Технология сабағында сын тұрғысынан ойлау баяндама

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология сабағында Сын Тұрғысынан Ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты, Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне,рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау процесі, оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, жаңа технологияларды енгізуге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты туындатады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруге жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер менгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында « Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманға әдістемелер мен технологияларды енгізу» қажеттілігі айтылған.Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіруде жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор демекпін. Сондай технологияның бірі «Сын Тұрғысынан Ойлау».Технология сабағында «Сын Тұрғысынан Ойлау технологиясын пайдаланып, оқушының танымдық белсенділігін жетілдіру» тақырыбында өткізген әдістемелік сабағымды топтық жұмысқа негіздедім. Сабақ барысында оқушыларға мақал-мәтелдің алғашқы жолы жасырылғаннан кейін, кейінгі жолдарын өздері табуы керек болды. Әрі сұрақ- жауап арқылы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамытуға бағытталды. Оқушыларға өздерін еркін сезінуге мүмкіндік туғызу, жұмыс жасау барысында субьектілік қарым-қатынас орнатып, ізденістеріне жол ашу, жөн сілтеу,шығармашылықпен жұмыс жасауына көмек көрсету, сол арқылы бойындағы өзіндік құндылықтарды бағалай білуге үйрету жолға қойылды.
СТО - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай,барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.

Сондай-ақ «Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады.Оқушы білімді өз ізденісімен,өз біліктілігімен алады,іскерлік дағдылары қалыптасып,артады. Менің алға қойған мақсатым-оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу.
Сөзім дәлелді болу үшін биылғы оқу жылында 7 «В» сыныбында «Ұлттық ою-өрнектер» атты тақырыбында СТО технологиясымен өткен ашық сабаққа қысқаша талдау жасап өтейін.
Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға ою-өрнек түрлері салынған қағаз қиықтары таратылып, сол бойынша ою түрлері 4 топқа топтастырылды.
Ою-өрнектер деген сөзді естігенде нені елестетеміз-деген сұраққа үзбей жазу стратегиясын қолданып, оқушы жауаптары тақтаға жазылып, кластер құрылды. Кластерді талдау нәтижесінде ою-өрнектердің қолданылу аумағын білдік. Миға шабуыл ретінде қаламыздың, мектебіміздің қай жерлерінде ою-өрнектерді өрдіндер-деген сұраққа жауап берілді.
Мағынаны ажырату кезенінде әр топ өз тақырыбына сай ұлттық ою-өрнек түрлеріне жасаған зерттеулерін қорғап, ортаға салып, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатқанын дәлелдеді.
Ой толғаныс кезенінде әр оқушы ою-өрнектердің түрлерін қағаз бетіне түсіріп, оны қиып алып, іскерлік дағдыларын қалыптастырды.
СТО технологиясын қолдана отырып өткен бұл сабаққа оқушылар белсенділік таныта, қызығушылықпен, ізденімпаздылықпен қатысты,әр топтың оқушылары өздеріне бөлініп берілген ою-өрнек түрлерін зерттеп, мағынасын ашып, жоғары дәрежеде дәлелдеп бере білді. Тағы айта кететін жайт, сабаққа араласпай, қатыспай қалған оқушы болған жоқ, олардың бірі ауызша жауаптар беріп жатса, келесісі қолөнер шеберліктерін ортаға салды. Сабақтың білім сапасының көрсеткіші - 100% болды.
«Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасының артарына сенімін мол дегім келеді.
СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.


© 2010-2022