Ашық сабақ Ағашты көркемдеп өңдеу

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім беру басқармасы

№43 мектеп.


Ағашты көркемдеп өңдеу.

Фанерадан жануарлардың бейнесін лобзикпен кесу.

.

Ботабаев Рифхат.

Өскемен қаласы

.

Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп өңдеу. Фанерадан жануарлардың бейнесін лобзикпен кесу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .

Тәрбиелік : еңбексүйгіштікке ,іскерлікке, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ынта-ықыласын,икемділігін, қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: технологиялық карта, жасалған бұйымдар, дайындамалар, шаблондар.

Құрал-жабдықтар: балға, егеу, шапқы.

Пәнаралық байланыс: география, эстетика, сызу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезені.

а.Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

ә.Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

б.Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрапбілу.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

5.Практикалық жұмыс кезеңі

6.Оқушылардың жұмысын бағалау.

7.Үйге тапсырма.Үйде өздерін осы технологиялық картаны қарастырып өздерінің жобаларындайындап келу,өзгеріс кіргізу.

1.Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

2.Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

а)Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрапбілу.

1.СТД-120 м станогы қандай жұмыстарды атқарады? 2.Ағаш өңдейтін СТД-120 м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі қандай?

3.Шпиндельдің тетіктерінің түрлері қанша?

4.Бұл станоктың басқа станоктан айырмашылығы неде?

Технологиялық кезең.

Ағаш өңдейтін токарь станогын жұмысқа әзірлеу және оның жұмысын басқару.

Нұсқау берілетін карталар.

Патрон шаңышқы, тығырық, сызғыш ағаш материалдары

Қауіпсіздік ережелері:

1.Станок орнатылған негізгі тіректе және басқа да бөлшектерінде өңдеуге дайындалған бөлшектердің айналауына кедергі келтіретін заттардың болмауы.

2.Кескіш аспаптың жақсы қайралған және жарамды болуын қамтамасыз ету.

3.Арнаулы жұмыс киімдердің жинақы да ыңғайлы болуы 4.Жұмыс кезінде қорғағыш көзілдірік киген дұрыс.

5.Электр қуатына қосылатын жерледің сенімді жұмыс істейтінің тексеру.

6.Жұмыс барысында станокты қолмен тежеп тоқтатуға, өлшеуге, майлауға, ахауларын түзетуге тиым салынады.

7.Ағаш материалдарында ешқандай жарық бұтақ көздері, шіріген қисық-қиғаш қабаттар кездеспегені дұрыс.

Сабақ барысында оқушылардың жұмыс кезіндегі кемшіліктерін және нәтижелерін ескерте отырып, жұмысты аяқтаймыз.

Сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсінігін анықтау

Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау

Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына сұрақтар арқылы талдау жасату

1.Қандай жетістікке жеттік

2.Жіберілген кемшіліктер

Үйге тапсырма:

Дайындалатын ағаш материал 50х50х400 мм.

Материал түрі: қайың әкелу, балқарағай.








© 2010-2022