Көкөністен жасалған салаттар

6-сынып .Сабақтың тақырыбы:  Көкөністен  жасалған салаттарСабақ тақырыбы: Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу,турау, cалат даярлауСабақ мақсаты:   б)  балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;д)  ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;т) ұқыптылыққа баули келе балалардың  шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.Сабақ түрі:  Жаңа сабақ  Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық са...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып .

Сабақтың тақырыбы: Көкөністен жаслған салаттар

Сабақ тақырыбы: Көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу,турау, cалат даярлау

Сабақ мақсаты: б) балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру;

д) ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністердітурау әдістерін үйрету;

т) ұқыптылыққа баули келе балалардың шығармашылық ізденісін шыңдау және тех. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ әдісі: СТО технологиясымен топтық сайыс

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Балалармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа назарын аудару.

Қызығушылығын ояту : Балаларды әңгімеге араластыра отырып, жаңа сабаққа көшу. Балалар, көкөністер жалпы қандай топтарға бөлінеді? Сызбанұсқа бойынша түсінік беру.

Түйнекті - картоп. Тамыр жемісті - сәбіз, қызылша, шалғам, аскөк, желкек, сельдерей . Орамжапырақты - аққаудан, қызылбас, савойлық, кольраби, брюссельдік.

Оқулық бойынша жемісті,жапырақты,пиязды топтарға да тоқталып түсінік беру.сонымен қатар көкөністердің тағамдық құндылығы туралы да мағлұмат беріп, түсінігін кеңейту.Оқулықтағы кесте бойынша көкөніс құрамындағы дәрумендер менминералдық заттар туралы әңгімелеу. Көкөністерге жеке -жеке тоқталу.

Мағынаны тану: Балаларды келесі бөлімге өтуге бағыттау.

- Ал, балалар ,сендер көкөніс турап көрдіңдер ме? Ендеше, тураудың да тәсілдері бар. Турау тағамның әдемілігін арттырып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады. Енді қарапайым турау әдісітеріне тоқталайық. Алдымен көкөністерді өңдеу жолдарын үйреніп алу керек.

Көкөністерді өңдеу жолдары:

1 сапасы мен өлшеміне қарай іріктеу, бұзылғанын алып тастау.

2 микроорганизмдерді жою үшін тазалау,жуу.

3 қабығын аршу,шіріген жерлерін алып тастау.

4 қайталап жуу,тазалау.

5 турау.

Енді көкөністерді турауды көріп ,үйрену қажет.

Тураудың қарапайым түрлері: тілімдеу, дөңгелектеу, кесекшелеу, текшелеу, жолақшалау.

Күрделі түрлері де қолданылады. Олар әсемдеу үшін және асханалар мен мерекелік дастарқандарда кездеседі. Оқулықтағы кестемен таныстыра отырып, турап көрсету.

Сарамандық жұмыс балалар 2 топқа бөлінеді де көкөністерді алғашқы өңдеуден өткізу және турау бойынша өзара сайысқа түседі. Бұл кезде оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесі естеріне салынып, оны орындау қатаң қадағаланады. Туралған өнімнен салат түрлері дайындалады.

Сабақты бекіту. Балалардың жұмыстары салыстырылып, тексеріледі. Топтастыру жұмысы орындалып, білімдері сараланып, бағаланады. Үйден тақырыпты оқып келу және салаттың дайындалуын сызбанұсқамен жазып келу тапсырылады.



© 2010-2022