Тақырыбы: Электр қоңырау құрлысы

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


20.04.2015ж.

6 а,ә,б,в сынып

Технология


Кошбаева Жанна


Сабақ тақырыбы:

Электр қоңырау құрлысы.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға электр энергиясын өндіру және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.

Сілтеме:

1. Оқулық .

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

3.Мұғалімге арналған сайттар

Оқыту нәтижелері:

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар.Ток көзі,электр өткізгіштер туралы толық мағұлматты өз беттерінше оқу арқылы меңгереді.

Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

Топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру,теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қамтылатын модульдер

Оқытудағы жаңа тәсілдер(диалогтық әңгіме), сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, бағалау.

Тапсырмалар

1.Топтастыру 3.Оқу,талдау, қорғау ЖИГСО әдісі

2. Сұрақ-жауап 4.бағалау

Орындалатын тапсырмалар:

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Уақыты

Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Сынып оқушыларын санамақ арқылы топтастыру

3 минут


Сергіту сәтін орындай отырып, оқушылар үш топқа бірігіп топтасып отырады.

ІІ.Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап

Ашық сұрақтар

10 минут

1. Ток көзі ретінде нені пайдаланамыз ?

2. Электр тұтынушы дегеніміз не?

3.Оқшаулауыш материал дегеніміз не, оларға нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқу, талдау, қорғау, түртіп алу.

7 минут әр топқа






15 минут

1-тапсырма Жигсо - 1 әдісі

І топ ,ІІ топ, ІІІ топ

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды .

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды

Тізбектей жалғану мысалы: гирлянда - шырша шамдары.
Параллель жалғанудың мысалы: кабинеттердегі жарық шамдарының жалғануы.
Жалғанулардың артықшылықтары мен кемшіліктері:
Параллель жалғану - тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқалары жұмыс жасайды. Бірақ тізбекке кернеу шамасы аз шамды қосқанда, шам шыдамай, жанып кетеді.
Тізбектей жалғану - тізбекке кернеу шамасы аз шамды жалғауға болады, тізбек пен шамның кернеулері әртүрлі болса да шам жұмыс істейді, бірақ тізбектегі бір шам жанып кеткенде, басқа шамдар жұмыс жасамайды. Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.

Сарамандық жұмыс:
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:

1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

ІV. Рефлексия

4 минут

Кері байланыс сабақтан алған әсерін мен білімдері туралы қысқаша ойын,пікірін жазады.

V. Бағалау

4 минут

Топтар арасындағы бағалау. Өзін-өзі бағалау.Критериалды бағалау.

VІ. Үй жұмысы

2 минут

Мазмұнын айту.



© 2010-2022