Техкарта: Самосвал автомобилінің көтеру механизімін және қосымша құрылысты жөндеу

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ЦИКЛ № VІ Жұмыс орны № 24

Технологиялық нұсқау карта № 30

Тапсырма: Самосвал автомобилінің көтеру механизімін және қосымша құрылысты жөндеу.

Сабақтың мақсаты: Самосвал автомобилінің көтеру механизімінің және қосымша құрылыстың атқаратын қызметін, құрылысын, жұмысын оқу, автомобильден агрегаттардың орналасуларын қарау, автомобильден агрегаттарды түсіріп алу, агрегаттарды бұзу, детальдардың ақауларын анықтап дефектілеуді, жарамсыз детальдарды ауыстыру, кері жинау және реттеулерін практикалық жұмыс істеп үйрену.

Сабақтың ұйымдастырылуы: Әр студент тапсырманы жеке және звеномен бірге орындайды.

І. Негізгі қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау.

ІІ. Инструмент және құрал жабдықтар: Камаз-5511 самосвал автомобилі, орта набор кілт, слесарь верстагі тискиімен, домкрат, подставка, арнаулы әмбебап съемнигі, отвертка, балға, плоскозубцы, бородок, арнаулы кілттер, тасымалданатын лампа.

Рет саны

Тапсырманың мазмұны және орындау тәртібі.

Техникалық ереже.

І

Самосвал автомобилінің көтеру механизімін және қосымша құрылысты бұзған және жинаған кезде негізгі техникалық қауіпсіздік ережесін қайталап оқып шығу.

ІІ

Самосвал автомобилінің көтеру механизімін және қосымша құрылыс агрегаттарының автомобильде орналасуын қараңдар, атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар.

ІІІ

Камаз-5511 самосвал автомобилінің көтеру механизімі.

1

Автомобильді оталдырып, кузовты көтеріп, стопор пальцісін салып және қосымша стойкамен кузовты тіреп, кузовтфы көтеру механизімінің негізгі бөліктерін қараңдар. Атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар.

Самосвал автомобилін жөндеген кезде сақтандыру пальцісін және стойкасын салып бекітіп барып жөндеу, пісіру жұмыстарын істеуге болады.

2

Бұзуға әзірлеп қойған көтеру механизімінің агрегаттарын: бак, телескопты цилиндр, май насосын, басқару кранын, қуат алу қорабын бұзып, атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар, детальдарын дефектілеп, қайта жинаңдар.

3

Самосвал автомобилінің көтеру механизімінде қандай ақаулар болатындығын анықтаңдар.

4

Плакттан және автомобильден кабинаны вентиляция және жылыту жүйелерінің атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын, бекітілуін оқыңдар

Кабинаның жылыту жүйесінің радиаторының бір жақ шлангасы краник арқылы блокқа, ал екінші басы суыту жүйесінің радиаторының төменгі бачогына бекітіледі.

5

Автомобильден және плакттан автомабиль лебедкасының атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын, орналасуын қарап оқыңдар және пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек екендігін анықтап біліңдер.

Автомобиль лебедкасын пайдалану кезінде өте сақ болу керек, тіке батып қалған автомобильді тартуға болмайды, терек , соқа арқылы тарту керек және жұмыс процессі кезінде тростың қасында тұруға болмайды.

6

Әйнек тазалағыш, аолдыңғы әйнекті жуғыш және әйнек көтергіштердің атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар, бұзуға әзірлеп қойған детальдардан бұзып құрылысын қараңдар.

Жаз кезінде әнек жуғыштың бачогі толып тұру керек. Әйнек тазалағыштың щеткалары дұрыс және алдыңғы әйнекті толық қамтып тазалау керек.

7

Автомобильдің ершікті құрылысының атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын автомобильден және плакаттан қарап оқыңдар.

Автомобиль тіркемесін тіркегеннен кейін кулакты бекітіп, захват пальцілерін салу керек.

8

Автомобиль кабинасын және жүргізуші, пассажир сидениясын автомобильден атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар.

Кабина есіктерінің дұрыс жабылуы, замоктардың дұрыс істеуі, қауіпсіздік ременінің болуы және замоктарының дұрыс істеуін дұрыс қараңдар.



Бақылау сұрақтары:

1.Самосвал автомобилінің көтеру механизімі не үшін керек және ол қандай бөліктерден тұрады ?

2.Көтеру механизімінің багіне қандай май құйылатынын анықтаңдар ?

3.Самосвал автомобилінің көтеру механизімінің бортты көтеру және түсіру кезінде қалай жұмыс істейтіндігін айтыңдар ?

4.Көтеру механизімінің қандай негізгі ақаулары болады ?

5.Лебедканың негізгі детальдарын атап көрсетіңдер ?

6.Лебедка барабанының және автоматтандырылған тежеу механизімінің құрылысын және жұмысын айтыңдар ?

7.Лебедкаға күтім жасау нүктелерін және реттеулерін айтыңдар ?

8.Лебедкада қандай ақаулар болатындығын айтыңдар ?

9.Автомобиль-тягачта ершікті құрылыс неге керек екендігін, құрылысын, жұмысын, күтім жасау нүктелерін және реттеулерін, ақауларын айтыңдар ?



© 2010-2022