Енбекке баулу. Саукеле тигу жолдары

Раздел Технология
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: «Сәукеле тігу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрену.

Дамытушылық: Оқушының ой - қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Технология : СТО

Әдіс-тәсілдері: оқу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру

Формасы: топтық

Көрнекілігі: сәукеле, қажетті құралдар, ұлттық киімдердің суреті, сәукеле үлгісі, сызбалар

Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ана тілі, дүниетану, музыка, математика

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу

Б) Видеосюжет

  • Кіріспе сөз: Бүгін сіздерге кіріктірілген сабақ түрін ұсынбақшымыз. Ол үшін сіздердің көмектеріңіз қажет, яғни бірігіп отырып осы сабақты өтіп шығамыз. Алдымен топқа бөлініп алайық. (осы тұста ер адам мен әйел адамның бас киімдерінің нұсқасы бойынша топтасады, суреттегі киімнің атауын жазады, алдындағы қағазға суреттерді жапсырып,тақтаға іледі. Топтар атын жазады.)

  • Психологиялық дайындық 1 ән шумақ қайырмасымен орындалады, осы кезде би қимылдарын жасаймыз. Барлығымыз бірге билейміз.

  • Қызығушылықты ояту (2-2 ден ұяшықты таңдап, сол ұяшықтағы сұраққа жауап береді) А) ұяшықтағы сұраққа жауап беру

Б) сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

  • Мағынаны тану

1-қадам А) Алтын ереже (екі топ 3- ережеден жазып сабақтың алтын ережесін шығарады) Б) Қауіпсіздік ережесі (экраннан шығарып қоямыз), алдарына тастаймыз, бір-бір адамнан оқытамыз: ине, қайшы, желім, сымның қауіпсіздік ережесі

2-қадам

А) Аңызды жалғастыр...... (Сәукеленің шығу тарихы болжаммен топтар айтады, дұрыс нұсқасы да видеосюжеттен беріледі)

Б) Қажетті құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, сым, қатты қағаз,үкі,желім, бор.

В) Сәукеле жасау жұмысының реттілігі:

1) Сәукеленің конус тәрізді екенін ескеріп, оның биіктігі мен диаметрін анықтаймыз. Биіктігін 20 см, диаметрін 46 см деп алып, қатты қағаз бетіне сәукеле пішінін түсіреміз. Қатты қағазды түсірілген сызық бойынша қиып, желімдейміз. Қатты қағаздан жасап алған конусымыз сәукеленің негізі болады.

2) Қиып алынған сәукеленің қалып үлгісін қызыл түсті мата бетіне орналастырамыз. Жиегіне тігіске 1 см-дей қалдырып, бормен сызамыз. Сызық бойынша матаны қиып аламыз.

3) Қиып алынған матаның теріс бетінен көктеп тігеміз. Сонан кейін оң бетіне аударып, сәукеленің қатты қағаздан жасалған негізіне кигіземіз.

4) Сәукеленің төменгі бөлігінің жиегіне биіктігі 3 см мақта желімдейміз.

5) Сәукелеге ою жапыстырып, үкіні төбесіне қадаймыз.


  • 1 - қадам

Құрметті ұстаздар сіздер «Жеті лақ» ертегісін білесіздер. «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкері «Қасқыр» мырзаның тапсырмасын орындаймыз, сол арқылы 6 лақты қасқырдан құтқара аламыз. А) 1-топ: Ақ қағазға сәукеленің суретін саламыз 2-топ: Түрлі-түсті қағаздан сәукеленің жапсырма жұмысын дайындаймыз

Б) Ақ қағаздан конус шығарамыз (Барлығымыз бірігіп 1 лақты қасқырдан құтқарып қалдық)


  • 2 - қадам

А) Ноутбукке сәукеленің эскизін жасау Б) Матаны қию (Барлығымыз бірігіп 2- лақты қасқырдан құтқарып қалдық)

  • 3 - қадам

А) 1-топ: Мата түрлерін атайды

2-топ: Сәукеленің әшекейіне қолданатын асыл тастарды атайды

Б)Матаны тігу жұмысы

(Барлығымыз бірігіп 3-лақты қасқырдан құтқарып қалдық)

  • 4 - қадам

А) «Құпия хаттағы» мақалды кілттің көмегімен табу

Б) Мақта желімдеу

(Барлығымыз бірігіп 4-лақты қасқырдан құтқарып қалдық)



  • 5 - қадам

А) Сергіту сәті (Алдаркөсе )

Б) Үкі жасау жолы (ауызша)

(Барлығымыз бірігіп 5-лақты қасқырдан құтқарып қалдық)



  • 6-қадам

А) Оюды ойып жапыстыру қажет

(Барлығымыз бірігіп 6-лақты қасқырдан құтқарып қалдық)



  • Ой толғаныс

Қорытынды Ешкінің «Алғыс хат» беруі

(Сандықшадағы айна) Айна ойыны



  • Бағалау: Өздерін бағалау

Қызыл - төмен қатыстым

Сары - орташа қатыстым

Жасыл - белсенді қатыстым



  • Жұмыстың бағалануы

Рефлексия. Екі жәшікке конфет салады.





© 2010-2022