Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларды тігін машинасын жұмысқа дайындау және түзу тігіс  жүргізу жұмыстарымен таныстыру, тігін машинасымен жұмыс істеу  барысында жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, білімін арттыру. Дамытушылық мақсаты: тігін машинасымен жұмыс істеу білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру; Тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында тәртіп ережесін сақтауға, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: плакаттар,слайд, кеспелер. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларды тігін машинасын жұмысқа дайындау және түзу тігіс жүргізу жұмыстарымен таныстыру, тігін машинасымен жұмыс істеу барысында жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, білімін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: тігін машинасымен жұмыс істеу білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында тәртіп ережесін сақтауға, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар,слайд, кеспелер.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО-ның әдіс-тәсілдері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

-Тігін машинасының шығу тарихы.

-Тігін машинасының түрлері.

-Техника қауіпсіздік ережесі.

-Тігін машнасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?

-Карл Вайзенталь қандай машина ойлап тапты?

-Исак Зингер кім және оның қандай еңбегі бар?

-Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауытты білесіңдер?

-Қазіргі кездегі қандай машина түрлерін білесіңдер? (Слайд көрсету)

-Машина бөлшектерін ата? (Слайд бойынша үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізу)

-Қол тігін машинасы мен аяқ тігін машинасының айырмашылығы неде?

-Тігін машинасымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

3. Бекіту.

-Машина бізге не үшін керек? (Бұйымды тігу үшін)

-Олай болса, біздер тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны еңбекке қалай әзірлейміз , соған тоқталайық.

4. Жаңа сабақ . Тігін машинасын жұмысқа дайындау.

Түзу тігіс жүргізу.

1.Машинада дұрыс отыру тәсілі (слайд):

-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе аалдыңғы жақтан тсу керек;

-отыратын орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10-15 см болу керек;

-құрал-жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет , үселдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;

-тігін машинсының айналатын бөлшектеріне тым жақындамау.

2. Тігін машинасын іске қосу ежесі.

1. Тігін машинасын бос жүріске қой. Ол үшін сол қолмен маховик дөңгелекті ұстап тұрып , жұмысқа қосып, ажырататын винтті өзіңе қарай бұра;

2. Айналдырғышты жұмыс жағдайына қой, ол үшін жүргізгішті ұясына орналастыр;

3. Қозғалтқышты бірқалыпты бұрай отырыып, маховик дөңгелекті айналдыр. Жұмыс кезінде маховиті дөңгелек өзіңе қарай айналады.

4. Тігін машинасын бос жүріске қой. Ол үшін сол қолмен маховик дөңгелекті ұстап тұр, жұмысқа қосып, ажырататын винтті орналстыр. Қозғалтқышты бір қалыпты бұрай отырып, маховик дөңгелекті айналдыр. Жұмыс кезінде маховикті дөңгелек өзіңе қарай айналады. Жұмыстың соңында жұргізгшті ұясынан, машинаны істен шығарып қой;

5. Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп, инені жоғары көтеріп қой. Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп, жіпті қажетті тетіктерінен өткіз. Жіпті үстіңгі жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.

Астыңғы жіпті өткізу ережесі;

1.Жібі оралған қабына кигіз.

2.Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз, жіптің ұшын 10-15 см артық алдыр.

3.Шөрікті тігін машинасның астындағы өзінің құрылғысына оналастыр. Шөрікті орналастырғанда оның қондырғы саусағы арнайы тетікке кіріп тұрады. Сырт еткен дыбыс естілген жағдайда шөрік дұрыс орналасты деп есептейміз;

4.Ысырмалы қақпақшаны жауып, инені жоғары-төмен қозғалта отырып, астыңғы жіпті сұырып шығыр. Үстіңгі және астыңғы жіптердің екі ұшын тартып, табанының астынан кері жібер.

Бекіту.Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындаймыз?

1.Сарамандық жұмыс.

2.Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

3. Машинада дұрыс отыру ережесі

4 .Машинаны бос жүріске келтір.

5.Машинаны жұмыс жүрісіне қос.

6. Үстіңгі жіпті өткізу.

7. Астыңғы жіпті өткізу ережесі.

8. Машинаны іске қосып, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ қағазға жүргізу.

6. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу.

7.Бекіту. Сонымен біз тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оның әзірлеу жолдарымен таныстық, үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізу,машинада дұрыс отыру ережсімен және тігін машинасын іске қосу ережесімен таныстық.

8. Қорытындылау.

-Өздігіңнен машинаға жіпті сабақтай аласың ба?

-Машинадағы бос жүріс дегеніміз не? Ол не үшін керек?

9. Үйге тапсырма. Тігін машинасында үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп үйрену.









© 2010-2022