Урок. Ағаш бөліктерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Юлдашев Кабулжан Усманбекович

Учитель технологии ОСШ № 26 им. М. Кашкари

Южный Казахстанский область

Ағаш бөліктерін құрастырып бекітудің әдіс-тәсілдері

Сабақтың мақсады:

а) Білімділік мақсаты: ағаштардың түрлерін , қасиеттерін еске түсіру.Ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін, уйрету, меңгеру. Жасалатын бұйымның эскизін сызып, нұсқау бойынша жұмыс жасауға қалыптастыру;

б) Дамытушылық мақсаты: ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту.Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану;

в) Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке , жүйелі еңбекке, өз бетінше жұмыс жасауға уйрету,эстетикалық жағынан дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Сабақтың барысы: теориялық, сарамандық жұмыстар.

1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті көрнекіліктерді, құрал-жабдықтарды тексеру.

2.Өткен сабақты қайталау: сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарламас бұрын үй тапсырмасын сұрау және қорытындылап бекіту.

3.Жаңа сабақ.

Теория бөлімі: шеге, бұрама шеге және желім туралы шағын мәлімет беру. Мектеп-шеберханасында жасалатын бұйымдар көптеген бөліктерден тұрады. Оларды бір-бірімен әр түрлі, әдіс-тәсілдермен біріктіреді. Ағаштарды бір-бірімен біріктіру барысы толығынан жинақтау деп аталады.

Жалпы желімдер табығы және синтетикалық желімдер болып бөлінаді.

Желімді пайдалану кезінде қауіпсіздіқ ережесін сақтау керек.

4. Жаңа сабақты бекіту.

-ағаш бөлшектерін шегемен бекітудің артықшалығы неде ?

-шеге қандай материалдан жасалады және неліктен шегені қиғаш қағады?

- ағаштарды бұрама шегемен бекітудің мәні неде?

-бұрама шегелерді неге ағашқа қағүға болмайды?

-желім түрлерін ата?

желім сапасын қалай анықтауға болады?

5. Жаңа сабаққа байланысты сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмыстың мақсаты: ағаштан жасалатын бұйымдарды қарастырудың әдіс-тәсілднрін және бұйымды жинау жолдарын меңгерту.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау:

Шеберхана ішінде оқушыларға еңбек қауіпсіздіқ ережесін сақтау туралы түсінік беру. Жұмыс кезінде құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану жолдарын және жұмыс орнының таза болуын , басқа артық заттардың болмауын қадағалау .

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс үстелі, қысқыш , қол ара, сүргі, бұрғы, қашаулар, балға , желім, шегелер , серіппе ,және т.б. ебек құралдары.

Сарамандық жұмыста қолданатын шиікізаттар:керекті ағаштарды кесіп және сүргілеп , дайындаймыз. Қолданатын ағаштың шірігі ,бұтағы және жарылған жері болмауы керек. Жасалатын бұйым(тербелмелі ат) - негізінен ағаштан жасалады. Табанына қондырылатын рейканың өлшемі - 500х45х45 мм, рейканың үстіне қондырылатын тақтайдың өлшемі -660х115х30мм, бір жақтарды дөң геленген тігінен тіреуіш ағаш - 250х75х25мм. Тіреуіш ағашқа қозғалып тұратын рейка өлшемі 660х50х50 мм, бұрандамен бекітіледі. Қозғалып тұратын рейканың бір шетіне орындық орнатамыз,ал екінші жағына арнайы ойылған ойыққа аттың басын және аттың басына қол тұтқа бекітеміз.Серіппе қатты болуы тиіс. Мысалы: мотоцикл амортизаторы жарайды.

Бөлшектеуді шегемен құрастырып бекіту кезінде белгілі ереже талаптарды мұқият орындалуы керек. Ағаштарды орналасуына қарай әр түрге бөлінеді(шетінен біріктіру және ортасынан біріктіру әдістері).

Құрастырып бекітудің шеге ,бұрама және желімнің көмегімен орналасады. Өнеркәсіпте шегелерді әр түрлі қалыңдықта , әр түрлі ұзындықта шығарады.

Шегені біріктіріп бекітуде негізгі пайдаланатын құрал - балға болып таблады . Есте болатын бір жағдай ылғал ағашқа қарағанда,кепкен ағаштың қақ айырылып кетуі мүмкін.

Бұрама шегемен құрастырып бекітуі анағұрлым берік болады. Бұрма шеге дегеніміз конус тәрізде металл діңгектер.

Бұрама шегеменің алпағында жалпақ бұрауышқа арналған бір ғана кесік ойықты немесе крест түріндегі ойығы болады. Осыған қосымша бұрама шегенің қалпағында алты қырлы кілтке түрі де кездеседі.Бүрама шегелердің қалпағы жартылай дөңгелек елеусіз және жартылай елеусіз болып бөлінеді. Ағаштарды құрастыру кезінде бұрама шегелерді ұрып қағуға болмайды . Ағаш бөлшектерді желімдеу арқылы құрастырып бекітудуң басқаша бекіту түрлерінен бірқатар артықшылықтары бар.

Серіппенің бір жағы табанындағы тақұтайға , ал екінші жағы қозғалыстағы рейкаға бекітіледі.

Тербелмелі ат - мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалысын дамыту үшін қажет.Бөлшектер өлшемдерімен дайын болғаннан кейін сызбада көрсетілгендей құрастырамыз. Тербелмелі атқа мінген бала аттың басындағы қолтұтқадан ұстап отырып жоғары - төмен тербеледі .

6. Жаңа сабақты және сарамандық жұмысты қорытындылап , бағалау: оқушылардың жасалған жұмыстарын салыстыра отырып, берілген сұрақтарға жауап беруіне қарай бағаланады.

Үйге тапсырма беру, жұмыс орнын жинастыру . Құрал саймандарды мұғалімге тапсыру керек.

© 2010-2022