Ашық сабақ талаппен бастап, талғаммен аяқта

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Талаппен бастап, талғаммен аяқта»


(ашық сабақ 8-сынып)


Сабақтың тақырыбы: «Дайын көйлекті әшекейлеу, сәндеу».

Сабақтың мақсаты: практикалық қабілеттерін арттыра отырып, логикалық, фантазиялық қабілеттерін дамыту, ұлттық ою-өрнек элементтерін тиімді қолдана білу туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

1. Білімділік: көйлектің шығу тарихы туралы, әсемдік, түс үйлесімділігі туралы, «композиция», «колорит», «симметрия» сөздеріне түсінік беру;

2. Дамытушылық: эстетикалық талғаммен ұйымдастырушылық, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, баяндау.

Көрнекіліктер: әшекейленген дайын бұйымдар, тест жұмыстары, «Сөзқұрақ», «филврод», педангогика-психологиялық ойын, әр түрлі сәндегі оюланған көйлектер салынған плакаттар.

Сабақтың эпиграфы: «Талаппен бастап, талғаммен аяқта».

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдеп, музыка.

Қолданылатын әдебиеттер: «Іс тіге біл» кітабы, газеттер материалдары.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшімен жұмыс, оқу-құралдарын тексеру, оқушылардың зейінін аудару (Осы сабақта нені үйренем деп ойлайсыңдар, қандай көңіл күймен сабаққа қатысып отырсыңдар?).

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін бағалау (тест жұмысын өзін-өзі бағалау арқылы тексеріп, бағалардың қорапшасына салу).

1. Дайын бұйымның уақытша иесі

а) адам; б) манекен; в) қуыршақ.

2. Ылғалды-жылу өңдеуде, жуған кезде матаның кішіреюі

а) матаның отыруы; б) матаның сетінеуі; в) матаның жылу өткізгіштігі.

3. машина инесі мен қол инесінің басты міндеті

а) тігіс жүргізу; б) ілмек жүргізу; в) бос тігіс.

4. Матаның сапасы неге байланысты?

а) талшықтардың құрамына;

б) механикаландырылған жабдықтарға;

в) жүннің сортына.

5. Матаның қыртыстануы неге байланысты?

а) талшықтардың созылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты;

б) ауа өткізгіштігіне байланысты;

в) ылғал өткізгіштігіне байланысты.

6. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қасиеті

а) ылғал өткізгіштік; б) шаң өткізгіштік; в) матаның сетінеуі.

7. Машина инесінің үстіңгі жағы қалай аталады?

а) колба; б) үсті; в) стержень.

8. Өте жұқа маталарды қандай тігіспен тігеміз?

а) майда тігіспен; б) қалың тігіспенм; в) ірі тігіспен.

9. Машинада үстіңгі (ине) және астыңғы (шөлмек) жіптердің айқасуынан не пайда болады?

а) тігіс; б) шатасу; в) сөгілу.

10. Адам өлшемін алғанда қай жағынан тұрып алады?

а) оң жағынан; б) сол жағынан; в) алдынан.

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.

Ең бірінші көйлек дегеніміз не, көйлек қайдан пайда болды? Осы біз көйлек туралы не білеміз, соған тоқталайық.

Көйлек Х ғасырда Римде пайда болған. Көйлек сөзі латын тілінен аударғанда, кию дегеннен туындаған. Көйлектің бірнеше түрлері бар: спорттық, классикалық, күнделікті. Оны жібек, барқыт матадан тігеді, түсі әр түрлі болады, қазіргі кезде салқын түсті көйлектер сәнге айналуда.

Жаңа заман талабына сай сәнді көйлектерді ұлттық ою-өрнектермен, яғни ою-өрнек элементтерін аксесуар ретінде пайдаланып, көйлекті әсемдеп киюге болады. Егер ою-өрнекті әсемдеп, үйлесімін тауып, айналасын «зигзаг» тігісімен кестелесек, ешкімде қайталанбайтын, басқа ешкімде жоқ көйлек киюге болады. Қолмен кестелеп тігетін кезде инені шынтаққа дейін сабақтауды ұмытпау керек. Ою-өрнек элементтерін пайдаланған кезде композиция, колорит ережесін, орналасуын, яғни симметриясын сақтау керек.

Енді сабақ барысында кездескен жаңа сөздерге анықтама берейік:

Симметрия - ою-өрнектің бір-біріне тең келуі.

Колорит - түстердің үйлесімі.

Композиция - ою-өрнектің ретімен орналасуы.

Ырғақ - бір оюдың ретімен бірнеше рет қайталануы.

Қол жұмысымен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған қажет, мысалы:

  • инені сабақтағанда ауызға салып отыруға болмайды;

  • жіпті тіспен үзуге, қайшыны қайшыламау;

  • жұмыс орнын міндетті түрде жинап кету.

ІV. Сарамандық жұмыс (баяу музыка ойнап тұрады). Мұғалім түрлі түсті қағазға ою ойып, қай оюдың қай жерде қолданылатыны туралы қысқаша түсінік беріп кетеді.

  • Енді оқушылар үйден тігіп келген (макет) көйлектерін өз қиялдарымен ою-өрнекпен әшекейлейді.

V. Сергіту сәті.

1. Сабақтың эпиграфы жасырылған ойындағы сұрақтарға жауап беру.

2. Әріптерден еңбекке байланысты «сөзқұрақ» құрастыру (қайшы, мата, бисер, біз, үтік, ине, оймақ, жіп).

Ашық сабақ талаппен бастап, талғаммен аяқта

VІ. Тест жұмысынан алған бағалары бойынша, ойындағы сұрақтарға берген жауаптары бойынша, сарамандық жұмысы бойынша оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: сырт киімін және сәнді киімдердің ілгектерін, түйме түрлерінен коллекция, буклет жасау.





© 2010-2022