Первая примерка по технологии 10 класс

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Технология Тексерілді: ______________

Сыныбы/мерзімі: 10 «А», «Ә» - 29.01.2014 жыл «____»_____________ 2014 жыл Сабақтың тақырыбы: І өлшемге дайындау, өлшем жасау, ақауларын жөндеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың мақсаты: Берілген нұсқау картасын қолдана отырып, оқушылардың кем дегенде 80 пайызы 15 минут ішінде бұйымды І өлшемге дайындап, ақауларды түзетіп, шақтап көру жұмысын жасауы тиіс.

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушылардың нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Бұйымды І өлшемге дайындау, ақауларды түзету, шақтап көру туралы білу (барлығы)

Түсіну: Бұйымды І өлшемге дайындау арқылы ақауларын түзету керек екендігін түсіну (көпшілігі)

Қолдану: Бұйымды І өлшемге дайындау кезінде көктеу тігісін қолдану.

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Бұйымды І өлшемге дайындау, ақауларды түзету, шақтап көруге байланысты плакат көрсетіледі. Тақырыптың мазмұндық идеясын меңгерту мақсатында диалогтық оқыту арқылы топтағы талқылауды ұйымдастырамын. Оқушыларға пікір айту үшін сұрақтар қоямын, жеке пікірлер айтуға ықпал жасаймын. Оқушыларға жеке жұмыс орындатамын.

Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

Оқушыларды критерий арқылы, формативті бағалау түрлерін, соның ішінде жеке жұмыс орындату барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды қолданамын, оқушының өзін-өзі және өзгені бағалауына мән беремін.

Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Өз деңгейіне қарай орындай алатын сызба үлгілерінің бірнеше түрін көрсетіп, нұсқау карта таратамын.

Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Сарамандық жұмысты орындау барысында нұсқау картасы бойынша пішімді пішуге дайындап, пішу жұмыстарын орындай алатын болса мен күткен нәтижеге жеткенін анықтауға болады.

Уақыт

Мұғалім іс -әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйым

дастыру

3-минут

Кіріспе

Сәлемдесу. Топтық жұмысқа оқушыларды бейімдеу. Топ ережесін еске түсіру.

Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.

Тұсаукесер

5-минут

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Оқушылар жұмыс дәптерлеріне күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып қояды.

Негізгі бөлім

30-минут










Қорытынды

10-минут

Оқушыларға белдемшені І өлшемге дайындау, ақауларды түзету, шақтап көру үлгілері туралы білетінін, білгісі келетінін ББҮ бағанын толтырту.

1-қадам Топқа бүктеме көрсету.

Бұйымды І өлшемге дайындау, ақауларды түзету туралы плакат арқылы көрсетемін.

2-қадам Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс орындау.


3-қадам Жеке жұмысты топтар арасында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

4-қадам Топтық жұмыс

Оқушылар А3 форматтағы қағазды алып, сызылған киім үлгісінің ақауларын табады, жұмыстарын қорғайды.

5-қадам. Топтық жұмысты критерий арқылы бағалау



ББҮ бөлімінің үйрендім бағанының үйрендім бағанын толтырту.

Қорытынды. Топ ішіндегі жүргізілген жұмыстар туралы сыртқы, ішкі бақылаушыларды сөйлету. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.

«Сабақтан алған әсерім» рефлексия ауызша баяндау ұсынылады.

Үйге тапсырма.

  1. Тақырыпты мазмұндау.

  2. Бұйымның ақауларын жөндеу.

Топтық ереже бойынша оқушылар өз жұмыстарын атқарады.



Оқушылар нұсқау картасы бойынша бұйымды І өлшемге дайындау, ақауларды түзету, шақтап көру жұмыстарын жасайды.

Оқушылар өздері жасаған жұмыстарын бағалайды.

1-топ. «Көйлек»

2-топ. «Халат»

3-топ. «Шалбар»

Топтар жұмысын 4 критерий бойынша бағалайды:

  1. Көркемдік жағы

  2. Өлшемге сай болуы

  3. Түстердің үйлесімділігі

  4. Экономикалық тиімділігі

Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тастайды.


Сабақтан алған әсерін ауызша баяндайды

Берілген үй тапсырмаларын мұхият орындап келеді.

Кесте


Бүктеме


Нұсқау карта



А3 форматтағы қағаз, қайшы, маркер

Топ жұмысын қорғау

Сабақты талдау



© 2010-2022