Қағаздан гүл жасау (сабақ жоспары)

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қағаздан гүл жасау»

Пән мұғалімі: БҚО, Орал қаласы, №47 ЖОББМ-нің технология пәнінің мұғалімі

Габбасова Гүлжан Темирбулатовн

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты: Ұқыптылыққа, өз өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау әдісінің үш кезеңін қолдану, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой-толғаныс.

Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер, мақал-мәтелдер, үлгі, 20 дана мәтін үлгісі.

Керекті құралдар: Түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш т.б.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, сурет.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақ: «Қағаздан гүл жасау»

  1. Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, қазір біз түрлі-түсті қағаздан гүл жасаймыз. Әрқайсымыз гүлдер туралы не білеміз, гүл сөзін естігенде ойымызға не келеді, соны айтайық. (Қуаныш көтеріңкі көңіл күй, туған күн, аналар мерекесі, сұлулық, қызыл-жасыл түстер, той-мерекелер)

Жұппен жұмыс.

  1. Қандай гүлдердің атын білесіңдер?

  2. Гүлдердің өсетін орындарын айт.

  3. Гүлдер қалай көбейеді?

  4. Гүлдер немен қоректенеді? Т.б. сұрақтар төңірегінде көршіңнің не білетінін сұрап ой бөлісіңдер.

Тақтаға гүл жайында не білетінімізді жайында не білетінімізді жазайық. (Оқушылар өз ойларын айтады). Ойымызды тізбектеп жазып шықтық.

ІІ. Мағынаны тану (түсіне білу)

Мәтін оқушыларға таратылып беріледі.

Лалагүлдер гүлшоғы

Жабайы түрде тек Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан мен Қырғызстанмен шектесетін жерлерінде өссе де, әлемге таныс. Бұл гүл сәуірдің басынан маусымның басына дейін гүлдейді. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген, сөйте тұра әлі де базарларда және темір жол станцияларында жиі гүл шоқтары сатылады. Бұл гүлді жинауға, пиязшықтарын қазуға тыйым салынған. Ол қолда жақсы өседі. Пиязшығының құрамында қант бар, бұрын тағамға пайдаланған. Бұны халық медицинасында бас және өкпе ауруларына қарсы ем ретінде пайдаланған.

Бұл кезеңге INSERT түртіп алу жүйесін қолдану тиімдірек. Оқушыларға қолдарына қарындаш ұстап отырып, белгі соғуларын ескертемін.Қағаздан гүл жасау (сабақ жоспары)

V - «білемін», - «білмеймін», + «жаңа білім мен таң қалдырды».

Топпен жұмыс. (топқа тапсырмалар)

І топ. «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі» - деген мақалдан не аңғардыңдар?

ІІ топ. Мына гүлге сипаттама жаса.

ІІІ топ. Үлкендерге қызды неліктен «Гүлім» дейтінін түсініп көріндер.

ІV топ. Жұмбақ.

Ақ күлгін шөп тұр өсіп,

Қарсы ап дәйім таң нұрын. Шешуі: тау гүлі.

  • Балалар, енді біз оқулықта берілген гүл жасаудың ретін басшылыққа ала отырып, гүл құрылысын қарастырамыз. Гүл құрылысын жүйелі жасап шығу үшін жасалу технологиясын 4 кезеңге бөліп, 4 түрлі жұмыс жасаймыз.

  1. Гүл басы (қызыл қағаздан)

  2. Гүл ұрығы (пиязшылық)

  3. Сабағы (жасыл қағаздан)

  4. Жапырағы (жасыл қағаздан)

Жасалған жұмыс топтастырылып, сабаққа жапырағы, гүл, гүл ұрығы желіммен жапсырылады. Әр оқушының ұтымды шығармашылығына, жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.

Ой-толғаныс бағдарламасының үшінші кезеңі «Венн» диаграммасы.

Сабақты қорыту, пысықтау.

Сауалнама.

  1. Сабақ ұнадыма?

  2. Бүгін біз не жасадық?

  3. Қандай сұрақтарың бар?

  4. Сабаққа қатысты пікірлерің.

Ауа, су, күн керек, көбейеді. Хош иісі болады, әдемі гүл ашады, көңіл күйді көтереді.

Бөлмедегі гүл

Бір қалыпты температурадағы сумен суарады, түбін үшкір ағашпен қопсытады. Гүлдің жапырағыңдағы шаңды сүртеді.

Гүлзардағы гүл

Көп суаруға болады, түбін кетпенмен қопсытады, ұрығын, пиязшығын жинайды, сыйлыққа бруге болады.

© 2010-2022