Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ұлттық құндылықтар

Ата-бабамыз ежелден-ақ өз ұлтының салт-дәстүрін, ұлттық өнерін, әдет-ғұрпын, ұлтқа тән сипаттарын ерекше құрметтеген. Сондықтан болар, қазақ халқының өзіне тән нақыштары алыстан менмұндалап тұрады.Қанша ғасыр қанша заман өтседағы әр ұлттың бет- бедерін сипаттайтын өзіндік туындылары жоғалмай, атадан балаға мирас болып, құндылығын сақтап осы заманға жеткені белгілі. Байырғы қазақ халқының ұлттық қолөнеріне қарап, еріксіз таңдай қағасыз.Солардың ішінде көзге оттай басылатын көне күмбездер-ескі дүн...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі ұлттық құндылықтар

Гуляйм Мауленқызы Атаева

№34 орта мектеп-гимназиясының

технология пәнінің мұғалімі

Ата-бабамыз ежелден-ақ өз ұлтының салт-дәстүрін, ұлттық өнерін, әдет-ғұрпын, ұлтқа тән сипаттарын ерекше құрметтеген. Сондықтан болар, қазақ халқының өзіне тән нақыштары алыстан менмұндалап тұрады.Қанша ғасыр қанша заман өтседағы әр ұлттың бет- бедерін сипаттайтын өзіндік туындылары жоғалмай, атадан балаға мирас болып, құндылығын сақтап осы заманға жеткені белгілі. Байырғы қазақ халқының ұлттық қолөнеріне қарап, еріксіз таңдай қағасыз.Солардың ішінде көзге оттай басылатын көне күмбездер-ескі дүниеден күбірлеп, өткен өмірдің кезеңдерін көз алдымызға елестетіп, өшпес туындылар бар екенін паш еткендей. Атам қазақтың қай мақалын, қай нақыл сөзін алсақ та, тектен текке айтылмаған. «Өлі риза болмай, тірі байымас»,- деген мақалда терең ой мен астарлы мағына жатыр. Қай халық болмасын, дүниеден өткен пендеге ерекше құрмет көрсеткен. Соның ішінде қазақ халқы бақи болған адамды о дүниеге арулап аттандырып, барлық рәсімдерін жасаған. Әулиелерге, хандарға, ел басқарған адамдарға деген құрметтің шексіз екенін, оларға арналып салынған қасиетті күмбезден аңғара аламыз. Атақты Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде қазақтың игі данышпандары жайдан-жай жерленбеген. Әулиелердің сұлтаны, қазақ жерінің, қазақ елінің тұтқасы болған бабаларымыздың шарапаты әлі күнге дейін сәулесін шашып тұр. Олардың аса құнды хикметтері баға жетпес рухани азық екенін айта кеткен жөн. Көреген Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иасауи бабамызға арнайы тұрғызған күмбезіне де бес ғасыр болған екен. Аса құнды көне күмбез - еліміздің алтын қазығы іспетті. Ұлтымыздың рухани тұтқасы. Сол бір күмбезде небір асыл дүниелер бар.Бәрі де ұлттық болмыс пен ұлттық нақышты, ұлттық өнерді әспеттейтіні анық.Біріншіден, күмбездің сыртындағы бедерленген ұлттық өрнектер қазақтың қолөнері көнеден бастау алғандығын суреттеп тұр. Салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 300 метр су сыятын тай қазан жеті түрлі металдан жасалған. Тайқазанда қазақтың қошқармүйіз оюы өрнектеліпті.Әмір Темірдің өзі күмбезге сыйға тартқан «Шырағданда» ғажайып бедерленген ою-өрнектер бар. Сонау XV ғасырдан бері сақталып келген құнды заттың бірі - тудың басындағы «лаухо» болып табылады.Тудағы темір «лаухода» өсімдік тектес оюмен өрнектелген жазулар орын алған. Көне жәдігерлердің бірі - кесененің есігіндегі жазулар. Ондағы оюларда да үлкен мағына бар. Өткен жылы жарық көрген «Қожа Ахмет Иасауи» альбом-кітабының 139-бетінде: «Кесенедегі ХІ ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі - қабірхана есігі. Бұл есік - ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Есік екі жақты ашылады, оюлы өрнектермен, ұсақ сүйектермен әшекейленген» (Ә.Қ.Муминов, С.М.Қанағатұлы, Б.Қорғанбек, М.Ж.Садықбеков 2009 жыл Әзірет сұлтан мемлекеттік тарихи- мәдени қорық мұражайы)

Қорыта айтқанда көгілдір күмбездің іші-сырты төгіліп тұрған рухани қазына. Ұлттық нақыш өрнектер қазақ халқының асыл мұрасы сонау бағзы замандардан басталатынын меңзейді. Ұлттық қолөнер қай заманда да ұлттың болмысын сипаттайтын құнды дүние саналғаны анық. Біздің мақсатымыз - ата-бабадан сан ғасырлар бойы сақталып мирас болып жеткен асыл байлықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық өнерімізді сол қалпында өскелең ұрпаққа жеткізу. Ұлттың, сүйіп өскен баланың есейгенде халқының жанашыры, жерінің қорғаушысы болары анық. Ендеше саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұлттығымыздан айырылмайық!




© 2010-2022