Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік: Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және

бұрынғы білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу

жолдарын үйрету.

ә)дамытушылық: Оқушылардың териялық білімдерін іс-жүзінде

шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген

қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,

тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек

сүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара

іздене білу.

Пәнаралық байланыс: Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу.

Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз, мата қиықтары, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.

ІІ.Ой қозғау.

Жұмбақ шешеді.Жауабына байланысты мақал-мәтел айтады.

Жұмбақтар.

1. Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

2. Кигізіп ап ұзын жіп көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе. (ине)

Мақал-мәтелдер

1. Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

2. Оқу инемен құдық қазғандай.

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіріп, топтастыру әдісімен басталады.

Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау Аққу көл жағасындағы өсімдік

Құрақтың түрлеріЖұлдызша

Тырнақатар

Ши құрақ Оюлы Сегізжапырақ

Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегіз сай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді:

1.Құрақ құрау (құрақ мозайкасы);
2. Жапсырмалау (аппликация).

Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.

Құрақты қандай мақсатта құраймыз?

-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.

-Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.

Құрақтың мынадай түрлері бар:

-Аққу, сегізжапырақ, шахмат, гүлқұрақ, тырнақатар, оюлы, ши құрақ т.б

Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау

Аққу құрақ Гүл құрақ Тырнақатар Шахмат құрақ Сегізжапырақ

Құрақты қандай бұйымдарда қолданамыз?

1. Майлық. 3. Әмиян. 5. Көрпе. 7. Жастық тыс. 9. Сәндік сөмке.

2. Дастарқан. 4. Қолғап. 6. Қазан ұстағыш. 8.Аяққап.

Құрақты қалай, қай жерде қолдануға болады?.

1. Жапырақ, сегіз жапырақ құрақтар - қонақ бөлмелерде қолданылады.

2. Гүл жапырақтар салынған құрақ-жас жұбайларға дайындалады.

3. Ши құрақтар көбіне төсекте қолданылады.Қыз жасауларында қолданады.

4. Аққу жас жұбайлардың шымылдырығында қыздың төсек жапқышында және шымылдырықтың тұсына ілінетін тұс киіз өңірінде қолданылады.

«Құрақ құрау» өнерінің тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдалануда үнемділігі, адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш, түн ұйқысы келсе жаурамайтын жамылғысы болған.

Қосымша мағлұматтар беріледі.

Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-ХVІ ғасырда дамыған

Құрақ құрау Еуропада «Пэчворк техникасы» деп те аталады.

-Орыс халқында «Лоскутная техника» немесе «Лепочиха».

-Жапон халқында «Сашико» дейді.

Пэчворк-(patchwork» ағылшын тілінен аударғанда, «құрақ құрау, құрастыру»)

қызықты жұмыс, қиял беруші өнер.

Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде.

Құрақ техникасы АҚШ, Германия, Швеция елдерінің мұражайында кездеседі.

Алматыдағы Ә.Қастеев мұражайында құрақпен жасалынған бұйымдар бар.

Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау

Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрауКонспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау

ІV. Сарамандық жұмыс.

Бүгінгі күннің ұраны: «Талаппен бастап,

Талғаммен аяқта!»

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын шеберханадағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп аламыз.

1.Жұмыс барысында құрал-жабдықтарды өз орнында ұста.

2.Инені ине шанышқыға түйре.

3.Қайшыны ашық қалдырма.

4.Жұмыс орнын таза ұста.

Оқушыларға технологиялық картаны тарату жұмысты бастау.

Құрақ құрау кезінде қойылатын талап: мата бөлшектердің симметриялы болуы және матаның негізгі, арқау жіптерін ескеруіміз керек. Матаны үлгі бойынша қию үшін тігіске кететін қосымшаны 0,5-1см артық алып, матаның шығымдылығын ескеру керек және түр үйлесімділігін ұмытпаған жөн.

Көрпені құрау үшін үшбұрышты қиықтардан жасалатын композицияны қарайық.

Құрақ көрпешелер тігудің технологиялық картасына қарап көрпеше тігу.

Конспект урока по технологии на тему Құрақ көрпе құрау


«Тырнақтар» құрағын құрастыруға арналған технологиялық картасы
Құрастыру реті Керекті құрал-жабдықтар

  1. Үлгі бойынша екі түрлі матадан 10*10 және7*7 шаршы қиып ал,

тігіске 0,5-1см қосымша қалдыр. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
2. Шаршыларды диагональ бойынша екі үшбұрышқа бөл. екі түрлі мата, қарындаш, үлгі, қайшы.
3. Үлкен үшбұрышқа екі кіші үшбұрышты қосып көкте. ине, жіп, мата, қайшы, тігін

машина
4. Екі қатардың арасына 3-4см екі түсті жолақ көкте, тік. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
5. Екі жағынан сән үшін екі түсті жолақтан 3-5см жүргіз. ине, жіп, мата, қайшы, тігін машина
6.Құрақ бетіне сәйкес астарлық мата қиып ал, бір жағынан 10*12 см қалдыра отырып, көкте және тік, бұрыштарын қиып аударып үтікте. ине, жіп, мата, қайшы, өтек.

V. Сабақты бекіту .

Қ

ұ

р


а

қ




Қорытынды есебінде барлық құрақ құрау өнері туралы білген білімдерімізді ұштастыру, еске түсіру мақсатында сөзжұмбақ шешейік.

1. Жас жұбайлардың шымылдырығында қолданылатын құрақ түрі қандай ?(Аққу)

2. Аспан денесіне байланысты аталатын құрақ түрін ата ? (Жұлдызша)

3. Еуропа халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Пэчворк)

4. Жапон халқында құрақ құрау қалай аталады ? (Сашико)

5. Гүлдің атына байланысты құрақ атауы ? (Қызғалдақ)

VІ. Оқушыларды бағалау. Белсенді араласып, сұрақтарға жауап берген,

тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

Мақал:
«Көнілсіз жұмыс өнімсіз». Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ.

VІІ. Үйге тапсырма. «Жиек» өрнегін қағазға орындап келу.

3 түрлі-түсті қағаздан 6 үшбұрыш қиып алып,олардың 2 түстес үшбұрышты төртбұрыш етіп құрастыру керек, осылай қағаз түстерін әрі төртбұрыш жасап ауыстырып отырамыз, міне осылай өрнек пайда болды.


© 2010-2022