Ағашты көркемдеп өңдеу сабақ

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ағаш бұйымдарына көркемдеп өрнек салу ерекшелігі (8 сынып)

Мақсаты: ағаштарды көркемдеп өрнектеудің және өңдеу ерекшелік технологиясын меңгерту

Білімділік мақсаты: өрнектеу технологиясын меңгерту;

Дамытушылық мақсаты: ағаш бұйымдарын әзірлеу барысында оқушылардың дағдыларын, істелген жұмысты ұқыпты орындауды үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: икемділікке, ұқыптылыққа және шығармашылықпен шұғылдануға, әсемдікке тәрбиелеу

Оқытудың әдістері: ауызша, көрнекілік, практикалық, өз бетінше жұмыс

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Практикалық жұмыс

  4. Қорытындылау

Сабақтың көрнекілігі: үлгі жұмыстары, әдебиеттер (ағаш ойылу үлгілері бар), құрал - жабдықтар

Ағаштарды өрнектеудің және ағаштардан жасалған бұйымдарды көркемдеп өрнектеудің алуын түрлі технологиялары бар.

Өрнектеудің технологиясы ағаштың биологиялық құрылысы мен тікелей байланысты болып келеді. Азамат пайда болғалы ағаш кең көлемде қолданылып келеді. Мысалы: сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең тараған екен.

Ағаштан ойып жасалған ер - тұрман, қобыз, домбыра, т.б. дүниелер халқымыздың ағаш өнерін меңгере білгендігінің мысалы.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Екінші тәсілі - өрнекті жұқалай тіліп салу (рельфті) , мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды.

Біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп, өрнекке кеңістегі бедер беріледі.

Екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі.

Үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындалады.

Оқушыларға рейкаларды егеп өрнектеу түрлерін көрсету және орындату (арнайы шаблон арқылы)

Рельфті комплексті кескінін орындату.

Бағалау: ағаш бұйымдарын қарап, тиісті нұсқау беру, жауаптарын ескере отырып, бағалау



© 2010-2022