Сызба түсіру. Матаға пішу

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс 5а,б. Күні 01.02.2016 ж./04.02.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сызба түсіру. Матаға пішу.

Сабақтың мақсаты:

  • Алжапқыш және үшкіл орамал дайындау технологиясымен таныстыру;

  • Сызба жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.

Қажетті құрал - жабдықтар: М1:4 масштабындағы сызғыш, қалам, қағаз, қарындаш, өшіргіш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Сарамандық жұмыс.

  1. Б нүкте биіктігінен тіктөртбұрыш жасаңдар.

  2. Б нүктесінен алжапқыш енін белгілеңдер. ББ1 = Мжа:2+6

  3. Б нүктесінен Ұ нүктесіне дейін алжапқыш ұзындығы: КҰ + ТБҰ Ұ нүктесінен көлденең сызық жүргізіңдер.

  4. Б нүктесінен көкірекше ұзындығын қалдырып, көлденең сызық сызыңдар. БК = КҰ.

  5. Б нүктесінен бастап көкөірекше енін белгілеңдер. ББ2 = 7 см.

  6. К нүктесінен бастап бел сызығы бойымен көкірекшенің енін қалдырыңдар. КК2 = 8,5 см.

  7. көкірекшенің бүйір жағын алып, Б2 және К2 нүктелерін қосыңдар.

  8. Б нүктесінен бастап қалтаға орын қалдырыңдар.

КҚ = 7 см

ҚҚ1 = 7 см.

Қ1Қ2 =14 см.

Қ1Қ3 =15 см.

Үшкіл орамал сызбасын салу.

  1. Б биіктікке тік үшбұрыш белгілеңдер.

  2. үшкіл орамалдың ұштарының ұзындығы ББ1 = ББ2.

  3. ББ2Б1 үшбұрышын сызыңдар.

Белбеу сызбасын салу.

  1. ББ1 - белбеу ені - 5 см.

  2. ББ2 - белбеу ұзындығы - Бжа + 30 см.

  3. ББ2Б3Б1 тіктөртбұрышын белгілеп сызып шығыңдар.

Аспабау сызбасын салу.

  1. АА1 - аспабау ені - 5 см.

  2. АА2 - аспабау ұзындығы - 50 см.

  3. АА2А3А1 - тіктөртбұрыш жасап, сызып шығыңдар.

Сызба бойынша лекало дайындап, матаға түсіреміз.

ІІІ. Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, бағалау.

Жұмыс орнын жинастыру.



© 2010-2022