Шебер қолдар үйірме жоспары 8 сынып

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі КММ

Технология пәнінің мұғалімі Боранбаева Батима Дюсехановна

Түсінік хат



Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика - бұл күнде педагогтер қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол өнеріне үйрету арқылы тәлім- тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету негізгі міндетіміз.Ұлттық тәрбие жүректе жатық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер. Бұл мұраларды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып-үйрену, игеру қажет.

Мақсаты: Халық өнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулу

Міндеттері:

- оқушының ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау

- қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің ролін түсіну, өнер адамдарына деген құрмет

- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы еңбекке даярлық

- көрнекі құрал ретінде пайдаланылатын өздері жасаған бұйымдарға, мектеп мүлкін аялау көзқарасына тәрбиелеу.

«Шебер қолдар» үйірмесінің күнтізбелік жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Жұмыстың орындалу түрі


І. Кесте түрлері және кестелі бұйым жасау



1

Кесте тігуге қажет жабдықтар. Тігіс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

1

Ине мен жіптің сәйкестігі

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

2

Көркемдік көктеу тігісінің түрлері

1

Кесте тігістерін ажырата білу

3

Көркемдеуші тігістермен қол орамалшаларын кестелеу

1

Тігілу жолын матаға инемен тігіп көрсету

4

Айқас тігісінің түрлері

1

Тігіс түрлерін тігіп, жаттығу

5

Шет тігісінің түрлері

1

Иненің шаншылу, шығу нүктелерін көрсету

6

Тізбек тігісінің түрлері

1

Таңдай, бізкесте тігіс түрлерін көрсету

7

Жіп және моншақтан шашақ жасау

1

Шашақтың қазіргі тұрмысымызда қолданылуы

8

Шашақтар және көркемдік кесте тігістері коллекциясын жасау

1

Көрме ұйымдастыру

ІІ. Көркемдік кесте тігістерімен сыйлықтық үй тұрмысы бұйымдарын жасау

9

Кестелі түпкиіз түрлері, қолданылуы

1

Түпкиіздің жасалу жолдары

10

Түпкиізді пішу

1

Ыдыстың формасына байланысты жасау

11

Түпкиіздің оюын кестелеу

1

Түпкиізді пішу, ою-өрнегін сызу

12

Түпкиізді астарлау,шетін шет тігісімен тігу, бау тағу

1

Оюы кестеленген бетіне беттестіріп, көктеу

13

Кестелі аяққаптың қолданылуы

1

Ұлттық дәстүрді түрлендіре пайдалану

14

Аяққапқа оюды кестелеу

1

Бұйымды тігу кезінде уақытты тиімді ұйымдастыру

15

Аяққапты астарлау, шет тігісімен тігу

1

Бұйымның астарын тігу

16

Аяққапты шашақтау

1

Шашақтың түрлері, олардың жасалу жолдары

ІІІ. Тоқыма бұйымдарын жасау жұмыстары

17

Тоқу инесімен тоқуға қажет құрал-жабдықтар

1

Тоқу инесінің құрылысымен таныстыру

18

Тоқудың негізгі әдістері

1

Тоқудың шартты белгілері. Тоқу схемасы

19

Сыйлықтық ұшбұрышты орамал тоқу

1

Орамалдың тоқылу формалары

20

Орамал тоқуды аяқтау

1

Орамалдың тоқылу схемасы

21

Сыйлықтық қолдорба тоқу

1

Қолдорбаның үлгісін жасау

22

Қолдорба тоқуды аяқтау

1

Қолдорбаны біріктіріп тігу

23

Мойынорауыш тоқу

1

Енінен бастап тоқу

24

Тоқу түрін таңдау

1

Өзіндік жұмыс

25

Тоқуды аяқтау, мойынорауышты шашақтау

1

26

Қалпақ тоқу, қалпақ өлшемін анықтау

1

Қалпақ формасы

27

Қалпақ үлгісін сызу

1

Қалпақ өлшемін анықтау

28

Қалпақтың екі жақ қабырғасын біріктіру, қалпақты шашақтау

1

Шашақтың түрлері

ІV. Құрақ

29

Құрақ, құрақтың түрлері, қолданылуы

1

Құрақта пайдаланылатын геометриялық фигуралардың анықтамасы

30

Құрақ көрпешенің геометриялық суретін дәптерге салу

1

Геометриялық фигураларды ажырата білу

31

Сурет бойынша құрақ маталарын қырқып дайындау, көрпешенің құрақтарын тігу

1

Көктеу тігісі

32

Құрақ көрпеше жиегіне үшбұрышты тұмаршалар жасау, көрпешеге тұмаршаларды тігіп, астарлау

1

Тұмаршаның жасалу жолы

33

Көрпешеге мақта салып көктеу

1

Көктеу ерекшеліктері

34

Оқушылардың шығармашылығынан көрме ұйымдастыру

1

көрме

Пайдаланған әдебиеттер

Касиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы 1969

Оралбаев Н.А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері

Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы, «Қазақстан» 1977

© 2010-2022