• Преподавателю
  • Технология
  • «Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау» класс жетекшілерге арналған семинар практикум

«Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау» класс жетекшілерге арналған семинар практикум

Мақс«Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау» атты педагогтарға арналған семинар практикум. Бұл семинар практикумның өткізілу мақсаты: жеке тұлғаның білім алуы мен дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау болып табылады. Қазіргі сіздердің назарларыңызға суицид туралы жалпы мағлұмат.Жоспары:1. Суицид туралы жалпы түсінік2. «Батырға арналған айна» техникасы3. Дискуссия «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»4. Ақпараттану «Өзіңді таны»5. «Мен кіммін?» жаттығуы6. «... 9. Музыка терапиясы бойынша жұмыс
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 орта мектеп


















«Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау»

класс жетекшілерге арналған семинар практикум




Педагог-психолог: Нурмаханова Ж.Т.




















Ақтөбе қаласы, 2014 жы

«Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау» класс жетекшілерге арналған семинар практикум


Мақсаты: Жеке тұлғаның білім алуы мен дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау

Жоспары:

1. Суицид туралы жалпы түсінік

2. «Батырға арналған айна» техникасы

3. Дискуссия «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»

4. Ақпараттану «Өзіңді таны»

5. «Мен кіммін?» жаттығуы

6. «Менің өмірім» тақырыбына сурет салу

7. Флештренинг «Өмір - күрес, жеңе біл!»

8. Рефлекция

9. Музыка терапиясы бойынша жұмыс


Өтілу барысы:

Психолог сөзі: Құрметті әріптестер! «Оқу - тәрбие процесіндегі педагогикалық - психологиялық қолдау» атты педагогтарға арналған семинар практикумға хош келдіңіздер! Бүгінгі семинар практикумның өткізілу мақсаты: жеке тұлғаның білім алуы мен дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау болып табылады. Қазіргі сіздердің назарларыңызға суицид туралы жалпы мағлұмат.

1. Суицид туралы жалпы түсінік (слайд - презентациясы)

2.«Батырға арналған айна» техникасы.

«Көздеріңізді жұмып, өзіңізді қарама - қарсы қабырғаларға ілінген екі айна бар үлкен бөлмедемін деп елестетіңіз. Бір айнадан өз бейнеңізді көресіз. Сіздің сырт келбетіңіз, бет әлпетіңіз, қалпыңыз бәрі де сіздің өте сенімсіз екендігіңізді көрсетеді. Сіз сөздерді баяу айтып жатқаныңызды естисіз, ал ішкі дауысыңыз «Мен бәрінен де жаманмын!» («Мені ешкім жақсы көрмейді!») дейді де тұрады. Айнадағы бейнеңізбен толықтай бірігіп, өзіңізді сенімсіздік, қорқыныш, үрейленушілік батпағына белшеңізден батқандай сезініңіз. Тыныстаған сайын қорқыныш - үрей сезімін күшейте түсіңіз. Ал қазір жайлап айнадан «шығыңыз» және бейнеңіздің бұлыңғырлана түскенін, содан соң мүлдем өшкенін байқаңыз. Сіз енді ешқашан оған айналып келмейсіз.

Баяу бұрылып, басқа айнадағы бейнеңізге көз салыңыз. Сіз өзіңізге нық сенімді адамсыз! Жағдайыңыз керемет кезде өміріңізде болған үш жарқын оқиға есіңізде қалған. Сіздің бойыңызға сенімділікті ұялатқан дыбыстарды, бейнелерді, дәмдерді есіңізге түсіріңіз. Сіздің ішкі дауысыңыз сыртқа жарып шықты: «Мен өзіме сенемін! Мен өзіме сенімдімін!». Сіздің сенімділік бағанаңыз жоғары қарай көтеріліп, сіз әр тыныстаған сайын 100 градустық белгіге жақындауда. Сіздің сенімділігіңіздің түсі қандай? Тұла бойыңызды соған толтырыңыз. Айналаңызда сенімділік әлемін құрып, ол сіздің бүкіл тәніңізді баурап алсын. Сенімділік әуенін, дәмдерді қосыңыз. Сенімділік нышандарын, бейнелерін көруге тырысыңыз және олармен үндесіңіз. «Мен өзіме сенімдімін!» деп алтынмен жазылған үлкен жазуды елестетіңіз. Орасан зор залды елестетіңіз. Сіз сахнада тұрсыз, он мыңдаған адамдар сізге қошемет көрсетуде. Соңында терең тыныстаңыз да көздеріңізді ашыңыз».

Талдау: жалпы жаттығу барысында не сезіндіңіздер?

3.Әңгіме

Қазір мен сіздерге бір жас адам туралы әңгіме оқып беремін.Ертеде бір жас адам өмір сүріпті. Оған жаңа заманауи өмір ұнамаған екен. Ол осы өмірді өзгерту үшін қолынан келгенді жасайды. Бірақ әлем өзгермейді. Ол адам алтын медальмен мектепті және халықаралық қатынас институтын бітіреді. Дипломат болады, өзінің күшіне сеніп әлемді өзгерткісі келеді. Он бес жылдан кейін байқайды-әлем әлі өзгермеген. Содан ол өзінің туған қаласына келіп өзінің армандарын іске асырады. Көптеген адамдарға үй салып береді, барлығының материалдық жағдайын жақсартуа күшін аямайды. Он жыл уақыт өтеді. Өкінішке орай әлем әлі өзгермеген. Қаладағы өмір сол қалпында, адамдар да сол қалпында. Содан кейін ол адам өзінің отбасы мүшелерінен бастағысы келеді. Бірақ бес жыл өтсе де барлығы өзгеріссіз. Сонда ол өзі өзгеріп, өзінің көзқарастарын өзгертеді. Адамдарға деген көз қарасын өзгертті. Сонда ол әлемнің, қоршаған ортаның өзгергенін таңырқап байқаған екен.

Дискуссия: «Өзіңді өзгертіп алға ұмтылып, өсу керек пе?»

4.Ақпараттандыру. «Өзіңді таны»

Барлығымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, бірінші өз-өзімізбен жақсы қарым-қатынас болу керек. Біздің өзімізде болатын психосоматикалық аурулар (басым ауырып тұр, жүрегім, ішім неге екенін білмеймін) ал сосын соматикалық. Бірақ есте сақтау керек өзіміз туралы көп ойласақ, «Мен кіммін» деген сұраққа жауап беру қиын. Кейбірде өзімізді данышпан деп санаймыз, ал екінші күні өзімізді құбыжық ретінде көретін кездеріміз де болады. Сондықтан да өзімізді танып, қабылдап, өзімізді сүйе білсек адам шынында да өз-өзінің басшысы болады.

5.«Біздің өмірімізден», «Мен кіммін?!» жаттығулары.

Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап жазыңыздар. Жауап шын болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.

Қорытынды: Жауап 8-ге дейін болса, сіз әрдайым тығылып жүресіз, ашылмайсыз.

10 және одан жоғары болса, жоғары деңгей, өзіңіз туралы ойлайсыз және ұялмайсыз.

20-дан артық болса, өз-өзіңізді алдадыңыз.

Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер. Бұл барлығы әлеуметтік рөлдер. Жеке тұлғалығымыз қайда? Біз күнде мұғалімнің маскасын киеміз, ал негізінде біз барлығымыз өзімізді жақсы көретін тұлғамыз, өзімізге деген сүйіспеншілікпен сіздерді барлық әлем жақсы көреді. Сондықтан да әр адам жеке тұлға және барлықтарыңыздың бір қасиеттеріңіз бар және сол үшін өздеріңізді жақсы көресіздер.

6. «Менің өмірім» тақырыбына сурет салу. Суретте өткенді, қазіргіні, болашақты бөліп көрсету керек.

Қорытынды:

-Суреттеріңізде өткеннің, қазіргінің, болашақтың арасында байланыс бар ма?

-Суреттеріңіз бойынша кім айтқысы келеді?

-Қазіргі шақтан және болашақтан 2 жаңалық немесе 2 жасайтын, жасалған іс болуы мүмкін жеке өміріңізге немесе кәсіби қызметіңізге байланысты болуы мүмкін.

Және болашақтағы 2 орындайтын істеріңіз қай кезде болады, жоспар құру, сол бойынша ой бөлісу

Ой бөліскенде қолданылатын сөздер «Мен сенемін....», «Мен үшін өте қажетті...»

«Мен осылай жасағым келеді....»

7. Флештренинг «Өмір - күрес, жеңе біл!»

Тренингті қорытындылау.

8. Рефлексия Рыленковтың методы бойынша.

Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.

Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңізбен көңіл-күйлеріңізді анықтайды.

Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты.

Балан үйрек-мен нақты өзіме ұсыныс алдым.

Ортан терек-маған қиын болда, ұнаған жоқ.

Шылдыр шүмек-менің бағам психологиялық жағдайға берілген берілген баға.

Кішкене бөбек-мен үшін жеткіліксіз болды.

9. Музыка терапиясы бойынша жұмыс.

Әрқатысушы өз есімі кездесетін әнді айтады.


© 2010-2022