Сабақ жоспары: Құрақ туралы түсінік 6 сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құрақ туралы түсінік.Құрақтан диван жастықшасын

тігу.

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны

жайлы білім беру, жалпы көрпе-жастықтың қажеттілігіне

тоқталу.

2) дамытушылық мақсаты: оқушылардың құрақ құрауға

деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс

жасату, ой- өрісін дамыту.

3) тәрбиелік : ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды

еске түсіру,жалқаулықтан аулақ болып, ерінбеуге, шебер

болуға баулу. Құрақ құрай білу өнері арқылы өмірге

қабілеттілікті тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: ауызша баяндау, ой қозғау, түсіндірмелі сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекілігі: құрақ жайлы буклет, түрлі-түсті маталар, жіңішке

ине, матаның түріне сай жіп түрлері , қайшы,басы

дөңгелек, жіңішке түйреуіштер, қалам, бор, сабын,

үлгілер, шаблондар (үшбұрышты, төртбұрышты, әр

түрлі өлшемдер), үлгілерді қатты картоннан жасауға

да болады.

Сабақтын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі .

( оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

а) Киімді күту және пайдалы кеңестер.

ә) Трикотаж бұйым зат белгісіндегі таңбалар.

б) Бұйымды химиялық жолмен тазалауға немесе жууға болмайтын

болса,онда дақты қалай кетіруге болады.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ,ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де салған.Жастық құрақ-көздері майда бөліктермен өте нәзік әрі әдемі түстермен құралады. Құрақ- Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің бірі. Геометриялық білімді арнайы оқу орнынан алмаса да, шеберлер түрлі сәндік құрақтарды соншалықты дәлдікпен құрай білген. Сәндікпен қоса үнемдікті де ұмытпаған.

Құрақ құрау - шыдамды, тозбайтын матадан , қөздері үлкен бөліктерден құралады.Үй жиһаздарының бірі - құрақ көрпе, көрпеше ата-бабаларымыз-дың дәстүрлі төсеніші болған. Тұрмысымызға көрік беретін сәнді бұйым болғандықтан, шеберлер бар өнерін салған. Қол дорба, керме, аяққап, сандық жапқыш көрпеге құрақ құрап салған. Шеберлердің ой-қиялынан түрлі құрақ түрлері шыққан: үшбұрышты, ромбик, жапырақша, жұлдызша , т.б.

Сарамандық жұмыс. ( оқушылар өз бетінше құрақ құрайды).

Қатты қағаздан көлемі 12х12см болатындай төрт бұрышты квадрат қию.Осы квадратты диагональ бойынша сызып,қию.Шыққан үш бұрышты төрт көк,төрт қызыл түстен қиып алу,дайы бөлшектерді қағаз бетіне желімдеу.Осы үлгіге қарап құрақ бөлшектерін матадан қиып алу,барлық дайын үш бұрыш фигураларды түс үйлесімдігіне сәйкес қойып шығу.Қойылған құрақ бөліктерін түйреуішпен біріктіру.

Сергіту сәті.

Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Ағаш көркі - ......( жапырақ ).

Адам көркі -....( шүберек ).

Көз қорқақ - ... қол (батыр ).

Өнерлі бала -...(сүйкімді)

Өнерлінің қолы - ...(алтын)

Өлеңшінің сөзі - ... (алтын)

Жұмбақ шешу.

Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар. ( Бор)

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш.(Қайшы)

Қалады жерге түсіп шайнағаны. (Қайшы)

Бекіту .( Жаңа сабақ бойынша жалпы сұрақтар қою).

1.Құрақ дегеніміз не?

Жауап (Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі)

2. Құрақтың тұрмыстағы алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?

Жауап (Тұрмыстық бұйымдарға - көрпе, жастық, дорба, жапқыштардың бетіне сән беру үшін әр түрлі құрақ салған).

3. Құрақтың түрлерін атаңдар?

Жауап (Маталардың түрін таңдап, қиюластырып, үшбұрышты,төртбұрышты

ат құрақ, тырна құрақ құраған).

Бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстыру арқылы бағалау.

Жіберген кемшіліктерін ескертіп ,түсінбегенін түсіндіріп үйрету.

  • Үй тапсырмасы: 1. Құрақ бөліктерін біріктіріп келу.

2. Әдебиеттерден құрақ туралы білімдерін

жетілдіру







«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ-сі

Ашық сабақ



Тақырыбы: Құрақ құрау туралы түсінік.Құрақтан

диван жастықшаларын тігу.











Технология пән мұғалімі: Шоқыбай Баян

Сыныбы: 8 «А»

Бейнеу 2014 жыл

© 2010-2022