Конспект урока на тему Нәлди жөндеу

Сабақтың тақырыбы: Нәлді жөндеу. Сабақтың мақсаты:                  1. Коррекциялық білімділік мақсаты: Оқушылардың нәлді жөндеу туралы білімдерін тереңдету және жөндеу бағытында технологиялық әдістермен таныстыру. 2.        Коррекциялық дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту және сөзді дұрыс анық айтуына ықпал ету. 3.        Коррекциялық тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шеберлікке, төзімділікке баулу, бастаған жүмысын тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.   Сабақтың түрі: ж...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Нәлді жөндеу.

Сабақтың мақсаты:

1. Коррекциялық білімділік мақсаты:

Оқушылардың нәлді жөндеу туралы білімдерін тереңдету және жөндеу бағытында технологиялық әдістермен таныстыру.

  1. Коррекциялық дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың сөздік қорын байыту және сөзді дұрыс анық айтуына ықпал ету.

  1. Коррекциялық тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шеберлікке, төзімділікке баулу, бастаған жүмысын тиянақты аяқтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілік: шаблон, папкінің түрлері, суреттер.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа тақырып.

  4. Қауіпсіздік ережесі.

  5. Практикалық жұмыс.

  6. Сабақты бекіту.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.

Аяқ киімнің тақасы ең бірінші кезекте бүлініп істен шығады. Тақаны бүлдүрмес үшін оған нәл қағылады. Тақаға қағылған нәлде адам жүргендіктен көп желінеді.

Нәлді былай ауыстырады. Ескі нәлдің шегесін суырып босатады. Электрқайрақпен тақаны тегістеп қайрайды. Тақаның шеге қағуға арналған тесіктерін электрбұрғымен тереңдетіп теседі. Ол тесіктерге ағашты жонып жіңішке таяқшаларды қағады. Тақаның көлемін және нәлді өлшеп кесіп алады. Нәл мен тақаға бір мезетте желім жағылады. Желім 4-5 минут кебуі керек. Тақаға нәлді жапсырмас бұрын шеге қағатын орынды белгілеп алуымыз керек. Себебі тақа мен нәл жапсырылғаннан кейін шеге қағатын орын көрінбей қалады. Шеге тақаның ағаш қағылған тесігіне қағылады. Қағылып болғасын пышақпен артық шеттері кесіліп тастайды. Нәлдің шеттері электрқайрақпен қайрап тегістеледі. Қайралып болғасын шаңын тазартып қара бояумен боялады.



Конспект урока на тему Нәлди жөндеу

© 2010-2022