Сүт және сүт тағамдары ашық сабақ (6-сынып)

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт тағамдары

Сабақтың мақсаттары :

1.Төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері, соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары жөнінде түсінік беру.

2.Сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды (амин қышқыл-н) қамтамасыз ететіндігін білу.

3.Сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену,сиыр малының дастарқан құты екендігін түсіндіре отырып,халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Ата дәстүріне болайықшы біз ие»

Сабақтың түрі: саяхат сабақ,дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі : сабақтың эпиграфы,слайдтар,төрт түлік малдың сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру

2.Үй тапсырмасын тексеру: тағамдарға арналған тест тапсырмасы

3.Жаңа сабақ: Сүт-дәрумендердің көзі.Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,В,С,Д тобындағы дәрумендермен қанағаттанады.Халқымыздың ең қажетті де пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады жылқының қымызы, түйенің шұбаты,қой-ешкі мен сиырдың айран,құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрқайсысының денсаулыққа пайда келтіретін емдік қасиеті болған.

- Ал балалар, енді біз «Жайлауға» саяхат жасайық.

- Жылқы сүтінен не дайындалады,оның адам ағзасына қандай пайдасы бар?

- «Шұбат»деген не, ол қандай жолмен дайындалады?

- Қой мен ешкі сүтінің емдік қасиеттері,жасалатын тағам түрлерін білесің бе?

- Сиыр сүтінен қандай тағам түрлері дайындалады?

- Ірімшік жасаудың қандай түрлерін білесің?

- Сары май ды алу жолдары қандай?

- Қатық қалай жасалады,ал құрт ше?

- Шалап сусынын дайындауды білесің бе?

- Кілегей мен қаймақтың айырмашылығы қандай?

Қаны аз, денсаулығы нашар,өкпесі ауырған адамдарға бие саумалы мен қымызы мың ла бір ем.Қымыздың күздегі тұнбасын сүзіп алып,дәкеге орап қорыттық сақтаған.Көктемге құлын қарақұлақ болғанда желі бау керіп,құлынды ноқталап байлап,бие сүтіне қорыттықты қосып ашытады.әр бие байлаған үй ағайын-туыс,көршілерін алғашқы ашыған қымызға шақырып «қымызмұрындық» мейрамын өткізген. Ата- бабамыз сонымен бірге ұзақ сапарға шыққанда өзімен бірге алып жүру үшін құрғақ сүт дайындай білетіндігін де археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықтаған.

4.Сарамандық жұмыс:

-Ал енді балалар,біз қазір айран ұйыту жолдарын айта отырып,айранды ұйытып көрелік .Оқушыларды 2 топқа бөліп,ыдысқа сүтті жылытып ұйытқы қосып араластырып, жылы орап қоямыз.Айран ұйып жатқан кезде сиыр сүтінен қандай тағам түрлерін дайындауға болатынын сұрау. 1.Біз өткен сабақта түрлі жарма мен макароннан ботқа әзірлеуді өткен едік,енді осы ботқаны сүтпен қалай әзірлеуге болатынын білесіңдер ме?

2.Күріштен ботқа пісірген кезде қантты қай кезде қосады?

3.Сүт көженің пісірілу жолы қандай?

4.Ірімшіктен тұшпара жасауға бола ма?

2 топтың айрандарының дәмін анықтау: не үшін 1-топтың ұйытқан айраны қышқыл болды да,2-топтың ұйытқан айраны тәтті болды.Себебін өздеріне айтқызу.2-топтың ұйытқан айранынан сарысу көрінбейді,себебі сүтті ұйытар кездегі температураға байланысты.Егер сүт қатты ысып кетсе ол ұйытқы қосқан кезде іріп кетеді де,айран қышқыл болып,одан сарысу да көп бөлінеді және сүттің сапасы ұйытқыға да байланысты.

5.Дәптермен жұмыс.

«Қымызмұрындық», «іркіт», «мәйек», «ұйытқы», «қорыттық», «шалап» сөздерін дәптерге жазғызу.

6. Сабақты бекіту: Біз енді мақал-мәтелдер еліне саяхат жасайық. Оқушылар төрт -түлік мал , оның қасиеттері жөнінде қандай мақал- мәтел білетінін сұрау

1. «Мал бақсаң әуелі өрісін тап»

2. «Малдың жайын баққан білер,

Оттың жайын жаққан білер».

3. «Ел көркі - мал, өзен көркі тал».

4.«Жоғалып табылған мал-олжа,

Ауырып жазылган жан олжа ».

5.«Түйе баласы-төре баласы».

6.«Саумал ішсең-қымыз жоқ,

Байтал мінсең - құлын жоқ».

7.«Қойдың сүті -қорғасын».

Ата кәсібімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртып экологиялық жағынан таза , құнарлы тағамдарды жасап үйрене берейік.

7. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау «Қазақтың дастарханы» әнін айтқызу.

8. Үйге тапсырма:

Үйден ірімшіктен тұшпара жасау жолын үйрену

Сөзжұмбақ

қ


а


й

м


а

қ



  1. Құрт жасалатын масса (қатық)

  2. Сүттің ұйытыған түрі (айран)

  3. Бутербродқа пайдаланатын тағам (май)

  4. Езілген құрт (малта)

  5. Түйе сүті (шұбат)

  6. Бие сүті (қымыз)

© 2010-2022