Сүт және сүт өнімдері

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сүт және сүт өнімдері.

Сүт-мал баққан қазақ отбасының негізгі тағамы.Біздің ата-бабаларымыз малдың қадірін білген. Мал қасиетін ерекше бағалаған. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген. Сүт-ең жұғымды тағамдардың бірі. Халық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы. Көптеген ауруларға ем. Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар. Сүттің құрамындаадам организміне қажетті заттар-белок, майлар, көмірсутегі, А, С, Д, В, Е, дәрумендер, су бар. Олардың ішіндегі ең құнды тағамдық заты-белок. Сүттің негізгі белогы-казеин бой өсіретін және денені қорғайтын заттарға бай. Белоктарды организм толық дерлік сіңіреді және олардың құрамында адамның тірлігіне қажетті амин қышқылдары бар. Сүтте холестерин де болады. Сүт майы өзінің тағамдық және биолгиялық қасиеттері жағынан өте құнды болып саналады, адамның организміне оңай,жеңіл сіңеді. Сүттің көмірсутегі сүт қантында болады. Оны лактоза деп атайды. Сүттегі минералды заттар- кальций,фосфор. Сүттің ең бағалысы-жаңа сауылған сүт. Оның бактерияны жоятын, яғни сүтке түскенбактериялардың өсіп, өнеуін тоқтатып, оларды жойып жібереді.

Қышқыл сүт тағамдары.

Олар сүтке қарағанда жақсы және үш есе тез сіңеді. Қышқыл сүт тағамдары (Айран,сүзбе,қатық)Асқазан сөлін шығаруды жақсартады,ішекте газ жиналуын,ішекте жиырылып,созылуын реттейді.

Кілегей-Тұздықтарға,бірінші және екінші,тәтті тағамдарға қосқанда,олардың дәмін келтіріп,сіңімділігін арттырады.Кілегейде белоктар мен сүт майы бар.Сондықтан оны көбіне балаларға береді және диеталық тағамға ұсынылады.

Сары май-сүт майының консентраты.Құрамында 72,5-82,5%сүтмайы,0,6-2,5% белоктар, А,Д,Е дәрумендері бар. А және каротин дәрумендері майға сары түс береді.Сары майдың дәмдік сапасы мен құрылымы жоғары болғандықтан,ол адам организміне жақсы сіңеді.

Ірімшік(сыр)-өте құнарлы азықтардың бірі.Ірімшік бір-бірінен дәмдік ерекшелігі,жұмсақтығы мен сыртқы көрінісі бойынша ажыратылады,ол мәйек ерітпе ірімшік деп бөлінеді.Мәйек ірімшік-қатты,қаттылау,жұмсақ,тұзды,қышқыл ірімшіктер деп бөлінеді.

Қымыз-халқымыздың сүйікті сусындарының бірі.Биенің сүтіненашытылып жасалады,оның құрамында адам организміне қажетті белок,май,А,С дәрумендері мен минерал заттар бар.Қымыздың емдік қасиеті күшті.Ас қорыту жолдарындағы бездердің сөл бөлінуіне көп әсерін тигізеді.Қымызбен көбінесе туберкулез ауруына шалдыққан адамдарды емдейді.Қазақтар қымызды жылқы терісіне істелген Сабада,торсықта,ешкі терісінен тігілген месте ашытады.Сабаға 100 л-ден астам,торсықтарға 10-30 л қымыз сыяды.

Шұбат-түйе сүтінен ашытылады.Шұбаттың құрамындағы май (8-9%),белок (3-5%) кейбір минералды тұздар мен дәрумендер (В,С) айрандағыдан едәуір көп.Түйенің сүті жылқының сүтінен майлы,сондықтан адам бір мезгіл ас орнына түйенің шұбатын ішіп те қанағаттанады.Түйе сүті мен шұбаттың химиялық құрамы сиыр сүті мен қымызға қарағанда асып түседі деген қорытындыға келеді.1965 жылы республикамызда тұңғыш рет шұбатпен емдеу орны ашылды. Ол «Тұщыбек» шипажай еді. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының орталығы-Шетпе елді мекенінен 18 шақырым жерде орналасқан.Бертін келе Бурабай қаласында бие сүтімен емдейтін («Бурабай») шипажай ашылды. Шұбат туберкулез және созылмалы гатрит ауруына ем.

Құрт-қой,сиыр сүтінен ашытылып жасалады.Қойдың сүтінен жасалған құрттың дәмі де,сапасы да өте жақсы болады.

Ақпақ-ірімшіктен арнайы әзірленеді.Оны тек қой сүтінен жасайды.Қойды сауып алған бетте көп уақыт өткізбей тез қайнатып,ірітеді де қазаннан қалақпен сүзіп алып,сарысуын жібермей ыстық кезінде сары май қосып,езеді.Жұмсақ әрі өте жұғымды,жеңсік тағамның бірі.

Малдың төлденгеннен кейінгі алғашқы сүті уыз деп аталады.Уыз өте дәмді әрі қою болады.



© 2010-2022