Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар жасау

Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар жасау Сабақың білімділік мақсаты:  өзге елдер өнері (жапон өнері) – оригами туралы мағлұмат беру, қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену; Дамытушылық мақсаты: шығармашылығын, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту; Тәрбиелік мақсаты:  шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар жасау
Сабақың білімділік мақсаты: өзге елдер өнері (жапон өнері) - оригами туралы мағлұмат беру, қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену;
Дамытушылық мақсаты: шығармашылығын, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, қолөнер туралы мақал - мәтелдер.
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, сызғыш түрлері, қайшы.
Сөздік жұмысы: оригами, киригами,кусудама.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі.
Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Содан кейін бас ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде бір - бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жұмыстың барысы:
Үшбұрыштар жасауға арналған қағаздың дайындалу жолы.
1. А4 пішім ұзындығы - 297 мм, ені - 210 мм қажет.
2. Бір ғана А4 пішімінен ұзындығы 70 мм, ені 30 мм тең болатын 24 қаға қиып дайындап аламыз.
Үшбұрыштардың жасалу жол:
Керегінше, түр, түсіне қарай үшбұрыштар дайындалады.
V.Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушылардың білімін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022