Машинатану элементтері. Ашық сабақ

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: М. Тұрғанова

Күні:

Сыныбы: 8 "В"

Пәні: Технология

Сабақтың тақырыбы: Машинатану элементтері.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік бағыт : Тігін машинасы арқылы орындалатын операциялар

мен айлабұйымдар кешені туралы оқушыларға жан-

жақты түсіндіру;

Дамытушылық мақсат : Оқушының істі орындаудағы шеберлігін арттырып,

айлабұйымды шебер пайдалану мүмкіндігін дамыту;

Тәрбиелік бағыт: Ұқыптылыққа, әдемілікке, шеберлікке үйрете отырып,

оқушыларды жаңа заманға сай тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, Тест, Адасқан әріптер, Блум таксономиясы

Көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, тігін машинасы,

айлабұйымдар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

  2. Сабаққа даярлығын қадағалау.

II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Тамақ әзірлеу технологиясы тарауын пысықтау.

ІІІ. Тест сұрақтары.

1. Жылы жерде сақталған азық-түліктер?

а) тамақ; ә) сальмонеллез;

б) стафилакоктар; в) жеке бастың гигиенасы.

2. Бірінші тағамдар?

а) палау; ә) ет;

б) сорпа; в) гуляш.

3. Қой етінен дайындалатын тағамдар?

а) қазы-қарта; ә) кәуап, қуырдақ;

б) сүт көже; в) барлығы дұрыс.

4. Дайындалу тәсіліне қарай шалаөнімдерді нешеге бөледі?

а) 4; ә) 5; б) 3; в) 2.

5. Шалаөнімдерден дайындалатын тағамдар?

а) бифштекс, рагу, котлет; ә) көже, ет, борщ;

б) салаттар; в) сорпалар.

6. Сорпа тағамының ең негізгі дәм беруші шикізаты?

а) көкөніс; ә) су; б) ет; в) балық.

7. Қамырдан жасалатын өнімдер шикізаты?

а) қант; ә) май; б) ұн; в) сүт.

8. Ұннан жасалатын тағамдарды неше топқа бөлуге болады?

а) 5; ә) 6; б) 4; в) 3.



9. Сусын дайындалатын өнім?

а) жемістер; ә) көкөністер;

б) кеспелер; в) барлығы дұрыс.

10. Тосаптың құрамына қосылатын тәтті өнім?

а) какао; ә) қант;

б) крахмал; в) ұн.

IY. Кіріспе

Кез-келген тұрмыста қолданылатын дүние-мүліктеріміз, бұйымдарымыз, жиһаздарымыз, киім-кешектерімізді тігін машинасының көмегімен тігеміз.

Машинатану элементтері. Ашық сабақМашинатану элементтері. Ашық сабақ

Y. Жаңа сабақ

Тұрмыстық тігін машинасы механикалық және электрлі машина болып бөлінеді. Мұндай машина түрлері тіке тігістен басқа ирек тігістерді де орындайды, сонымен қатар арнайы қондырғыларды қою арқылы әртүрлі операциялар жасайды. Айлабұйымдар кешенімен түймеліктерді торлау, түйме қадау, қиық шеттерін тігу, ызба немесе сыдырманы қосып тігу, бөлшек қиықтарын қиғаш жиектеу сияқты операциялар орындалады.

Тігін машинасы айлабұйымдар кешеніне бауды бүгіп тігетін, қайырып тігетін, бүрме жасайтын, жасырын инешаншымдар жасайтын, түймешіктерді торлайтын табандар жатады.

Машинатану элементтері. Ашық сабақМашинатану элементтері. Ашық сабақ

Техникалық қауіпсіздік ереже

(тігін машинасымен жұмыс кезіндегі ережені қайталау)

Практикалық жұмыс.

Тігін машинасының үстіңгі және астыңғы жіптерін сабақтау;

Үлестірме қағаздар.

YI. Сабақты бекіту

Ой қозғау. Адасқан әріптер

Шанима - Набат -

Метүй уақад - Ние -

Лабұйымай -

YII. Сабақты қорыту

Блум әдісі. Түймедақ гүлінің күлтешелеріне айлабұйым атауларын жазу.

YIII. Үйге тапсырма: Машинатану элементтері.

Тігін машинасына арналған айлабұйымдардың қызметін оқып, оларды ажырата білу.

IX. Бағалау.




© 2010-2022