Қайта жаңғырған ата-салтым

Құрметті әріптестер, "Қайта жаңғырған ата-салтым" атты іс-шара тілдер апталығының аясында қазақ халқының салт-дәстүрі ұмытылмасын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өз тамырын тереңге жая берсін деген оймен құрастырылған. Іс-шараның қатысушылары 1 курстың орыс тілінде білім алатын топ студенттері. Іс шара кеш түрінде ұйымдастырылған. Шара барысы үйлену тойы ретінде жоспарланған. Шашу шашылып, бет ашар, жар-жар айтылып, қазақтың ұлттық ойыны "Сақина салу" ойыны ойнатылады. Қазақша әндер айтылып, би биле...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласының Білім басқармасы

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК

Қайта жаңғырған ата-салтым










Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: "Қайта жаңғырған ата-салтым"

Қайта жаңғырған ата-салтым

















Астана - 2014

«Қайта жаңғырған ата салтым» кеші


(Фанфара беріледі)

(«Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады, сахна сыртында өлең жолдары оқылады)

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау, ұққанға соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.

Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,

Той қылады жұрт жинап мерекелі.

Салт-дәстүрін жаңғыртып бүгінгі күн,

Шашу шашып, ас береді берекелі.

(Шашу шашылады)

Жүрг.: Қайырлы кеш, құметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! «Қайта жаңғырған ата-салтым» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Жүрг.: Добрый вечер уважаемые преподаватели, учащиеся и гости! Мы рады приветствовать вас на нашем вечере!

Жүрг.: Бар дүниенің бастауы дәстүр мен әдет-ғұрыпта екені сөзсіз. Тіл мен мәдениет те өз бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрден алады.

Жүрг.: Традиции и обряды как и в любом народе передаются из поколения в поколение. И только через них мы узнаем о жизни наших предков.

Жүрг.: Қазақ халқының қызықты да маңызды дәстүрлерінің бірі - Үйлену тойы. Үйлену адам өміріндегі ең бір жауапты, ыждағаттылықпен дайындалуды қажет ететін салтанат. Жас отау иелерінің болашақта тату-тәтті өмір сүруіне алғашқы той күнінен алған әсердің берері көп. Үйлену тойында жар-жар, беташар кәделері жасалады.

Жүрг.: Одним из наиболее интересных и значимых в казахской среде является брачный обряд, в котором, как в зеркале, отражаются характерные национальные особенности казахского народа.

Үйлену тойының көрінісі

Қатысушылар:

Асаба - Жұмағұл Жігер

Айым - Нургалиева Айым

Келін - Мамедова Нарханым

Күйеу - Чумаков Михаил

Жар-жар орындаушылар - Пр-1 тобының студенттері

Асаба: Уа халайық, біз бүгін жастар өміріндегі өте бір маңызды оқиғаның куәгері болғалы отырмыз. Той бастар айтылмай тойды қалай жалғастырамыз, қане, Айдана, өзің бастап жібер!

Дәстүр бойынша «Той бастар» әні орындалады.

Нургалиева Айым «Той бастар»

Асаба: Жастар, әне той иелері де көрінді-ау деймін, жар-жарды бастап жіберіңдер!

Той иелері есіктен көріне ұлттық киім киінген бір топ жастар ЖАР-ЖАР айта бастайды.

«Жар-жар» бір топ оқушылар

Қыздар:

Алақанға аялы, ділгір едік жар-жар,

Бір бақшадан таралған гүлдер едік жар-жар.

Жігіттер:

Құтты ұяда бой жетіп гүлдедіңдер жар-жар,

Жігіт үшін жаралған гүл едіңдер жар-жар.

Қыздар:

Жігіт деген құрғырың бұзып апты жар-жар,

Бақшамыздың бір гүлін үзіп апты жар-жар.

Жігіттер:

Құлын өсіп ертең-ақ тай болады жар-жар,

Жалғыз гүлің бақшаға айналады жар-жар.

Қыздар:

Басымызға бақ құсы қона берсін жар-жар,

Күнде осындай той-думан бола берсін жар-жар.

Жігіттер:

Кел, жолдастар, қосылып, ән салайық жар-жар,

Жұбайларды көңілді қарсы алайық жар-жар.

Асаба: Халқымыз «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деуші еді, қолыма қасиетті домбырамды алып, беташар кәдесін өзім жасап жіберейін, қарсы болмассыздар?!

Жұмағұл Жігер «Беташар»

Беташар.

Уа халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Бетін ашып келіннің,

Көрімдігін алайық.

Бетіңді келін ашқаным,

Жаңа жұртқа қосқаным.

Жасы үлкенді сыйлап жүр, сыйлап жүр.

Құрмет қылып, құрмет қылып жасқанып.

Айт келін-ау, айт келін!

Атыңның басын тарт келін!

Қыз көңілден қайт келін!

Сауысқаннан сақ келін,

Жұмыртқадан ақ келін,

Күйеуіне шақ келін.

Ел жұртыңа жақ келін, жақ келін.

Ата-енеңді, ата-енеңді бақ келін.

Ана отырған атасы,

Қара жердің жотасы,

Келіні келіп түскенде,

Үйінің толды ортасы.

Қолын жайып бата етсе,

Бізге тиер батасы.

Ана отырған атаңыз, атаңыз

Атаңызға, атаңызға бір сәлем!

Ана отырған енесі,

Қара жердің кемесі.

Бір балам екеу болды деп,

Көкке жетер төбесі.

Көшкенде көшін бастаған,

Абысындары қоштаған.

Баламды көзіме көрсет деп,

Ертелі-кеш қақсаған, қақсаған,

Енеңізге, енеңізге бір сәлем.

Уа халайық, бет аштым,

Домбыра алып қолыма.

Бақыт қонсын, келінжан,

Бас қоса келген жалына,

Жақсы атаңсаң ауылға,

Желін шығар оңына,

Жаман болсаң, келінжан, келінжан,

Абысын түсер, абысын түсер соңыңа.

Жақсы келін келіпті,

Оң аяқпен еніпті.

Екі жақта ата-ана,

Ақ батасын беріпті.

Айналайын, келінжан,

Сізде бері келіңіз

Таныстырған әлемге,

Маған да бір сәлем салып беріңіз!

Асаба: Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ - қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра, - демекші келіннің бетін қасиетті домбырамен ашайын.

Асаба «Беташар» айтып, келіннің бет пердесін «Бісмілләхи» деп домбыра ұшымен ашып, бетінен сүйіп, жастарға бақыт тілейді.

Асаба: Бақытты болыңдар, шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын. Қосақтарыңмен бірге ағарыңдар!

Жастар үстел басына орналасады.

Асаба: Құрметті қонақтар, жоғары шығыңдар. Үстел басына отырыңдар. Ал ендігі кезекті ауыл жастарына берелік. Өз өнерлеріңді көрсетіп, тойды жандандырып жіберсеңдер деймін!

Асқар: Уа ағайын, мен бастасам, құрдастарым қостайтын шығар.

«Қызыл гүлім-ай» Көпешбаев Нұрсұлтан

Асаба: Ау қыздар, сіздер не дейсіздер? Ән айтасыздар ма, жоқ әлде би билейсіздер ме?

Қыздар: Мың бұралып, сіздерді бір таңқалдырсақпа деп едік!

Көпшілік: Әрине, әрине! Ерік өздеріңде!

Каирбекова Райхан, Есентаева Кемельхан - Қазақ биі

Асаба: Ал енді, жастар, тек қана ән айтып, би билеп қана қоймай ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар? Қандай ойын ойнаймыз?

Лаура: «Сақина салу» ойынын ойнайық. Рұқсат болса, мен жүргізейін!

Жастар: Ойнайық. Қарсы емеспіз.

Нургалиева Айым «Сақина салу» ойыны

Сақина Қуандықта


Лаура: Ал Қуандық, айып-пұлды қалай өтейсің?

Қожадияс Қуандық «Жаса-жаса, қазақ елі»

Асаба: Енді әңгіме-дүкен құрып, таныса берейік.

Жүрг.: Қайта оралған қазағыма бүгін дәстүрлері,

Көптен күткен қазағымның асыға арманы еді.

Берекелі қазақ елі, ел мерекелі,

Дәстүрлері ұмыт болған қазағымның бұл ертеңі.

Жүрг.: Ана тілім қасиетті өз тілім,

Тілім үшін шаттанамын мен бүгін.

Өз тіліммен паш етемін өмірге,

Қазағымның ата-салтын, дәстүрін.

Жүрг.: Қазақ халқының салт-дәстүрі ұмытылмасын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өз тамырын тереңге жая берсін деген оймен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жүрг.: До следующих встреч!




© 2010-2022