Урок по технологий на темуШекімелеу (чеканка) технологиясы

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:Шекімелеу (чеканка) технологиясы.

Білімділігі: Оқушыларды ағаш өңдейтін құрал-саймандардың түрлерімен ,құрылысымен жұмыс жасау әдісімен таныстыру.

Тәрбиелігі: Кәсіби шығармашылық бағытқа жетелей отырып,еңбекті өз бетінше жасауға, іскерлікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,практикалық іс-әрекетті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекілігі: тірек сызбалар, интерактивті тақта, аралар, плакаттар.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланысы: Сызу, математикалық бейнелеу.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасы:Құжаттық сызба.Үлестірме қаңаз арқылы үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

1)Ағаш өңдейтін құрал-саймандар

2)Ағашты сүргілеу.

IV.Бекіту:1)Тест жұмысы

1.Ағашты кесуге арналған құрал

а) сүргі ,ә)ара ,б)бұрғы

2. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа

қабаты алынып тасталады.Оны не деп атаймыз.

а) қалдық,ә) үгінді ,б) жоңқа

3. Пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келетін құрал

а)шерхебель ,ә) фуганок ,б)сүргі

4. Ағаштардың бетін тегістеуге арналған

а)бұрғы ,ә) шапқы ,б)сүргі

5. Сүргіленген бұйымның сапасын қандай құралмен тексереміз

а)сызғыш, бұрыштама

ә) бұрыш үлгісі, өлшегіш

б) малка, сызғыш

6. Жалпақ ағаш беттерін тазалап, тегістеу үшін қажетті аспап

а)сүргі ,ә) фуганок ,б)шерхебель

7. Сүргілеу кезінде оң аяғыңды сол аяқтан алшақтатып

ұстау үшін неше см болуы керек.

а) 65 -70 см

ә) 50 -60 см

б)75 -80 cм

8. Фуганоктың ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанданеше есе үлкен.

а) 2 ,ә) 3 ,б) 1

9. Араның қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады.

Оларды не деп атайды

а) төсем ,ә) болат ,б) дайындама

10. Араның тістері неше түрлі қызмет атқарады.

а) 1 ,ә) 2 ,б) 3

2)Математикалық ойын.Шеңбер бойындағы санын тергенде шеберханадағы жеті құралдың аты шығады.

I.2,4,2 ара ,II.1,2,5,10,2 балға ,III.7,9,37,3 егеу ,IV.8,2,12,14,16 қайшы

V.17,13,4,9,11 сүргі ,VI.1,6,4,10,16 бұрғы ,VII.14,2,15,8,16 шапқы

4.Дәптермен жұмыс.

1)Сүргілерді пайдалану барысында оны қалай дұрыс ұстау керек?

2)Сүргілерді пайдаланғаннан кейін пышағын қалай қаратып қоямыз?

3)Арамен жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет?

5.Оқушыларға жұмбақ жасыру.(құрал-сайман туралы)

V.Қорытындылау.Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен жұмыс жасау,қалай қолдану керек екенімен таныстық.

VI.Бағалау.

Үйге тапсырма:Құралдармен жұмыс.




© 2010-2022