Кембридж бағдарламасы Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?

Мен іс-әрекеттегі зерттеу жобасын педагогикалық тәжірибедегі қажеттіліктерді анықтаудан бастау арқылы жүргізуді ұйғардым. Ғаламтор арқылы Кембридж бағдарламасына сай шетелдік материалдар, бейнефильмдер тауып алып, олармен танысып алдым. Курс материалдарында берілетін сілтемелерді қарап шығып, қосымша көп мағлұмат таптым, оның барлығын дұрыстап талдап шықтым. Оқушылар бойында оқыту үдерісіне қатысуға құлшынысын баулитын педагогикалық әдістемелерді әзірлеуді, бағалау жүйесін өзгерту керек екендігі...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жакишева Светлана Викторовна Мұғалім портфолиосы В есебі

Топ №1 1 деңгей

Көкшетау қаласы 21.05.14

Менің мектебімнің бастапқы жағдайы қандай?

Мен іс-әрекеттегі зерттеу жобасын педагогикалық тәжірибедегі қажеттіліктерді анықтаудан бастау арқылы жүргізуді ұйғардым. Ғаламтор арқылы Кембридж бағдарламасына сай шетелдік материалдар, бейнефильмдер тауып алып, олармен танысып алдым. Курс материалдарында берілетін сілтемелерді қарап шығып, қосымша көп мағлұмат таптым, оның барлығын дұрыстап талдап шықтым. Оқушылар бойында оқыту үдерісіне қатысуға құлшынысын баулитын педагогикалық әдістемелерді әзірлеуді, бағалау жүйесін өзгерту керек екендігін мақсат еттім. Іс-әрекеттегі зерттеуші ретінде мен практика мен зерттеулер бір-бірін үнемі қолдау керек деп санаймын және теория мен практика арасындағы диалогтың көмегі өте көп пайда әкеледі деп бағалаймын (Johnson 2003, 370).

Сондықтан тәжірибе кезеңімді 6 сәуірде мектеп директорымен жүздесуден басталды. Директормен әңгімелесу барысында бағдарламаның қоятын талаптарымен таныстырып, директордың орынбасарларын да кездесу-сұхбатқа тарттым. Өз тарапымнан бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты мектептегі оқытуды басқару, көшбасшылық мәселелерін көтеруге бағытталған, сонымен қатар мектепте кеңейтілген зерттеулер жүргізу арқылы мектептің дамыту бағдарламасының ықпал ету дәрежесінің мониторингін, даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында мәселелер туындаған жағдайда үдеріске араласу керек екеніндігімді жайлы мәлімдедім.

Жетінші сәуір күні педагогикалық ұжым алдында «Деңгейлі бағдарламаның мақсаты мен міндеттері» тaқырыбында таныстырылым өткіздім. Мaқсaты: мұғалімдерді бағдарламаның негізгі идеяларымен таныстыру, мұғaлiмдердiң өз тәжiрибелерiн өзгерту керектiгiн түсiнуге көздерiн жеткiзу. Таныстырылым сонында мұғалімдерден мектептің объективті жағдайларын анықтау мақсатындағы бастапқы сауалнаманы алдым. (Курсалды тапсырмалар, 12 бет). Сауалнамаға қатысқан мұғалім саны 45. Осы сауалнама арқылы мектептегі жағдай, мектеп әкімшілігінің қызметі, қызметкерлерідің арасындағы қарым-қатынасы туралы білуге болады.

Өзіме мектеп бойынша кәсіби қоғамдастыққа мұғалімдерді және жан ашитын ата-аналарды тарта бастадым, олармен жоспар құрып, зерттеу жұмысымызға тақырып көздеп алдық.

Ендігі кезекте мектебімізде басқаша жұмыс атқару керектігі көкейімде тұрды. Алдыңғы жылдары даму жоспарын құрастырған кезде барлығы дұрыс деп ойлайтынмын, ал қазір шынында да басқаша көзқарас орнатып қайта қолға алу керектігін түсіндім. Өзімнің келешекте де атқаратын функциям мектептің даму бағдарламасын әзірлеу болғандықтан, курстан қазіргі заман мектептеріне қажетті өзгерістерді білдім.

Бүгінгі таңда мектеп дамуының басты мақсаты ретінде оқушыны бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамыту мәселесі туындап тұр. Оқытуға деген жаңаша көзқарас қалыптасып жатқан жаңа мектептерде әркелкі қабілеттері бар оқушыны оқытуға ғана емес, сонымен бірге оқытудың жеке тұлғаға бағытталған үлгісін жасауға, сабақ үстінде шығармашылық жағдай қалыптастыруға, әр оқушының пікірі құнды екендігін білдіруге бағытталады. Мен үшін оқушыларды ХХІ ғасырға дайындауда оқыту, оқу тәжірибесін ойдағыдай өзгертуге ықпал етудің жолдарын іздестіруде, бізге "Неге мектептің жұмысын өзгерту керек?", "Қалай өзгертуге болады?", "Не істеу арқылы өзгертуге болады?" деген сұрақтар туындады.

«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді - жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» және «байланыс» үлгілерін өзгертеді. Бұл тәжірибе - басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе. Бұл басқа тәжірибе қалыптастыратын сөйлеу, әрекет және байланысты өзгертеді» [Kemmis, 2007, 1]. Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту деген бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту - бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту - бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді деп түсінемін. (1) Ферранс (2000) көрсеткендей, мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымды бағдарламадан бастадым.

Келесі қадам - мектептегі бастапқы жағдайды анықтау мақсатында ұжымымен кездесіп, SWOT-талдау жүргіздім. Бұл талдауды өткізгенде алдыма қойған мақсатым: мектептің алғашқы жағдайын анықтау, қазіргі кездегі ахуалын білу болатын. Мектеп ұстаздарынан сауалнама алдым, оқу-тәрбие үрдісінде тиісті деңгейінде атқарылып жатқанын, әсіресе неге назар аудару қажет екендігін анықтау үшін пікірталас, сұхбаттар өткіздім. Әріптестерім ойларымен бөлісе келгенде жағдай төмендегідей болды.

Мектептің мықты жақтары:

  • жаңа жабдықтар;

  • материалдық база;

  • НЗМ озық тәжірибесін енгізу,

  • полилингвистикалық білім;

  • мықты тәлімгерлер;

  • интернет желі жүйесі;

  • "Қайнар" ұйымы.

Мектептің мүмкіндігі:

  • шетелге шығу;

  • ағылшын тілін ерте жастан жеделдетілген түрде оқыту;

  • біліктілікті арттыруда деңгейлік курстарға бару;

  • өз-өзін дамыту;

  • Халықаралық, республикалық олимпиада, байқауларға қатысу;

  • кәсіби және желілік қоғамдастық құру;

  • online түрінде сабақтар, іс-шаралар, семинарлар, конференциялар өткізу;

  • ғаламтор жүйесін пайдалану.

Мектептің әлсіз жақтары:

  • ҰБТ-ға дайындық;

  • оқу сапасының төмендігі;

  • республикалық, облыстық, қалалық олимпиада, ғылыми жобаларда нәтижелері төмен;

  • оқушылардың халықаралық деңгейде аз көрінуі;

  • ұстаздардың АКТ-ны толықтай меңгермеуі;

  • әдеби қордың аздығы;

  • ағылшын тілі оқулықтарының жоқтығы;

  • ғылыми-әдістемелік, бейінді жұмыстардың деңгейінің төмендігі;

  • көпшілік оқушылардың орысша сөйлеуі;

  • тәрбие жұмысының деңгейі төмендеуде;

  • ата-аналар қоғамдастығының жүйелі жұмыс атқармауы;

  • мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланбау.

Мектептің қауіпті жақтары:

  • әкімшіліктің, ұстаздардың жиі ауысуы;

  • түлектердің өз орнын таба алмауы;

  • мектептегі шараларға немқұрайлы қарау;

  • бағалаудың нақтылығынын жоқтығы;

  • сабақта оқушылар ойларын толығымен қазақша жеткізе алмауы;

  • үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыс атқарылмауы;

  • мүмкіндіктерді жіберіп алу;

  • білім берудегі өзгерістердің жиі болуы.

Менің ойымша, біздің мұғалімдер, шынында, жүйеге қойылған мықты жақтарын дұрыс көрсете алуға мүмкіндік бар деген ойдамын. Көрсетілген мүмкіндіктер мұғалімдерге осы мүмкіндіктерді неге тиімді пайдаланбасқа деген ой тастады деген сенімдемін. Мұғалімдерге жағдай толығымен жасалғанымен оны біз пайдалана алмаймыз, неге? Мен үшін әлсіз жақтардың бірі - ата-аналармен жұмыстың төмендігі таңырқатты. Даму бағдарламасындағы күшті жағының бірі енді әлсізге айналған.

Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, ақсақалдар алқасы, профилактикалық кеңес жұмысы ақсап тұр. Мұның бәрі ата-анамен ұйымдастырылады. Сынып жетекшілерімен сұхбаттасқанда түйгенім: ата- анамен жұмыс тәрбие шараларына қатысумен ғана шектелген. Ұжым енді қалыптасты ма дегенде соңғы екі жыл ішінде әкімшілік мүшелері, ұстаздар, мектеп қызметкерлерін қосқанда шамамен 35% өзгеріс болды. Ұжым қалыптаспаса жұмыстың жүруі де оң нәтиже бермейді. Бейінді, ғылыми жұмыстарға тоқталсам: оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден өткеннің өзінде мамандық таңдауда қиналады, ақылы оқуға, не төмен ұпай жинағандар колледждерге барады. Соңғы жылдары мектеп оқушылардың ҰБТ нәтижесі де қуантарлық емес. Әрине, бұл мектеп рейтингісінде төмен көрсеткіш береді. Ғылыми жобалардан орта буын оқушыларымыз қала, кейде облыс деңгейінен аспайды. Оның себебі ұстаздардың оқушыны, тиімді тақырыпты, зерттеу жолдарын дұрыс таңдамауында, жұмыстың жүйелі жүрмеуіне байланысты деп ойлаймын.

Мектептің объективті жағдайын анықтау мақсатымен ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға өткізген сауалнамаларды бірінші деңгей бағдарламасы бойынша курсалды тапсырмалар жинағындағы үлгіге қарап құрастырдым. Қатысушыларға шынайы жауап берулерін өтіндім, есімдері көрсетілген жоқ, өйткені, онда өз ойларын ашық айтпауы мүмкін.

"Біз мектептегі оқытудың сапасын талқылаймыз" деген сұраққа "сирек" - 24 (54%), "жиі" - 8 (18%), "кейде" - 8 (18%), "әрқашан" деп - 5 (11%) жауап беріпті.


Яғни, бұл көрсеткіштен олардың талдауға қатыспайтындықтарын анықтадым. Сондықтан келешекте мектеп ұжымын толық мектептің дамыту жоспармен таныстырып, жоспарланған іс-шараларға жауаптыларды бекітіп, қадағалап отыру керек екендігін түсіндім.

"Мектеп-лицейінің даму бағдарламасымен барлық мұғалімдер таныс" деген сұраққа "сирек" - 30 (25%), "жиі" - 3 (15%), "кейде" - 4 (20%), "әрқашан" - 8 (40%) деп жауап берген.


Бұл жауаптардан ұжымдағы жас мұғалімдердің таныс емес екенін байқадым. Оларды мектеп жұмысына жиі тартып отыру керек екендігін түсіндім. Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып отыруға, өзара тәжірибе алмасуға ықпал жасау керек.

"Мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізгенде оқушылардың пікірін біледі" деген сұраққа "сирек" - 35 (55%), "жиі" - 2 (40%), "кейде" - 8 (10%) деп жауап беріпті.


Расында да мектеп жоспарын жасағанда не ата-аналардың, не оқушылардың, не мұғалімдердің пікірлері ескерілмегені шындық. Жоспарды арнайы топ жасайды, ешкімнің пікірлері, ұсыныстары қарастырылмайды. Сондықтан келешекте мектептің даму жоспарына жоғарыда аталғандардың пікірлерін ескеру керек деп ойлаймын.

"Тәжірибеге өзгерістер енгізерде ата-аналар пікірі ескеріледі" деген сұраққа "сирек" - 35 (30%), "жиі" - 6 (40%), "кейде" - 4 (20%) деп жауап алдым. Мұндай нәтижеден ата- аналар да дамыту жұмыстарына тартылмайтындығын аңғардым.

"Кәсіби даму үдерісі сыныптағы жұмыс мазмұнына байланысты" деген сауалға "сирек" - 31 (72%), "жиі" - 7 (14%), "кейде" - 7 (14%), деп жауап алдым.


Бұл жауаптарданн кәсіби даму үдерісінің сыныптағы жұмыс мазмұнына байланысты екенін мұғалімдер түсіне бермейтіндігін байқадым. Сауалнама нәтижесін саралай келе мектеп басшылары ғана жоспарлау, дамыту жұмыстарымен айналысатынын, көшбасшылық функция жоқ екенін түсіндім. Қазіргі кездегі оқытудағы 7 модуль туралы қаншалықты ұстаздар хабардар екенін білу мақсатында төмендегі сұрақтар қойылды. ІІ деңгейді оқып бітірсе де бастауыш буын ұстаздарының көрсеткіштері төмен болды.

Сауалнама нәтижесінен ұстаздардың қазіргі кездегі оқытудағы өзгерістерге кіріспегендігі байқалды. Диалогтіқ оқытуды бастауыш буында ұстаздардың 5% ғана қолданады екен. Оқу үрдісіне 10% ғана өзгеріс енгізе аламын дейді. Бұдан көшбасшылық қасиетін дамыту керектігін түсіндім.

Директордың бейінді және оқу жөніндегі орынбасарларымен, бірлестік жетекшілерімен сұхбаттастым. Сұхбат келесі сұрақтарды қамтыды: өзара тәжірибе алмасу жұмысы жолға қойылған ба, туындаған мәселелерді бірлесе шешесіздер ме, жас мамандармен жұмыс қалай қойылған, ата-ана қоғамдастығымен жүргізіп жатқан жұмысқа көңіліңіз тола ма? деген сұрақтар төңірегінде жүрді. Алынған жауаптарды сараптай отыра мектебімді матрицаның "Білімді тереңдету, қорыту және тарату" ұяшығына жататына көзім жетті.

Мұғалімдер әріптестерімен өзінің сәтті, сондай-ақ сәтсіз тәжірибелерімен бөлісе отырып, себептері мен факторларын анықтап, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан бағалайды. Мұғалімдер бір-біріне ілтипатпен қарап, әртүрлі проблемалардан қорықпайды. Олар пікірлерімен және ресурстарымен алмасу мақсатында бір-бірінің сабақтарына бейресми түрде қатысады. Жетістіктерді бірлесе талқылап, жаңа идеяларды анықтайды және оларды оқыту үшін негіз етіп алады. Идеялар автордың мәртебесіне қарамастан, маңыздылығына қарай бағаланады. Жас, еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің жұмысы үшін ұжымдық жауапкершілік алу басым. [2, 6-бет]

Баланың бас ұстазы - ата-ана демекші, бүгінгі күні қаншалықты ата- ана мектепке қанағаттануда? Мектептің оқу үдерісі жайлы ойын, өз баласының оқытудағы дамуы, тәрбиесі жайлы пікірлерін білу мақсатында сауалнама алдым. Сауалнамаға 463 ата-ана қатысты. Мектепте ата-аналар жиналыстарының өтуі сауалнама алуға тиімді болды. Кейбір сұрақтар нәтижесі төмендегі диаграммамен көрсетілген.

Сауалнама жауаптарын зерделей келе "Менің балам бұл мектепте өзін жайлы сезінеді" дегенге сұраққа, "Келісемін" - 199 (52%), "Тұрақты пікірім жоқ" - 236 (26%), "Келіспеймін" - 18 (10%), "Толығымен келіспеймін" - 10 (10%) деп жауап берген, бұдан ата-ана мектепте баласының білім алуына сенімді екенін аңғардым.


"Менің балам бұл мектепте жақсы жетістіктерге жетіп жүр" деген сұраққа "Келісемін" - 134 (10%), "Тұрақты пікірім жоқ" - 281 (20%), "Келіспеймін" - 36 (26%), "Толығымен келіспеймін" - 12 (40%) дегенге ата-ананың жалпы 86% нақты жауап бере алмағандықтан баласының мектеп өміріндегі жағдайынан бейхабар екендігін білдім.




"Бұл мектеп менің баламның білім берудегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады" деген сұрақта "Келісемін" - 139 (31%), "Тұрақты пікірім жоқ" - 283 (62%) "Келіспеймін" - 32 (7%), "Толығымен келіспеймін" - 9 (20%), бұл жерде 40% ғана келіспегеніне қарағанда ата-ана баласына деген құрмет бар екенін сезінгенін көрдім.


"Менің баламды бұл мектепте жақсы оқытады" дегенге сұраққа "Келісемін" - 170 (37%), "Тұрақты пікірім жоқ" - 256 (57%), "Келіспеймін" - 25 (6%), "Толығымен келіспеймін" - 5 (1%) деген.


Жауаптан 56% «Тұрақты пікірім жоқ"» деген, "Неге?" деген сұрақ туындайды. Бұл жерде көпшіліктің ойы әр түрлі, мен үшін бұл үлкен мәселе болды. Ары қарай себебін анықтауды ұйғардым.

Сондықтан оқушылардан сауалнама алып, сұхбаттастым. Мектеп оқушыларынан алған сауалнама мақсаты: оқушыларымның мінез-құлқы, қарым-қатынас, мектепке деген көзқарасын анықтау болатын. Оқушылардың табысты болуы үшін қажетті дағдыларды қарастырғанда негізінен сауалнама нәтижесі бойынша 60% «Игі қабылдайтын оқушы» санатына жататынына көзім жетті. Бұл оқушыға мектепте ұнайтынын, мектепке сенім білдіретінін, мұғалімінің ұнайтынын айтады. Сауалнама жауабындағы мен ерекше толғандырған үш сұрақ болды: «Өз ойыңды толық жеткізе аласың ба?» дегенге «иә» деп 90 (41%), «онша емес» 61 (28%), «жоқ» - 68 (31%) жауап берсе, «Түсінбегеніңді мұғалімнен сұрай аласың ба?» дегенге «иә» - 101 (46%), «онша емес» - 21 (10%), «жоқ» - 97 (44%) жауап беріпті. Бұл жерден мен оқушылардың өз ойларын айтуда, сөйлеуге қиналатындарын байқадығам.

Ал «Бағалау сәйкес келеді, ол сіздің айналасатын нәрсеңізден туындайды» деген сұраққа тек 44 бала ғана жауап берген. Бесеуі маңызды десе, қалғандары 2 немесе 3 орынға бағалауды қойған. Мұнын барлығы жалған бағалардың себбінен деп ойлаймын. Қазіргі кезде сабақ үстінде баға алу балаларға маңызды емес болып тұр.

Бастауыш буын балаларын оқыту әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты болғандықтан біздің мектептің бастауыш буын бойынша жұмыс істейтін А. есімді психологпен сұхбаттастым. Психологтың пікірінше қазір эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен, өз ойын толыққанды жеткізе алмауымен де байланысты екенін түсіндіреді. Мұндағы мазасыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам жаулайды. Сондықтан "СМАS алаңдаушылық шкаласы" әдістемесі бойынша 4-сынып оқушыларының мазасыздану деңгейін анықтадық. Сауалнама мақсаты: алаңдаушылық деңгейін анықтау. 4-сыныптардың мазасызданудың жоғары деңгейі бойынша нәтижесі төмендегідей болды. Бұл нәтижеден мазасызданудың жоғары деңгей көрсеткіші шынында да әр сыныпта жоғары екенін байқадым. Бұдан өзіме түйгенім: бала мазасыз болса өз ойын жинақтап, айта алу сабақ барысында көп кедергі келтіретініне көзім жетті. Психолог алдағы уақытта тренингтер өткізуді жоспарлағанын айтты.

Мектептің бастапқы жағдайын анықтауда, ата-аналар, оқушылардан сауалнама алып, сұхбаттасқандағы уақытта менің түсінгенім оқыту мен тәрбие үдерісінде әлі көп жұмыс атқару керектігі. Деңгейлік курстан өткен ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отыра, осы мәселені шешеді деп ойлаймын. Қазіргі білім беру жүйесіне бұл тәжірибе толық енгенде ғана оқушылардың өздігінен білім алу дағдысы, сыни ойлауы толығымен қалыптасады. Б. есімді ата-анамен сұхбаттасқанда өздерінің жұмысбастылығын, қазақша жетік білмейтіндігін, қазақша білмейтіндерін уақыты аздығынан баласының оқуына көңіл бөле алмайтындығын туралы, тағы басқа себептер айтады. Бүгінгі күні баланың тақырыпты өз бетінше меңгеруі мен бағалауы, алған білімін өмірде қолдана алуы өзекті мәселе болғандықтан мұғалімге артатын жүк ауыр.

Ата-ана пікірінен өзін мектептің жұмысын жоспарлауына қатысуды қажет емес, осы уақытқа дейін мектеп жоспарлауға қатыспағанын, пікірінің ескерілуі керек емес деп ойлайтынын анықтадым. Өйткені, ата-аналар бұрыннан мұның бәрі тек мұғалімнің жұмысы деп ойлайды. Мектепте даму бағдарламасының басты мақсатын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Қорытындылай келе, мектебіміздің алға қойған мақсат, міндеттері, алған бағдар-бағыты дұрыс болғанымен оны іске асыруда әр ұстаз сыни тұрғыда ойлай отыра сезініп, оқушыларын да сыни тұрғыда ойлауға үйретіп, рефлексия жасаумен, сыни және критериалды бағалай білуі керек деп ойлаймын. Алдымызда мұғалім көшбасшылығын дамыту, ата-аналармен оқушының жетістіктері туралы талдауды жандандыру тұр. Осы жұмыстар іске асырылғанда ғана мақсатымызға толық жетеміз деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

1. 4_L1_2F2F_Іс-әрекеттегі зерттеу.

2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, бірінші (ілгері) деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012







Қосымша - 1.

Ұстаздарға арналған сауалнама

Мақсаты: Мектептің обьективті жағдайларын анықтау

І. Зерттеу және рефлексия

1.1

Біз мектеп-гимназиядағы оқытудың сапасын талқылаймыз

сирек

кейде

жиі

әрқашан

1.2

Тәжірибеге енгізілген өзгерістерді талдаймыз

сирек

кейде

жиі

әрқашан

1.3

Өз сыныбымдағы жүргізген тәжірибеге уақыт бөлемін

сирек

кейде

жиі

әрқашан

1.4

Біздің мектеп-гимназия мұғалімдері жаңаша оқытуды іске асыруда

сирек

кейде

жиі

әрқашан

ІІ. Жоспарлау

2.1

Мектеп-гимназия жоспарында біздің ұзақ мерзімді жоспарымыз көрініс табады

сирек

кейде

жиі

әрқашан

2.2

Мектеп -гимназияның жоспарлау үдерісі жазбаша құжатталған жоспарға қарағанда маңызды деп санайды

сирек

кейде

жиі

әрқашан

2.3

Мектеп-гимназияның даму бағдарламасымен барлық мұғалімдер таныс

сирек

кейде

жиі

әрқашан

2.4

Біздің мектеп-гимназияның даму жоспарын барлығымыз бірге талдап, өзгерістер енгіземіз

сирек

кейде

жиі

әрқашан

ІІІ. Қатыстырылуы

3.1

Мектеп-гимназия тәжірибесіне өзгерістер енгізгенде оқушылардың пікірін біледі

сирек

кейде

жиі

әрқашан

3.2

Тәжірибеге өзгерістер енгізерде ата- аналар пікірі ескеріледі

сирек

кейде

жиі

әрқашан

3.3

Мектеп-гимназия ұжымы келешектегі бағыт таңдауда бірлесіп шешім қабылдайды

сирек

кейде

жиі

әрқашан

3.4

Мектеп-гимназияны алдағы уақытта дамытуда сырттағы тұлғалар, ұйымдар тартылады

сирек

кейде

жиі

әрқашан

ІV. Мұғалімдерді дамыту

4.1

Бұл мектеп-гимназияда мұғалімдердің кәсіби оқуы ескеріледі

сирек

кейде

жиі

әрқашан

4.2

Мұғалімдердің кәсіби оқуына ерекше назар аударылады

сирек

кейде

жиі

әрқашан

4.3

Кәсіби даму үдерісі сыныптағы жұмыс мазмұнына байланысты

сирек

кейде

жиі

әрқашан

4.4

Мектеп-гимназия басшылығы кәсіби дамытуды мақсатты түрде іске асырады

сирек

кейде

жиі

әрқашан


V. Үйлестіру

5.1

Біз топқа бірігіп жұмыс істеп, тапсырмаларды орындаймыз

сирек

кейде

жиі

әрқашан

5.2

Маңызды шешімдер қабылданғанда барлық ұжым дер кезінде біледі

сирек

кейде

жиі

әрқашан

5.3

Үйлестіру жұмысын жүргізетіндер әріптестерімен жұмыс істеудің жолдарын меңгерген

сирек

кейде

жиі

әрқашан

5.4

Біз ілгері жылжудағы тиімді тәжірибемен алмасамыз

сирек

кейде

жиі

әрқашан

VІ. Көшбасшылық

6.1

Қиын тапсырмалардың шешімі білікті мамандарға тапсырылады

сирек

кейде

жиі

әрқашан

6.2

Мектеп-гимназия мұғалімдеріне көшбасшылық функция атқаруға мүмкіндік бар

сирек

кейде

жиі

әрқашан

6.3

Тәжірибелі көшбасшылар мектептің дамыту бағдарламасының мәселелерінде жетекшілік етеді

сирек

кейде

жиі

әрқашан

6.4

Мұғалімдер мектеп-гимназияның қай бағытында дамып жатқанын біледі

сирек

кейде

жиі

әрқашан

VІІ. Қазіргі кездегі оқыту

7.1

Сабақта оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлауға үйретемін

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.2

Сабақта диалогтық оқытуды қолданамын

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.3

Сабақта топтық жұмыстарды қолданамын

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.4

Сабақта оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.5

Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламын

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.6

Сабақтарымда АКТ-ны қолданамын

сирек

кейде

жиі

әрқашан

7.7

Дарынды және талантты оқушыларды оқытуды білемін

сирек

кейде

жиі

әрқашан

Қосымша - 2

Ата-аналарға арналған сауалнама

Мақсаты: ата-аналардың мектептің оқу үдерісі туралы ойын анықтау.


Сіздің пікіріңіз біз үшін өте құнды!

Сұрақтар

Толығы

мен келісемін

Келісемін

Тұрақты пікір жоқ

Келіс

пеймін

Толығымен келіспеймін

1.Менің балам қауіпсіз, сенімді ортада білім алады






2. Балам оқитын жерде нығыз тәртіп бар






3.Балам мектептегі оқу өте қызықты деп санайды






4.Балам оқитын мектеп жоғарғы академиялық стандарттарға сай






5. Баламның мұғалімі жоғары деңгейлі маман






6. Мектеп өмірі туралы ақпаратты дер кезінде аламын






7. Баламның үлгерімі жайлы толық ақпаратты алып отырамын






8. Басқа оқушылар балама құрметпен қарайды






9.Ересектер де балама құрметпен қарайды






10.Мені мектепте алған баламның білімі қанағаттандырады






11. Баламның үй тапсырмасын үнемі қадағалаймын






12. Баламның үй тапсырмасын орындайтын орнын, уақытын белгілеймін






13.Жергілікті білім беру бөлімі мен мектептің интернет- сайтындағы өзгерістерді қадағалаймын







Қосымша - 3


Оқушыларға арналған сауалнама

Мақсаты: оқушылардың мінез-құлқы мен қарым қатынасын санаттау

1. Саған мектепте ұнайды ма?
а) иә
ә) онша емес
б) жоқ
2.Таңертең мектепке қуана барғың келе ме, әлде үйде қалғың келе ме?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
3. Егер мұғалім ертең мектепке келу міндетті емес десе, сен үйде қалар ма едің ?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
4. Саған сабақта топпен жұмыс жасаған ұнай ма?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
5. Саған үй тапсырмасын бермесе екен деп тілер ме едің?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
6. Түсінбегеніңді мұғалімнен сұрай аласың ба?

а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
7. Сен мектебің туралы ата- анаңа, достарыңа айтасың ба?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
8. Өз ойыңды толық жеткізе аласың ба?

а) иә
ә) онша емес

б) жоқ-
9. Сыныпта достарың бар ма?
а) иә
ә) онша емес

б) жоқ
10.Өз сыныптастарың ұнай ма?
а) ұнайды
ә) онша емес
б) жоқ


Қосымша - 4

Әдістеме атауы: СМАS алаңдаушылық шкаласы

Зерттелуші: 3 сынып оқушылары

Мақсаты: алаңдаушылық деңгейін анықтау.

Нұсқау: «Сендерге сөйлемдер берілген. Әрқайсысының жанында екі жауап жазылған: ДҰРЫС және БҰРЫС. Сөйлемдерде оқиғалар, жағдайлар, қалыптар сипатталған. Әрбір сөйлемді мұқият оқып, ол - сені, жүріс-тұрысыңды, қасиеттеріңді дұрыс сипаттайды ма екендігін шеш. Егер «иә» деп жуап берсең, ДҰРЫС сөзінің астын сыз, егер «жоқ» деп жауап берсең - БҰРЫС сөзінің астын сыз. Жауапты көп ойланба. Бір сөйлемге екі жауапты берме. Сөйлемдерді тастап кетпей, бәріне жауап бер».

Нәтижесі:

Алаңдаушылығы жоғары деңгейдегі оқушылар (коррекциялық топ):








13


© 2010-2022