Планирование по технологии Ыдыс-аяқтар. Қағаздан ыдыс-аяқтар жасау

Раздел Технология
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: _______________ Күні: 05.03.2015ж

№249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған

Сабақ жоспары

Сыныбы: 4г

Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ыдыс - аяқтар. Қағаздан ыдыс - аяқ жасау.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға еңбекке баулу сабағында қағаздан ыдыс-аяқ жасаудың жолын үйрету.

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу өнері,математика

Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Қағаздан жасалынған ыдыстың үлгісі,50мл су,2 ас қасық ұн,қағаз немесе газет,кез-келген ыдыс,қайшы.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының

дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Оқушылардан киізден қуыршақ жасау туралы түсінгендерін сұрау,жасаған қуыршақтарын тексеру.

ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық

- Балалар,ыдыстың қандай түрлері бар?

- Оны неден жасайды?

- Қағаздан ыдыс жасауға бола ма?



  • Балалар,ыдыстың металдан,қыштан,шыны,пластмассадан жасалған түрлері бар.Қағаздан ыдыс жасау шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді.

  • Оны жасау үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.

Жұмыстың жасалу реттілігі:

1.Газет парағын қиып аламыз.

2.50мл суға 2 ас қасық ұн салып,араластырып,желім дайындап аламыз.

3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып,ыдысқа газет қиындылары жапсып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.

4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып,ыдысқа айналдыра желімдейміз.

5.Осылайша 3-4 рет қабаттап,ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.

6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз

7.Дайын кесеге ою-өрнек желімдейміз..

Ереже:

Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін есіңе түсір.

Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату


- Сонымен,қағаздан қандай ыдыс жасалады екен?

- Жасағанқағаз ыдысыңа не салуға болады?

- Жасаған ыдысыңды қалай әшекейледің ?

VІ. Үйге тапсырма.

Келесі сабаққа түйме,бау,жіп,ілгек,қайшы ала келіңдер.

ҮІІ.Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.



© 2010-2022