Камзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау технология сабағы

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға бөлшектерді қатырмалау және желімдік төсем материалдары - флизелин, паутинка, дублерин маталарымен таныстыру және оның түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау арқылы шеберліктерін, іскерліктерін, дағдыларын, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемілікке, бұйымның тиімділігін түсіне білуге, үнемділікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, тест сұрақтары.

Сабақтың көрнекілігі: .Мата түрлері, флизилин, паутинка


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру

Матаға түсірілген сызбаны тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру.

Тігін тігуде қатырмалау термині киімнің жекелеген бөлшектерін аралықтөсеммен жабыстырып, желімдеп бекіту мағынасын білдіреді.

Пішім бөлшектеріне аралықтөсем материалдары үтік көмегімен жапсырады.

Желімдік төсем материалы - флизелинді тігіске 5 мм жеткізбей пішеді.

Флизелин тігінен созылмағанымен көлденеңінен аздап созылады. Флизелиннен бөлшектерді пішу кезінде пішім бөлшектерінің бойлық жіп бағытын ескерген жөн.

Пішім бөлшектері шетінен аралықтөсем шықпауы керек.

Өйткені, желімдеу ұнтағы үтіктеу тақтасына және үтікке жабысуы мүмкін.

Қамзолды желімді төсем материалдарымен қатырмалау.

1)Қамзол бөлшектерін және желімді төсем материалдарын пішіп алу.

2)Пішім бөлшектерін желімді төсеммен қатырмалау (өңірасты, пішімдік әдіп).

Иық және бүйір тігістерін тігу. Тігісті матаның қалың жұқалығына қарай артқа жатқызып немесе екі айырып үтіктеу.



Паутинка

Камзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау технология сабағы

Флизелин

Камзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау технология сабағы

3)Сабағымызды бекіте келе бүгін біз сіздермен қатырмалау және төсем материалдары -флизелин, паутинка, дублерин маталарымен таныстық.

4)Сабағымызды қорытындылай келе тест сұрақтарына жауап беру.

1). Пішім бөлшектерін аралық төсем материалдарын ненің көмегімен жапсырады?

А) Ине, жіп. В) Үтік, ине Д) Мата

Б) Үтік Г) Қайшы

2). Флизелинді тігіске неше мм жеткізбей пішеді?

А) 10мм В) 3мм Д) 5мм

Б) 20мм Г) 14-16мм

3). Флизелиннен бөлшектерді пішу кезінде пішім бөлшектерінің

бағытын ескерген жөн?

А). Бойлық жіп В) Үтіктеу Д) Мата

Б ) Үтік Г) Қайшы

4). Қамзолда түйме орынына нені қолданады?

А).Түйреуіш В) Қапсырма Д) Замок

Б) Қаусырма Г) Түйме

5)Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, (өткен тақырыптар бойынша)

6) Оқушыларды бағалау



© 2010-2022