,ою-өрнек шаблондар,төстік ағаш,шекімелеу шеге түрлері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,түгендеу.Жұмыс орнын дайындау,құрал-саймандарын тарату. 2.Үйге тапсырма тексеру

3.Жаңа сабақты түсіндіру.Жұқа қаңылтырды көркемдеп өңдеу-шекімелеу

-Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі.Ерте заманда біздің ата-бабаларымыз шекімелеу арқылы үй-жихаздарын,зергерлік бұйымдарын,ыдыс-аяқтарын,қару-жарақ,белбеу,музыкалық аспаптарын,мал шаруашылығына арналған құралдарын т.б заттарын әшекейлеген.Бір сөзбен айтқанда,шекімелеу әдісі қазақтың тұрмыс тіршілігінде кеңінен пайдаланылған.Сондықтан біз ата-бабаларымыздың кәсібін дамыту мақсатында бүгінгі сабақта шекімелеу әдісін үйренеміз.Алдымен жұқа қаңылтарды ,металды өнер туындысына айналдыру үшін оларды түзету керек.Осы жұмыстың мақсаты :жұқа қаңылтыр мен қаңылтыр металды түзетудің сарамндық дағдысын алу,әр-түрлі металдардың түзетулерін слыстыру.Болат қаңылтырды балғамен түзету.Жұқа болат қаңылтырды тақтаймен түзету.

1.Қаңылтыр металды жұқа қаңылтыр тақтайдың көмегімен түзету.2.Оң қолға тақтайды алып,оны аздап қысу арқылы кесіндінің ұзына бойымен шетіне дейін жылжытады.3.Кесіндіні ұстап тұрған сол қолды жарақаттап алмау үшін қолғап киіп алады.4. Қаңылтырдың бір жағын түзеткеннен кейінаударадыда ,екінші жағын түзетеді.Кесінді толық түзелмейінше осылай жалғаса береді.. 4.Сарамандық жұмыс.Алдымен,жұмысқа кіріспес бұрын ,шеберханадағы жалпы техника қауіпсізді ережесін оқушылардан сұрау.Жұмыс істеу тәртібі:1.Ережені қайталау.2.Қағазға түсірілген оюды қию.3.Қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады.4. Қаңылтыр пластинаның бетіне оюды карындашпен түсіру.5.Бедерлегіш балға арқылы және шеку шегелерін пайдаланып карындашпен түсірілген оюды көркемдеу.6. жұмысты аяқтау.Сыныптағы ер балаларды 4-топқа бөліп,әр топқа жеке тапсырма беріледі.1-топ сандықтың алдын,2-топ сандықтың артын,3-4 топ қапталын жасайды.Әр топта 2-оқушы -шеку жасайды,келесі екеуі қағаздан ою қиып қаңылтырға түсіреді. Төрт қаңылтырпластинаға жасалған шеку сандықтың алдына, артына ,екі қапталына жапсырылады.5.Жұмыс аяқталған соң әр топ жасалған жұмыстарын қорғайды.

5.Оқушыларды бағалау. 6.Қорытынды. 7.Үйге тапсырма беру. Қаңылтырға ою-өрнектер түсіру. Жұмыс орнын жинау,құрал-саймандарды мұғалімге өткізу.

© 2010-2022