Сайыс сабақ 6-сынып Ең іскер, ең шебер

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп

6-сынып

Пәні: технология

Пән мұғалімі: Калиева Алия Сайлаубекқызы

Технология пәнініңмұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Ең іскер,ең шебер» екі топ арасындағы сайыс сабақ.

Мақсаты: Оқушылардың икемділігін іскерлігін,шеберлігін

қалыптастырып,ұқыптылыққа баулу.

Білімділік: Қазақ халқының қол өнерімен тігін бұйымдарын қазіргі өмір сүру салтымен тығыз байланыстыру.

Тәрбиелік: Берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға,ұжымдық ұйымшылдыққа тиянақтылыққа бейімдеу.

Дамытушылық: Эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық қабілетін

артыру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

І.Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтары беріледі.

-Еңбек құралдарымен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?

-Белдемше дегеніміз не?

-Белдемшенің қандай түрлерін білесіңдер?

ІІ.Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жол сілтеген биікке ұстаздарым,

Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырам әділқазы алқаларын.

2.Сайыс сабағының жоспарымен таныстыру.

1.Топ аттарын қорғау: «Шебер» тобы. «Өнер тобы»

2.Жасырын сұрақ.

3.Шеберліктерін сынау.«Жетірет өлшеп, бір кес»

«Бәйге» сайысы

5.Сөзжұмбақ

6.Шеберлік,еңбек,өнер туралы мақалдың жалғасын табу.

7.Әділқазылар алқасы әр топтың ұпай санын есептеп,әділ бағаларын береді.

8.Қорытынды сөз.

1.Әр топ өз тобының аттарын қорғайды.

2.Жасырын сұрақтар.

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

Техникалық қауіпсіздік ережесі туралы.

1.Қол жұмысында қолданылатын техникалық қауіпсіздікережесін айтып бер.(10)

2.Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері.(10)

3.Ылғалдық-жылулық өңдеу жұмысында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелері.(10)

Қол жұмысы кезінде қолданылатын терминдер.

1.Көктеу тігісі қандай жерлерде тігуде қолданылады.(белдік,желбіршек бөліктерін,бұйым бөлшектерін көктеу (20)

2.Жасырып тігу дегенді қалай түсінесің?(ілгек,түймеліктерді бұйымға қадау (20)

3.Шет тігісін қайда қолданады?(мата шетін тігуде,түйме қиықтарын шетін емес үшін,кестелеп тігуде (20)

Мата туралы түсінік.

1.Талшық неше топқа бөлінеді(екі топ .химиялық, табиғи) 30

2.Табиғи талшық түрін ата (мақта, зығыр, тұт) 30

3.Жануарлардан алынатын талшық (түйе,қой,ешкі жүні) 30

Белдемше (юбка түрлері)

Суреттерін көрсету оқушылар белдемшенің атын табуы керек( гаде,жартылай

күн,трапеция) 40

3.«Жеті рет өлшеп бір рет кес»

Бел шалғы үлгісін мата бетіне орналастырып қию.

«Бәйге сайысы»

1.Өлшемді адамның қай жағынан алады (оң)

2.Қазіргі кезде сән бағытына байланысты белдемшелер ұзындығы екіге бөлінеді қандай?

(mini ,яғыни тым қысқа,maxiтым ұзын)

3.Белдемше қай кезде пайда болған (көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып

қолданған

кезде пайда болған)

4.Арқау жіппен негізгі жіптің құрылысын айтып бер.

Жүн матанықандай температурада үтіктейді (60-200 градуста дымқыл дәке арқылы)

6.Жібек матаны қандай температурадаүтіктейді? (150-160 градус температурада (үтіктейді)

Тігін машинасының инесінің нөмірлерін ата. (70,75,80,90,100,120)

Тігін инесінің құрылысын айтып бер. (колба, стрежень, ине ұшы)

Тігін инесінің конструкциясын кім ойлап тапқан? (Америкада ХІХ ғасырдың (30 жылдарында)

Белдемше тігер кезде қандай өлшемдер алынады? (бел өлшемі, ұзындығы, бөксе өлшемі, мықын өлшемі)

Сөзжұмбақ шешу.

«Шебер»

Дөңгелек шеңбер етіп иілген киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі.

Жоғары сапалы болаттан жасалатын ұшы үшкір зат.

Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі, бағалы бұйым.

Қалыңдық киетін бас киім.

Мата қиындыларынан тігілетін бұйым.

«Өнер»

Сәндік үшін қолданылатын тігіс.

Ас атасы

Түрлі-түсті жіптен тігілетін қолөнер түрі.

Әйелдер бас киімі.

Ө


Н


Е


Р




Шеберлік, еңбек, өнер туралы мақалдардың жалғасын табу.

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

--------------- (Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.)

Өлеңшінің сөзі алтын,

---------- (Өнерлінің қолы алтын)

Шешеннің сөзі мерген,

---------- (Шебердің көзі мерген.)

Өнер - жас ұланнан

--------- (Жүйрік тай - құнаннан)

Олақ адам ---- (от жаға алмас.)

Шеберді жеңген -- (жұмыс жоқ.)

Сабыр мен еңбек--- ( бәрін де жеңбек.)

Шебер өлмес, ---- (өнер сөнбес.)

Қол өнері кілемде, -- (сөз өнері өлеңде.)

Көз қорқақ, ----- (қол батыр)

ІII. Қорытындылау.Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

«Шебер» тобы -

«Өнер» тобы -

ІV. Бағалау.

V.Үй тапсырмасын беру.Белдемшені тігіп келу.


© 2010-2022