Урок по технологии на тему Металды көркемдеп өңдеу

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Металды көркемдеп өңдеу

/шекімелеу технологиясы/

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.

Оқушыларды металды көркемдеп өңдеу, оның ішінде ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу/чеканка/ әдісі туралы баяндап, шекімелеуге арналған құрал-саймандар мен таныстыру. Сарамандық жұмыс арқылы білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық.

Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырып, материалды дұрыс, тиімді пайдалана білуге дағдыландыру. Шапшаңдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік.

Оқушыларды дәлшілдік пен ептілікке, ұлт өнерін түсініп бағалай білуге, әсемдік пен жинақылыққа, өзіне және қоғамға пайдалы іс жасауға үйретіп, тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Қаз.тарихы, физика, химия, бейнелеу өнері, сызу.

Көрнекі құралдар: «Технология» оқулығы , қауіпсіздік ережелері, сурет-плакаттар, барыс бейнесінің үлгі трафареттері, дайын бұйымдар.

Құрал-жабдықтар: қаңылтыр металл, ағаш балға, ағаш тақтай, өлшеуіш құралдар, шеку құрал-саймандары.

Сабақ түрі:аралас, сарамандық.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, баяндау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

Б)Сабаққа даярлықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

А)Ағаштан ойып жасалатын бұйымдарды атап беріңдер

Б)Ағашты ойып ,шауып жасау технологиясы қандай өнер түрімен байланысты ?

В)Қауіпсіздік ережелерін сұрау

3.Жаңа сабақ

А)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау.

Б)Шекімелеу өнері туралы тарихи деректер арқылы баяндау.

В)Шекімелеу түрлері ,технологиясы туралы баяндау.

Г)Шекімелеуге арналған құрал-саймандар туралы баяндау.

Д)Конспектілеу.

4.Сарамандық жұмыс

Қанатты барыс бейнесін шеку.

1.Кіріспе нұсқау:

А)жұмысқа даярлықтарын тексеру.

Б)сыныпты топтарға бөлу,топ жетекшісін сайлау.

В)Кезекшілерге қажетті құрал-саймандарды,материалды тараттыру.

Г)жұмыс барысымен таныстыру ,түсіндіру.

Д)Техн.қауіпсіздік ережелерін ескерту.

2.Өздік жұмыс.

3.Жұмыс кезіндегі аралым:

А)жұмыстың жоспар бойынша атқарылуын қарау.

Б)материал мен құрал-сайманның дұрыс жұмсалуын қадағалау.

В)қателері болса түсіндіру,түзеттіру және қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалау.

5.Қорытынды.

1.Топтардың жұмысын қабылдау .

2.әр топ жұмысын қорғайды.

3.Сұрақтар қою.

4.Белсенді топ пен оқушыларды атап өту,үздік бұйымды демонстрациялау.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма:конспектіні оқып,білу.Қауіпсіздік ережелерін оқып,есте сақтау.

7.Жұмыс орындарын жинау.

© 2010-2022