• Преподавателю
  • Технология
  • Жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы

Жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы

Раздел Технология
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы.

Мақсаты: а) білімділік: оқушыларға жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы туралы түсінік беру.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: жиһаздардың алуан түрлі болатынын, оның қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : әдебиет

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: жиһаз суреттері, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Қаламызда жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһаз, диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың түрлері мен ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазға диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолар жатады.

Жұмсақ жиһаз өндірісінің технологиялық процесі

Ең көп тараған әрі технологиясы күрделі диван даярлау реті:
1. Цехта фанерлер мен тақтайларды кесіп, жұмсақ жиһаз каркасын даярлайды. Бұл жұмыс төмендегідей кезеңдерден тұрады:
• Торцорлық станокта фанера ұзындығы бойынша бөлінеді;
• Дөңгелек ара станогінде фанера көлденеңінен кесіледі;
• Алынған материал төрт жағынан тегістелген соң түкті станокта түкшелермен құлақшалар тесіледі;
• Электр құрылғы көмегімен литадан ішкі бөлшектер кесіледі (ДВП, ДСП);
• Тасмалдағыш механизмдері бекітіледі (жиналатын дивандарға);
. • Каркас-негіз жинақталады
. 2 . Дайын каркасқа қаптағыш цехта паралон жапсырылып, қапталады Алдымен ағаш негізге арнайы материал -. дарнит жапсырылады . Ол дайын өнімді тасымалдау кезіндегі сырылып кетпес үшін маңызды
. 3 . Жұмсартқыш құрылғылар, ортопедиялық қызмет атқаратын блок серіппелері орнатылады . Блоктар орталық бөлікте және периметрі бойынша біртегі орнатылады
4 . Блок периметрін бойлай поролон жапсырылады Паролон қатты каркасты сақтайды .
5. Серіппе аралық материалды зақымдамас үшін серіппелі блоктың жоғарғы жағына бір қабат тығыз материал жапсырылады.
6. Спангон, поролон немесе кокос қабығы аралық материал ретінде пайдаланылады. Спангон мен поролон біршама арзандатылған нұсқа, бір-екі жыл ішінде «отырып», жарамсыз болып қалады . Кокос қабығы - біршама қатты әрі төзімді материал, кемі 7-8 жылға жарайды.
7. Аралық төсеніштен соң тағы бір жұмсартқыш материал - биіктігі 40 мм, тығыздығы 35-42 мм болатын поролон төселедіпоролон мен қаптағыш матераиал аралығына поролонға «тыныс беретін» синтепон төселеді .
8. Тігін цехында табиғи жүннен де, жасанды талшықтардан да жасалған кез-келген матамен жұмыс жасауға қабілетті құрылғылар қолданылады.Мұнда қаптағыш материалдар пішіліп, қабатталады. Жұмсақ жиһаз жастықшаларына, арқалықтарына, орындықтарына қаптамалар тігіліп, каркас-негізге кигізіледі.
9. Жинақталып, безендірілгеннен соң полиэтиленмен, картонмен қапталып, дайын өнім қоймаға жіберіледі.

Жиһаз күтімі

Жиһазды ұзақ уақыт қолданғыңыз келсе, оған дұрыс күтім жасау керек. Оны пеш пен орталықтан жылыту батареяларына жақын және күннің көзі тікелей түсіп тұратын орындарға қоюға болмайды.Жылу мен күн көзінің әсерінен жиһаз қақсып, қисайып, оңып кетеді.

Лак жағылған және жылтыратып өңделген жиһаздың бетіндегі шаң мен кірді ешқашан дымқыл шүберекпен немесе сумен кетіруге болмайды. Бұдан өңі күңгірттеніп қана қоймай, мебельдің бетіне ұсталған фанер қабаты ажырап кетуі мүмкін.

Жиһазды, оның лак жағылған және жылтыратып өңделген бетіндегі шаңды таза құрғақ фланель, шұға немесе пүліштің қиындысымен сүртіп тазалайды.

Диван, кресло мен жұмсақ орындықтарды кірлеуден және шаңнан сақтау үшін үстіне жеңіл кілем немесе гобелен төсеуге болады. Сондай-ақ, ауыр матадан арнайы тігілген жабындылар пайдаланылады.

Шаңсорғыш болмаған жағдайда жиһаздың тысын былай тазартуға болады. Мебельдің үстіне дымқыл ақ жайма немесе басқа бір мата жауып, шаңды соқпақ таяқпен қағады. Кірлеген матаны суға шайқап, сығып алады да осылайша тазалауға пайдаланады. Бірнеше қайталап тазартқан соң қаптаманы құрғақ шүберекпен сүртеді. Немесе, мүмкіндік болса, аулада жақсылап қағып алған жөн, әсіресе қыста.

Жиһаздың пүліш, репс немесе басқа матадан тігілген қаптамасын жылы сумен, губканы жақсылап сығып алып тазартады.Майлы дақтарды майлы ыдысқа арналған қоспалар жақсы кетіреді.

Қолданыла келе жиһаз өзінің бастапқы түрінен айырылады: беті күңгірттеніп, кей жерлерде бояуы сыдырылып, сызаттар, дақ және басқа ақаулар пайда болады. Фанерленген жиһаз бетінің кішігірім көтеріліп кетуін (фанер желімінің ажырауы салдарынан) былай жояды. Егер күмпиген жерде желімі сақталған болса, сол жерге қабаттап қағаз салады да, ыстық үтікпен үтіктейді, еріген желім фанерді орнына жабыстырады. Ал болар-болмас көпіршіктерге қыздырылған металл қасық басса да жетіп жатыр.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

Жұмсақ жиһазға қандай жиһаздар жатады?

Ағайынды төрт батыр,

Көтергенi бiр шатыр. (Үстел)

Төртеу адамы,

Бiреу алаңы. (Үстел)

Үстi жазық -

Төрт қазық. (Үстел)

Үйге тапсырма.

Жұмсақ жəне жартылай жұмсақ жиһазды құрылымдау. Диван-керует, кресло-керует, демалуға арналған диван жəне креслолардың құрылымы.

Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады

© 2010-2022