Призентация ал қанекей қыздар

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 5 ОРТА МЕКТЕБІ






«Ал,қанекей,қыздар»

(сайыс)



Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Арзықұл.Ж.Н

Сыныптар: 8б,8в

Мерзімі: 25.01.16ж




Шалқар қаласы 2016 жыл




Сайыстың мақсаты: Қыз балалардың технология сабағынан алған білімдерін пайдалана отырып,іскерлік қабілеттерін дамыту.

Білімділік: оқушылар бойындағы икемділікті ,шеберлікті дәріптеу.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер

Мұғалім сөзі:

Оқушылар бүгін біз 8б,8в сыныптары аралығында «Ал, қанекей, қыздар» атты сайысын өткізгелі тұрмыз.Бұл сайыста сендер өздеріңнің технология пәні сабағында алған білімдеріңді ортаға саласыңдар.

Сайыс 7 шарттан тұрады:

1-шарт «Сәлем-сөздің атасы» деп аталады. Екі топ мүшелері өздерінің аттарымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады.

2-шарт «Таза мінсіз асыл сөз-ой түбінде жатады» деп аталады.Сұрақ-жауап сайысы.

Сұрақтары:

1.Қазақтың дәстүрлі ұн тағамдарын ата

2.Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарын ата

3.Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын ата

4.Қамыр илеуге қосылатын шикізаттарды ата

5.Қандай көкөніс барлық аурудың алдын алады?

6.Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіріледі?

7.Ашытқы қамырдан қандай тағамдар пісіріледі?

8.Ашытқы қамыр неше сағатта көтеріледі?

9.Ұннан жасалатын тәтті тағамдарды ата?

10.Кондитерлік өнімдерді пісіруге қандай сортты ұн пайдаланылады?

11.Ұн қандай жерде жақсы көтеріледі?

12.Ұнның қандай сорттары бар?

3-шарт «Үй тапсырмасын қорғау» Үйден дайындап әкелінген ұннан жасалған тағам түрін қорғау

4-шарт «Кім жылдам» Құрақ құрау (Үйден қиып дайындап әкелген құрақ үлгілерін тігіп көрсету)

5-шарт «Көрме» деп аталады.(Өздері қолдан жасаған бұйымды жасалу жолын түсіндіріп көрсету)


6-шарт «Кімдер шебер» деп аталады.Керек емес материалдан сән үлгілерін ойлап табу

7-шарт «Ас - адамның арқауы» деп аталады.Екі топ мүшелері салаттың бір түрін жасап,түсіндіру


Қорытынды: Кімдер білгір,кімдер ұшқыр

Салыстырып біз көрдік

Әділдігін тек айтатын

Өздеріңе сөз бердік ,-деп

Әділқазылар алқасына сөз беріп, жеңіске жеткен топты мадақтап,ерекшеліктерін атап өту.Осы сайысқа қатысқан екі топ мүшелеріне де рақмет.Өнерлерің өрге жүзе берсін.


© 2010-2022