Жұлдыз құрағын құру 8-сынып

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жұлдыз құрағын тігу. 8-сынып

Мақсаты:
а) Білімділік: Құрақ түрлерімен таныстырып, құрақ көздерін біріктірудің әдіс - тәсілдерін, оны біріктіріп көріп, жұмыс жасауға және жоспарлауға үйрету.
б) Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс - жүзінде (практикада) шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.
в) Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт - дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Сызу, бейнелеу, геометрия, математика.
Сабақтың көрнекілігі: интертивтік тақта,слайд,Құрақ бұйымдары, үлгілері,технологиялық карта.

Керекті құрал-жабдықтар:Қайшы, сызғыш, қарындаш, түрлі - түсті қағаздар,үлгі, бор, мата түрлері, ине, жіп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.Үй тапсырмасын «Бір аяқ жол» әдісімен сұраймын.Оқушылар түгелдей қамтылады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Сарамандық жұмыс.

Ү Сөзжұмбақ шешу

ҮІ. Қорытындылау
ІІ. Өткен сабақты пысықтау(«Жеті жұмбақ» ойыны)
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Орыс халқында құрақ құрауды не деп атайды?
3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық фигуралар қолданылады?
4.Құрақ құрауда түс үйлесімділігі деген не?
5. Құрақ құрау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
6. Құрақтан қандай бұйымдар жасалған?

7. Құрақ құрау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?
ІІІ Жаңа сабақ.

Қазақ халқының қолөнердің ең көп тараған түрі-құрақ. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі. Құрақтың ерекшелігі сол, геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:бірінші мата қиындыларын кәдеге жарату,екінші үйге сәнді бұйым құрақ көрпеше,құрақ жастық,шәйнек қойғыш, дорба және т.б жасау. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады,егер мата арасында жұқа мата болса онда оған астар салып тігеді. Құрақтың 200 -ден астам түрі бар. Құрақшы шеберлер өзі шығарған құрақ түрлеріне атау беріп отырған . Мысалы: қыз жасауына Ботакөз, ай мен күнге табынып жұлдыз құрағын,жыл мезгіліне байланысты тырнақатар құрағын,ж/е аққу, қайшы,араның ұясы,шатыр,оюлы құрақтар және т.б ойлап тапты. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай өрнекті құрайсың, сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

Екінші, матаның түр - түсінің үйлесімділігін анықтау.
Осыдан кейін геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызба үлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет - ретімен: әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерін орналастырып аламыз, содан соң тігеміз.
Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.
Құрақ құрау көрпешелердің әрбір бөлшегі мына геометриялық фигуралардан тұрды олар: шаршы, үшбұрыш, пирамида, алтыбұрыш,трапеция, параллелограмм, тіктөртбұрыш міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы құрақ құрау технологиясын меңгереміз.
VІ. Сарамандық жұмыс.
«Жұлдыз» құрағын құрастыруға арналған технологиялық карта.

1.Үш түсті матадан қабырғалары тең тіктөртбұрыш екі данадан дайындау

2.Бір тіктөртбұрышты екіге бөліп үшбұрыш сегіз данаға бөліп дайындаймыз

3.Екінші түсті тіктөртбұрышты екіге бөліп төрт үшбұрыш дайындау

4.Үшінші түсті тіктөртбұрышты төртке бөліп төртбұрыш дайындау

Жұлдыз құрағын құру 8-сынып

Сөзжұмбақ шешу: «құрақ»

Сұрақтары:

1. Құрақтан көрпешеден басқа, тағы не тігуге болады?

2. Ай мен күнге табынып құралған құрақтың атауы?

3. Геометриялық фигура түрін атаңыз.

4. Құрақтың түрін атаңыз.

5. Қолөнердің бір түрін атаңыз.

VІІ. Сабақты қорытындылау
1.Құраққа мата қалай таңдалады?

2.Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?

3.Құрақ неден тұрады?

4.Құрақтың қандай түрлерлерін білесің?

Оқушылардың жұмысын бағалау.

Үйге тапсырма беру.Құрақ тігуді жалғастыру.



© 2010-2022