Ашық сабақ Салаттың сыры

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Салаттың сыры

Сабақтың мақсаты:

1.Көкөністің тамақ рационындағы ролі , олардың құрамындағы дәрумендермен таныстыра отырып, танымдық әрекеттерін жетілдіру;

2.Оқушыларды салат әзірлеуде өз шығармашылық ой- өрістерін дамыта отырып , аспаздық қабілеттерін дамыту;

3.Аспаздың жұмыс арқылы қыз балаларды тазалыққа , ұқыптылыққа,икемділікке, іскерлікке , ұжыммен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: топтық жұмыс , сұрақ - жауап , түсіндіру , сарамандық жұмыс;

Пәнаралық байланыс: биология , қазақ әдебиеті

Көмекші құралдар: Көкөніс түрлері. Алжапқыш,бас орамал,таза сүлгі,тарелка,үккіш , тақтайша , шанышқы.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Журнал бойынша оқушы санын түгендеу.

Бөлменің тазалығына көңіл бөлу, арнайы киімдерін тексеру.

II. Психологиялық дайындық.

Ас - иесімен тәтті.

Ас - адамның арқауы.

Нан болса , ән де болады.

Ас атасы - нан

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Көкөністер - бағалы тағамдар.Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың , көмірсудың болуына байланысты ас қорытуға пайдасын тигізеді.Бүгінгі дайындайтын «Тонға оранған балық» салатына қажетті көкөністер жөнінде айтып өтейін :

♦ Картоп - барлық жерде өседі.Сортына қарай картоптың көлемі әр түрлі болып келеді.Картоптың тағамдық қасиеті-оның құрамындағы крахмалдың мөлшеріне қарай бағаланады.Сонымен қатар картопта қант,минералды тұздар және белок болады. С дәрумені , К дәрумендік топтарының негіз ретінде аса құнды тағам.Картоптан әр түрлі тағам дайындауға болады.Картоптың қабығын барынша жұқалап аршу керек,өйткені витаминдер мен минералды тұздар оның қабығына жақын орналасады.

♦ Пияз - дәмі ащы,өзіне тән өткір иісі бар.Сарымсақ құрамында В және С дәрумендері , йод ,май болды.Сарымсақ құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түрлерін жоятын ерекше фитоцидтер болады.Салқын тағамдарға дәмін келтіріп,хош иіс беру үшін пайдаланамыз.

♦ Сәбіз - барлық жерде өседі.Жаңа жиналған сәбіз құнарлы тағам .Сәбіз құрамында қант,белок,пектин заттары,минералды тұздар болады.Сәбіз шырынының диеталық және емдік қасиеті бар.Сәбізді туралған,тұтастай,үгітілген күйінде тамаққа қосады.Сәбіздің адам ағзасына тигізер пайдасы өте көп.

♦ Қызылша - қызылшадағы микро және макроэелементтер алуан түрлі болып келеді. Ағзадағы белоктарды сіңіруге көмектеседі,бауырдың жұмысын жақсартады.Қызылшаның емдік қасиеті ағзадағы артық сұйықтарды шығарады.Сонымен қатар қан аздық сырқатын да емдейді.

♦ Жұмытрқа -дәмді де нәрлі тағам.Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы су,белок,май,углеводтан , минералды заттардан тұрады. Жұмыртқаның құнды бөлігі сары уызы.Жұмыртқа диеталық тағамға жатады.Жұмыртқа ұзақ уақыт сақтауға келмейді.

♦ Майонез- әр түрлі салқын тағамдарға пайдаланылады.Майонез тәбет ашады. Майонездің екі түрі болады:

1.Асханалық

2.Қышқылтым

Құрамы:сірке суы,тұз,қант,дәмдік қоспалар арқылы жасалады.

♦ Балық - адам ағзасына өте пайдалы .Оның құрамында зат алмасуында маңызды рөл атқаратын қанықпаған май қышқылдары көп.Грек, Рим дәрігерлері балықтың ішкі органдарынан емдік қасиеті бар дәрі - дәрмектер жасаған.Балық етінің дәмділігі мен жұғымдылығы еттен кем емес , ал сіңімділігі жағынан одан асып түседі.

- Мінекей,балалар көкөністің адам ағзасына тигізер пайдасы өте көп екенін білдік.

- Көкөністердің қосындысынан не жасалады?

- Салат жасалады.

- Салат - бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам түріне жатады. Салат жемістерден,көкеніс түрлерінен жасалады.

Салаттың құрамы дәрумендерге өте бай.

-Қазір өздеріңмен бірлесе отырып «Тонға оранған балық» деген салат түрін жасаймыз.

IV. Сарамандық жұмыс.

Екі оқушы ортаға шығып, алдын - ала өңделген, пісірілген көкөніс түрлерін қабығынан аршып , тазалайды.

Көлемі орташа тарелкеге бірінші балықты (консервіленген шпрот) үлкен асханалық қасықпен жаймалап саламыз салады.Содан кейін картоп , сәбіз , майонез , пияз , жұмытқаның ағын , қызылшаны үккіштен өткізе отырып рет - ретімен бірінің үстіне бірін жаймалап салады. Ең үстіне майонезді құйып,жағады. Салаттың бетін безендіру үшін жұмыртқаның сары уызын үккіштен өткізіп,себеді.Салатымыз дайын болды.

Салаттың құрамы : 1 балықтың консервісі (шпрот), 3-4 картоп , 2 бас пияз, 3 жұмыртқа , 1-2 сәбіз, 2 қызылша және майонез.

V. Сабақты бекіту.

«Ас адамның арқауы» дегендей , қазір балалар біз әдебиет сабағында жаттаған мақал - мәтелдерді есімізге түсірейік

  • Еңбек - бәрін жеңбек

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

  • Еңбек етсең емерсің

VI. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау , бағалау.

VII. Сабақты қорыту.

  • Нені білдік?

  • Көкөністер пайдасын

  • Нені үйрендік?

  • «Тонға оранған балық» салатын жасауды

  • Нені білгім келеді?

- Балықты қосып тағы не жасауға болады?

VIII. Үйге тапсырма. Балықты қосып тағы қандай тағам түрлерін жасауға болады? Дәптерге жазып келу керек.


© 2010-2022