Сабақ Қол тігіс түрлері 6-сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шебер қыздар - өнерлі жұлдыздар

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, мақал - мәтелдер айту, қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мәнін түсінетіндігін айқындау;

  2. Оқушыларды ұқыптылыққа дағдыландыру, ұлттық қолөнерін түсініп, жоғары бағалауға, дәстүрімізді қастерлеуге тәрбиелеу;

  3. Еңбексүйгіштікке, шеберлікке, іскерлікке,әсемдікке баулу;

  4. Оқушыларды тапқырлыққа, ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құрал: құрақ түрлері, сырмақ ,кесте, ою түрлері.

Пәнаралық байланыс: сызу, сурет,тарих,музыка, математика,әдебиет.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Әділқазылар сайлап алу.

Кіріспе сөз.

  • Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, бүгінгі біздің сынып қыздарының қатысуымен өтетін «Шебер қыздар - өнерлі жұлдыздар» атты жарысымызға қош келдіңіздер.

Ал енді осы жарысымызды Н.Жанабаевтың

Гүл өсірсең терлеп, мұның аты - еңбек,

Кесте тіксең зерлеп, мұның аты - еңбек,

Сабағыңа жөндеп, әзірленсен - еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек - деген сөзін негізге ала отырып, жарысқа қатысушы қыздар тобымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар: «Қызғалдақ» және «Бәйшешек» тобы.

Жарысымыздың бірінші кезеңі - сұрақ-жауап.

«Қызғалдақ» тобына сұрақ.

Әйелдерді гүлге теңеген ақын кім? (Т.Молдағалаиев)

«Шебердің қолы ортақ» мақалын қалай түсінесің?

(Шебердің қолынан шыққан бұйымдарды күнделікті тіршілікте пайдалану)

Ертеде ою - өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған? (Уыз немесе бір қасық сүтке бір қасық тұз араластырған)

Гүл оюы нені бейнелейді? (Қуаныш, шаттық)

«Бәйшешек» тобына сұрақ.

Суретшілер көшбасы кім? (Ә.Қастеев)

«Шеберді ісінен танисың» мақалын қалай түсінесің?

(Бұл шебер ісі, яғни қолөнер атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрді білдіреді)

Кесте өнерінде көп қолданылатын ою, ол қандай жіппен тігіледі? (Мүйіз оюы, алтын немесе мулине жібі)

Түкті кілем мен түксіз кілемнің айырмашылығы неде?

(Түксіз кілем (гобилен) негіз жібі мен арқау жібінің айқасуымен тоқылады, композициясы суретке түрлі бояулар арқылы түсіріледі.Түкті кілем оң жағы түк те, теріс жағы түксіз болады.Ол негіз, арқау және түк жіптерінің айқасуымен пайда болады, бір жарым және екі түйінді шалу түрлері қолданылады).

Ою - өрнектің неше түрі бар? (500-ге жуық)

2-кезең: Мақал - мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан,ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра.

Ортада «Қызғалдақ» тобы.

  1. «Еңбек үйренемін десең ерінбе,

Өнер үйренемін десең жерінбе».

  1. «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады»

(Ы.Жақаев)

3. «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады ».

4. «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды».

(Абайдың 33-қара сөзі)

  1. «Қолөнері - кілемде,

Сөз өнері - өлеңде».

  1. «Өнер көзі - халықта».

  2. «Өнегелі елден өнерлі бала туар».

  3. «Кестенің сыры түрінде,

Кілемнің сыры түгінде».

«Бәйшешек» тобы.

  1. «Талаптыға нұр жауар».

  2. «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер».

  3. «Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ».

  1. «Өнер түрі елде мол, өнім түрі жерде мол».

  2. «Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,

Еріншек ұйқыдан қирап тұрады».

  1. «Өнерлі жан елдің көркі, үкілі қамыс көлдің көркі».

  2. «Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ».

  3. «Асыл қайшы пішуге сән, күміс қасық ішуге сән».

3-кезең: Қазақ ауыз әдебиетінің өте бай үлгілерінің бірі - жұмбақтар.Халық жұмбақтары өзінің өміршендігінен бүгінгі өмірімізден кеңінен орын алған.Сондықтан да бүгінгі жарыстың келесі кезеңінде жұмбақтар айтып, оның шешімін табамыз. (Екі топ кезектесіп айтып отырады

«Қызғалдақ» тобы

  1. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)

  1. Басқаға киін дейді,

Ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

  1. Жүрген сайын жүйрігім,

Қысқартады құйрығын. (Ине жіп)

  1. Жалғыз ғана иық,

Тұрады киім киіп. (Киім ілгіш)

  1. Тұмсығы мықты,

Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік)

  1. Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар ол. (Пышақ)

  1. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе. (Ине)

«Бәйшешек» тобы:

  1. Қызып кетсе табаны,

Көзін қысып қалады. (Үтік)

  1. Басы да екеу,

Аяғы да екеу. (Қайшы)

  1. Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

  1. Қоймам көп,

Құлпы жоқ. (Киім қалталары)

  1. Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы)

  1. Тап,тап,тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбей,

Жерге түссе, таптырмас. (Ине)

  1. Кереуеттің тұсына ілінген,

Айнымайды түсі гүлден.

Үйдің ішін жайнатады.

Қадірін тек кісі білген. (Кілем)

  1. Ою - өрнек әлеміне саяхат.

«Қызғалдақ» тобына

  1. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнек

«Бәйшешек» тобына

  1. Геометриялық фигуралар тектес өрнек

  • Ал, енді осы ою - өрнек түрлерінің ішінен біреуіне байланысты ою ойып, сол ою туралы қысқаша мәлімет тарихы беріледі.

Екі топқа тапсырма (түсті қағазбен оюлар ойылып желімдеп, әділ қазыларға беріледі).

«Қызғалдақ» тобының жауабы:

Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің ең байырғы түрлерінің бірі, жан - жануар тектес оюлар тобына жататын қошқар мүйіз (суреті көрсетіледі) мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі өмір салтымен байланысты туған.Бұл - киелі ою.Өйткені қошқар байырғы ұғымда киелі, төрт түлік мал тіршілік тірегі болған.Олардың тұқым жаратушылары ұдайы кие тұтылады.Қошқар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шекшек ата қойдың, түйенің, сиырдың, жылқының, ешкінің пірлері.Қошқар мүйіз оюы байлықтың, молшылықтың символы.Бұл ою шебердің білімдарлығына, ойлылығына, талғамына тікелей байланысты.Сондықтан да қошқар мүйіз оюының негізінде бұйымдардың шетіне, жиегіне салуға ыңғайлы (ойған ою - өрнек көрсетіледі).

«Бәйшешек» тобының жауабы:

Көк әлеміне байланысты өрнек түрлері «жұлдызша», «шеңбер», «шимай», «төртқұлақ», «шұғыла», «айшық», «бітпес», «күн».Бұл ою - өрнектер қазақ халқының байырғы өрнек белгілерінің бірі.Өйткені, ою - өрнек тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан.Мысалы найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, қардың, жаңбырдың не себептен болатынын түсінбеген қазақ халқы күнді, айды, жұлдызды, аспанды керемет күш деп біліп, сол күштерге сыйынған.Компастың,сағаттың қолданылмайтын кезінде қазақтар бағытты, уақытты күннің, айдың, жұлдыздың қозғалысына қарай болжап білген.Ертедегі осындай білімдер, болжаулар қазақтың көк әлемі космогониялық өрнектерде көрініс тапқан. (Ою - өрнекті көрсетеді).

4-кезең Үйді өзің сәндей біл.

Конверт ішінде салынған қағаз қиындыларынан құрақ композициясын құру.

5-кезең Білімді мыңды жығар....

Технология сабағында игерген білімімізді сынап көрелік.Сұрақтарға жауап беру арқылы біз сөзжұмбақты шеше аламыз.

  1. Мәнер,сипат,ерекшелік қалай аталады? (Стиль)

  2. Тігер алдында мата отырмас үшін не істеу керек? (Декатирлеу)

  3. Тігін машинасының атасы. (Хоу)

  4. Тігін бұйымдарын дайындауда немесе қолөнер туындыларында қолданылатын қосымша ұсақ - түйек заттар. (Фурнитура)

  5. Бұйымның нобайын не арқылы түсіреміз? (Лекало)

  6. Заттың кескіні немесе пішім ұғымы. (Силуэт)

  7. Сәнгерлердің балама атауы.(Модельер)

  8. Ілмек бізбен тоқылатын сәндік қолданбалы бұйым. (Гобелен)

  9. Сәндік бұйымдар жасайтын моншақтар (Бисер)

  10. Құрастырылған өрнек қалай аталады? (Аппликация)


С

Т

И

Л

Ь

Д

Е

К

А

Т

И

Р

Л

Е

У

Х

О

Ф

У

Р

Н

И

Т

У

Р

А

Л

Е

К

А

Л

О

С

И

Л

У

Э

Т

М

О

Д

Е

Л

Ь

Е

Р

Г

О

Б

Е

Л

Е

Н

Б

И

С

Е

Р

А

П

П

Л

И

К

А

Ц

И

Я

6-кезең: ән байқауы

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.


Сарыбастау орта мектебі

Мемлекеттік мекемесі





Шебер қыздар - өнерлі

жұлдыздар






Л.Қ.Сарыбаева

Сарыбастау орта мектебі

Мемлекеттік мекемесі












Салт - дәстүрдің тәрбиелік мәні















Л.Қ.Сарыбаева


Тақырыбы: Салт -дәстүрдің тәрбиелік мәні

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзін-өзі бағалау, туған тіліне, дәстүріне, ата-баба тәрбиесіне көңіл бөліп , терең сезімдік санасын ояту.

Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар,Қазақстан картасы, рәміздер.

Жүрілу тәсілі: өнегелік әсерлеу жағдаяттары, әңгіме.

Сабақ барысы:

Кіріспе. Тәрбие сағатының мақстаны түсіндіріп оқушының ой -санасын бағдарлау.

-Отан деген не?

1-оқушы: Отан туған жерім,өзен, тау, орман.Шалқар теңіз, кең далам.Туған тілім, қазақ елім.

-Сен қайда тұрасың?

2- оқушы: Мен Қазақстанда тұрамын.Қазақстан Республикасының азаматымын, қазақ елінің ұланымын.Менің елім көпұлтты мемлекет.

  • «Өзге елге сұлтаны болғанша, өз еліңе ұлтан бол» деген сөзді қалай түсінесің?

3-оқушы: Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

4- оқушы: «Отан - оттан ыстық», «Отанын сатқан - анасын сатқан» деген қасиетті мәтел бар.Отан - аса қасиетті ұғым, Отанына, халқына адал қызмет ету - әрбір саналы азаматтың борышы.

Мұғалім: Ендеше, «Ата - баба дәстүрі - әдептілік негізі» атты бөлімімізге көңіл бөлейік.

Сәлемдесу.

Ер бала өзінен үлкен ер - азаматқа кездескенде немесе даладан үйге кіргенде: «Ассалаумағалейкум!» -деп, оң қолын кеудесіне қойып,сәлемдеседі.Бұл сәлем беріп тұрған жастың алдындағы кісіге деген ізетін, ілтипатын білдіреді.Сәлем алушы: «Уағалайкум ас-салам!» -деп жауап береді.Қыз келіншектерге: «Сәлеметсіз бе?» - деп амандасу керек.

Атадан қалған асыл сөз.

Үш қуат Үш ғайып

  • Ақыл қуат * Ажал

  • Жүрек қуат * Қонақ

  • Тіл қуат * Несібе

Үш арсыз. Үш даусыз

  • Ұйқы * Мінез

  • Тамақ * Кәрілік

  • Күлкі * Ажал

Үш қадірсіз. Үш жамандық

  • Жігіттік * Нақақ қан төгу

  • Денсаулық * Кісі малын нақақ алу

  • Жақсы жар * Ата - бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Үш тоқтам

  • Ақыл арқан * Ой - өріс * Адам - қазық

Жеті жұт Жеті жоқ

  • Құрғақшылық * Жерде өлшеу жоқ

  • Жұт (мал қырылу) * Аспанда тіреуіш жоқ

  • Өрт * Таста тамыр жоқ

  • Оба * Тасбақада талақ жоқ

  • Соғыс * Аллада бауыр жоқ

  • Топан су * Аққуда сүт жоқ

  • Зілзала * Жылқыда өт жоқ

Жеті күн Жеті қазына

  • Бүгін * Ер жігіт

  • Ертең * Сұлу әйел

  • Бүрсүгүні * Ақыл,білім

  • Арғы күн * Жүйрік ат

  • Соңғы күн * Берен мылтық

  • Азына * Жүйрік тазы

Жеті ата

  • Ата * Әке * Бала *Немере * Шөбере * Шөпшік * Немене

Абай атаның өсиеттері

Әр оқушы өзіне ұнаған өсиет сөздерін өлең жолдарынан, қара сөздерінен таңдап алуға ерікті.

  • Пайда ойлама - ар ойла.

  • Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан т.б.

Мұғалім плакаттағы өсиет сөздерді түсіндіреді.

«Халық сөзі - кең сөз,

Үлкен кішіге тең сөз»,

«Ұлдың ұяты - әкеге

Қыздың ұяты - шешеге»

«Жақсы бала - сүйік,

Жаман бала - күйік»

Үлкенді сыйлау - бұл имандық пен адамгершіліктің іргетасы.Қазақ халқының тыныс тіршілігінде ол - ұлттық дәстүрдің басты өлшемі.Сондықтан, отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда осы дәстүрді сақтау, оны қастерлеу әрбір адамның міндетті түрде орындайтын парызы.Бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып, үлгі - өнегелі, тәлім - тәрбиелік мәні бар сөздер. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі,асыл қазынасы - салт-дәстүрді дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.



© 2010-2022