Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Раздел Технология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмабике Төремұратова

Жаңаөзен кәсіптік лицейінің

арнайы пән оқытушысы

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

(Облыстық конференцияда оқылған баяндама)


Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолданылуда. Оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында АҚШ мемлекетінде бастау алып, ағылшын тілдес Батыс Еуропада тез тараған еді.

Кеңес Үкіметінің кезінде модульдік оқыту алғаш Литвада оқу үрдісіне еніп, бұл мәселемен Л. Иованша шұғылданды. Бұл технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, жүйелі білім алуға жол ашты. Себебі, модульдік оқыту технологиясында оқытудың әртүрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, т.б.) қолдануға мол мүмкіндіктер берді.

Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.

Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар, аяқталған ақпарат блогын атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші, хабарлаушы ролін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады.

Модульдік окыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жакты әдістемелік нұсқаулар беру.Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады.Мәселен Н.Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселелерді шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік , дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді.Тәжірибелі педагогтар Ш.Амонашвили, Л.Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түрлі болатыны белгілі.Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді.

Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білу қажет.Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.

Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:

-ақпарат материалының мақсаттылығы,

-жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;

-модуль элементтерінің жеке даралығы;

-ақпараттың жеке әдістемелік материалдың оңтайлы берілуі:

Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді.Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі.Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгеріліп отырылады.

Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтар зерттеп келеді. Л.Иованша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:

1.Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелеу, топтық оқу, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан);

2.Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын);

3.Үзделімпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диалог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет);

4.Өздігінше оқу әдісі ( тыңдау, оқу );

Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыптарды түсіндіргенде қолданады. Мысалы дәріс барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндма жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады.Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.




«Апат түрлері және оның болу себептері» тарауын модульдік оқыту жүйесіне салынған сабақ жоспары:

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1 сабақ

Модульге кіру

Теориялық білім

Визуалдық лекция

Тірек сызбалар арқылы түсіндіру

Апаттың түрлері, олардың пайда болу себептері және ескерту шаралары туралы түсінік

Кептелуді жою.

Ұстағыш құралдар және олармен жұмыс

Апат кезіндегі жұмысты ұйымдастыру

Сызбамен жұмыс

Дәптермен жұмыс

5 мин.


15 мин.

15 мин.

15 мин.

15 мин.

Сөйлеу

2 сабақ

«Қарлы кесек» ойыны

45 мин.

3 сабақ

«Сиқырлы сандықша» ойыны

45 мин.

4 сабақ

«Брейн-ринг» ойыны

45 мин.

5 сабақ

Сайыс сабағы

45 мин.

Қорытынды

6 сабақ

Тест

45 мин.

7 сабақ

Сынақ

45 мин.



1-сабақ

Тірек сызбалары

Апаттың түрлері туралы түсінік

1-сызба.

Турбобұрғының Бұрғылау құбырлары тізбегінің

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігісынуы кептелуі

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі Шыңырауда

БМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіұрғылау Шеген тізбегінің кептелуі

құбырларының

сынуы

Қашаудың сынуы Бұрғылау құбырларының

бұралып кетуі

2 -сызба.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

ШМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіыңыраудағы Кептелудің пайда болу Бұрғылау ерітінді-

қМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіысымның себептері сінің айналымының

қМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіұлауы толық тоқтауынан

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Лақтырылу, судың көрінуі, Алдыңғы қашаудың диаметрінің

бұрғылау ерітіндісінің желінгендігінен жаңа қашаудың

жМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіұтылуы төменде тұтылуы

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

ОМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіқпанның тарылуы, Бұрғылау құралдарын көтеріп-

жМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіыныстың құлауы түсіру кезде және қашауға қоқым-

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігілай түзілуі

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

БМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіұрғылау тізбегінің БҚ қозғалтқыштары істен шыққан

қМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіосылысында жібе- да н/е электробұрғы ажыратылуы

рМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіудің болуы

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Цемент көпіршесін

орнатқандағы цемент

ерітіндісінің уақытынан

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігібұрын бірігуі

Кептелуді жою тәсілдері

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Бұрғылау тізбегін ротормен бұрғылау немесе

әрлі -берлі жүргізу

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

СМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіұйық ваннасы Гидроимпульсті тәсіл (ГИС)

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі

сМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіулы қышқыл

Вибратор, яса, түптік гидравликалық

мұнайлы соққылағыш, қуаттылығы төмен баулы

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіторпедалы жару


Ұстағыш құралдардың жіктелуі

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігіМодульдік оқыту технологиясының тиімділігі

метчиктер колоколдар шлипс овершот сыртқы құбыр кескіш

бұратын ілмек фрезер

Сызбалар дәптерге жазылады.

Қысқа конспект жазылады.

Қорыту.

Үй тапсырмасы:

Апат түрлерін, ескерту шараларын, кептелудің жою әдістерін оқу. Ұстағыш құралдарды және олардың жұмысымен танысу.

2-сабақ. Тақырыбы: «Қарлы кесек» ойыны.

Мақсаты: Білімділік--апат жұмыстарын таныстыру, қолданылатын

құралдарды үйрету.

Сабақтың түрі: ойын.

Жабдығы: тапсырма жазылған конверттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; (10 мин.)


  1. Апат дегеніміз не?

  2. Апаттың қандай түрлері бар?

  3. Апатты жою үшін қолданылатын құралдар?

ІІІ. «Қарлы кесек» ойыны.

Топ оқушылары шағын 5 топқа бөлініп, 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен нөмірленген үстелдерге орналасады, әр топ өз тапсырмаларын еске түсіру үшін 10-15 минут дайындалады. Әр оқушы өз тақырыбын әңгімелейді. Балалар жазып алады.

Ойынның І туры жарияланады. (10 мин.)

Әр топтың жетекшілері берілген келесі тапсырма бойынша өз тақырыбын әңгімелейді. Топтың қалған мүшелері мұқият тыңдап, сызба жоспар, тезис түрде жазып алады. Бұл уақытта бірінші оқушы тақтада сызбалар сызады. (Ребус, сөзжұмбақ)

ІІ тур. Оқушылар орындарын ауыстырады. Тақырыптар өзгертіледі. Тақтада ойыншылар өздерінің сызба конспектлерін қорғайды. Мұғалім мен басқа оқушылар бақылап отырады.

ІІІ тур. Қорытынды шығарылады.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыптарды пысықтау.

3 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы сандықша»

Мақсаты: Апат тарауы бойынша берілген тақырыптарды

меңгерту, оқушылардың білімділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Оқыта үйрету ойыны.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың жабдығы: Кеспе қағаздар, сандықша, карточкалар

(ұпай көрсетілген)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сөзжұмбақ ребусты шешкізу.

  2. Кептелуді жою тәсілдерін айтқызу.

  3. Ойынның шартын, мақсатын айту.

Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды:

5 ұпай, 4 ұпай және 1 ұпай көрсетілген карточкалар.

«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толтырылады.

Әрбір оқушы кезегімен сұрақты алып, дауыстап оқып, жауап береді де, тиісті бағасын алады. Ойынды аяқтай келе мұғалімнің көмекшісі әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп отырады да, соған сәйкес орын (1, 2, 3,) беріледі.

Сандықшаға салынатын сұрақтар:


  1. Апат дегеніміз не?

  2. Апат қай кезде болуы мүмкін?

  3. Апаттың қандай түрлері бар?

  4. Апаттың пайда болу себептері қандай?

  5. Кептелу дегенді қалай түсінесіңіз?

  6. Кептелу қай кезде болуы мүмкін?

  7. Шеген және бұрғылау тізбектерінің кептелуінің себептері?

  8. Кептелуді қалай ескертуге болады?

  9. Қашаудың сынуымен байланысты болған апатты қалай жоюға болады?

  10. Турбобұрғының сынуына не себеп болады?

  11. Турбобұрғының сынуымен байланысты апатты болдырмаудың қандай жолдары бар?

  12. Бұрғылау құбырларының сынуымен байланысты апат қай кезде кездеседі?

  13. Бұрғылау құбырларының апатының болуы себептері?

  14. Кептелуді жоюдың қандай тәсілдерін білесіңдер?

  15. Шамалы кептелуді жою тәсілдерін атаңыз?

  16. Кептелудің әртүрлі түрін жоятын ең тиімді тәсілді атаңыз?

  17. Кептелген жерді қалай анықтауға болады?

  18. Ұстау жұмыстары дегеніміз не?

  19. Ұстағыш құралдар қай кезде қолданылады?

  20. Ұстағыш құралдардың қандай түрлерін білесіз?

  21. Метчиктердің түрлері және қолданылуы?

  22. Колокол (қоңырауша) қай кезде қолданылады?

  23. Шлипс (жуумен ұстағыш) қандай құралдардан кейін қолданылады және жұмысы?

  24. Овершот неден дайындалады және нені қалай ұстайды?

  25. Сыртқы құбыр кескіш қай кезде қолданылады?

  26. Қармақты не үшін қолданады?

  27. Бұратын ілмектің атқаратын қызметі?

  28. Фрезер қай кезде қолданылады?

  29. Апатты жою жұмысына кім жауапты?

  30. Апатты жою бойынша жоспар қай кезде құрылуы тиіс?

Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындау.

4 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Брейн-ринг» ойыны.

Мақсаты: Білімділік-деңгейлік тапсырмалар арқылы тақырыпты таныту; дамыту-ойлау; шапшаң жауап беру қабілеттерін дамыту; тәрбиелік-жағымды қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық ойын.

Сабақтың әдісі: модульдік жүйе бойынша.

Сабақтың жабдығы: карточкалар, плакаттар, фишкалар, нөмірлер, жаймалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қызыл, сары, жасыл, көк үстелдерге орналастыру. Ойынның тәртібін, мақсатын түсіндіру.

ІІ. Ойынды жүргізу.

Әр столға жайылған әрбір жаймаға 1 ғана тапсырмасы бар карточка қойылады.

Сары үстел.


  1. Апат дегенді қалай түсінесіз?

  2. Апаттың қандай түрлерін білесіз?

  3. Апаттың пайда болуына қандай себептер бар?

  4. Апатты ескертудің қандай шараларын білесіз?

Қызыл үстел.


  1. Кептелу дегеніміз не?

  2. Кептелуді жою әдістері?

  3. Кептелуді қалай анықтаймыз?

  4. Кептелуді ескертудің қандай шаралары бар?

Жасыл үстел.


  1. Ұстау жұмыстары дегенді қалай түсінесіз?

  2. Ұстағыш құралдардың түрлері?

  3. Ұстағыш құралдармен жұмыс істеу тәртібі?

  4. Ұстағыш құралдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережесі?


Көк үстел.


  1. Апат болған уақытта не істеу керек?

  2. Апат жұмысы қалай ұйымдастырылады?

  3. Апат жұмысына кім жауапты?

  4. Апат жұмысы кезіндегі қауіпсіздік ережесі?

Әр ойыншыға 1,5-2 минут уақыт беріледі. Ойын барысында әр ойыншы фишка алып отырады. Солардың саны мен түсіне қарай баға қойылады. Жүргізушілер ортақ бағалау парағын толтырып отырады.

Сары фишка («3»), жасыл («4»), көк («5»), жартылай көк қосымша толықтыруға берілген.

ІІІ. Ойынды қорыту.

IV. Бағалау.

V Үй тапсырмасы. Тақырыпты қайталау. Сөзжұмбақ, ребус дайындау.

5 сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Апатты қайталау

Мақсаты:Білімділік-тақырыптан алған білімдерін сұрақ, жаттығу, тапсырмалар арқылы тексеру: дамыту- шапшаң ойлап, ұшқыр жауап беруге дағдыландыру: тәрбиелік- сөйлеу мәдениетін үйрету( тіл).

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау.

Жабдығы:карточкалар, сөзжұмбақ, ребус.

Барысы:

І- Ұйымдастыру кезеңі. Сайыс өткізу үшін оқушыларды 3 (топқа бөлу) бригадаға бөлу.

«бірінші бригада» «екінші бригада» «үшінші бригада»

ІІ. Сайысты жүргізу.

1-сайыс: «Үндемес ойын».

Тақырып бойынша түсінік жазу.

«1-бригада»-Апат туралы түсінік.

«2-бригада»-Апатты жою тәсілдері.

«3-бригада»-Апат кезінде қолданылатын құралдар.


2-сайыс. Сатылай кешенді талдау.

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, «ұстағыш құралдардың» атын жазады. Құралдың қай кезде не үшін қолданылатынын айтады. Қалған оқушылар әр топқа үш сұрақтан қояды.

3-сайыс. «Ойлан, тап».

Үйде дайындап әкелген сөзжұмбақтар мен ребустарды әр топтан бір оқушы шығып шешеді.

4-сайыс. «Киелі сандар».

Әр топқа бір сан беріледі. «1 бригада-3», «2 бригада-5», «7 бригада-7». Әр топ берілген сан бойынша Апаттың түрлерін, жою әдістерін және қолданылатын ұстағыш құралдарды жазып, әңгімелейді.

5-сайыс. Бұрғылау құралдары және ұстағыш құралдардың сызбасы бойынша қысқаша әңгімелейді. (топ басшылары орындайды).

Қалған оқушылар әңгімелерді дәптерге жазып отырады.

ІІІ. Қорытынды. Әр топтың ұпайы есептеледі. Жеңімпаз топ пен белсенді оқушылар анықталып, марапатталады.

IV. Бағалау.

V. Үй тапсырмасы: Тест сұрақтарына дайындалу.

6-сабақ.

Тест сұрақтары:


  1. Апат қай кезде болуы мүмкін?

а) тоқтаған б) бұрғылаған в) соққылаған


  1. Бұрғылау процесіндегі апат дегеніміз не?

а) қашаудың сынуы б) құбырдың көтерілуі

в) шеген тізбегінің көтерілуі

3. Апат қандай жағдайда кездесуі мүмкін?

а) бекітілген бұрғылау режимін сақтамағанда

б) бұрғылау жабдықтары болмағанда

в) бұрғылау құбырлары жетіспегенде

4. Кептелу дегеніміз неге жатады?

а) жөндеуге б) тереңдетуге в) апатқа

5. Кептелудің негізгі себептерінің бірі?

а) құбырдың жіңішкеруі б) оқпанның тарылуы

в) шеген тізбегінің жіңішкеруі

6. Кептелуді жою тәсілдерінің бірі?

а) қою балшықты қолдану б) цемент ерітіндісін қолдану

в) сұйықтың ваннасын қолдану

7. Кептелген жерді қалай анықтайды?

а) кептелуді анықтағышпен б) қабатты сынағышпен

в) тереңдік өлшегішпен

8. Ұстау жұмыстары не үшін қажет?

а) жөндеу жұмыстарын жалғастыруға б) тексеру жұмыстарын жүргізуге

в) бұрғылауды қайтадан бастауға

9. Ұстау жұмысын жүргізу үшін қандай құралдар қолданылады?

а) арнайы б) кез-келген в) жөнделген

10. Ұстағыш құралдардың бірі?

а) манометр б) овершот в) ареометр

11. Метчиктер не үшін қолданылады?

а) шыңырауда қалған бұрғылау құбырларының тізбегін шығаруға

б) шыңыраудан жуу сұйығын шығаруға

в) шыңыраудан қазылған жынысты шығаруға

12. Шыңырауға бұрандалы қосылысы үзілген құбырлар тізбегін немен ұстаймыз?

а) вискозиметр б) колокол в) ГИВ-6

13. Шеген және бұрғылау тізбектерінің кептелу себептерінің бірі?

а) бұрғылау қондырғысының жылжуы

б) бұрғылау құбырының өсуі

в) бұрғылау ерітіндісінің жұтылуы

14. Шыңырауда кездесетін апаттың негізгі түрлерінің бірі?

а) турбобұрғының сынуы б) аспалы кілттің сынуы

в) АКБ-3М кілтінің сынуы

15. Шыңырау түбінде қашаудың тұрып қалуының себебі?

а) қашаудың жиі айналуы б) шарошкаларының тоқтауы

в) түптің қарқынды жуылуы

7 сабақ.

Сынақ.




© 2010-2022